Қазақстандық студенттердің кейбірі жаз айлары мен сабақтан тыс уақытта я даяшы, я құрылысшы болып жұмыс істейді. Шенеуніктер оларды мемлекеттік бағдарлама бойынша ағаш егуге, ал полиция ерікті жәрдемші болуға шақырады.
Алматы қаласындағы ірі мейрамханалардың бірінде даяшы болып қызмет істеп жүрген ҚазҰУ студенті Лаура әке-шешесіне салмақ түсірмей, қолғабыс жасағысы келеді. Өзін асырау үшін қиын да болсын, осы жұмысқа төзіп жүргенін айтады.
ДАЯШЫ СТУДЕНТ
- Жұмыс уақыты таңғы 8.00-ден түнгі 3.00 сағат шамасында аяқталады. Арасында тамақтанып та үлгермейсің. 20 сағаттан астам тік тұрып қызмет жасайтын кезіміз жиі болады. Әр түрлі мінезі бар клиенттердің қас-қабағына қарап, бастығыңның айтқанына көніп, айдағанына жүресің. Басқа амалың жоқ. Мақсатың ақша табу болғандықтан да, не нәрсеге төзімділікпен қарап, көнбіс болып кетесің, - дейді студент қыз үстел үстін сүртіп жатып.
Лаура өзіне бүгін жүктелген шаруасының көптігін айтып, жүре жауап берді.
Даяшы ретінде табатын күндік табысы – екі мың теңге. Тек жататын жері мен тамағы тегін болғандықтан «тәрбиелік, психологиялық жағынан» қысым көретінін айтады.
- Даяшы деген аты болмаса, жаз бойы осы мейрамханада жұмыс істейтіндіктен мейрамхана тіршілігімен біте қайнасып кетесің. Тау-төбе ыдыс-аяқтарды құрғатып сүртесің, мейрамхана залын әсемдеп, әрлеу, еден жуу, ыстық күнде немесе қолайсыз ауа-райы болса да, еш қарамастан қонақтарды күтіп алу, оларға той аяқталғанша тікеңнен тік тұрып қызмет ету сияқты жұмыстар жүйкеңді қажытып жібереді. Ұжым ортасына тез бейімделіп кете қоюың қиын, - дейді студент Азаттық тілшісіне.
Лаураның айтуынша, үстеме пайда көру үшін аздап әртүрлі қулыққа жүгінуге тура келеді екен. Ал даяшылардың көпшілігі я студенттер, я Қарақалпақстан мен Өзбекстаннан келетін қазақтар болып келеді.
ҚҰС ФЕРМАСЫНДАҒЫ СТУДЕНТ
Ал Семей мемлекеттік педогогикалық университетінің 3-курс студенті Мейіржан Арапов үкіметтің беретін стипендиясы «бір жыртығын жапса, екіншісін жамауға жетпейтінін» айтады.
«Дипломсыз студентке даяшы, болмаса құрылысшыдан басқа не жұмыс болушы еді?!» деп бастады әңгімесін. Болашақ мамандығы «география пәні мұғалімі» болатын Мейіржан қазір Семей қаласында орналасқан «ПтицФабрикада» құрылысшы. Күндік табысы 3 мың теңге шамасында.
- Жұмысқа бара салып, екі қолға бір күрек алып жер қазу, лай жасау, фундамент құю сияқты қара жұмыстарды атқара береміз. Жұмыс уақыты таңғы 8.00 бен кешкі 17.00 сағат шамасы аралығында. Ең қиыны – күннің ыстығында таңнан кешке дейін қара жұмыс істеу. Кей кездері жұмыс уақытын созып, жалақы төлемеген кездері болған, - дейді ол Азаттық тілшісіне.
«АҒАШ ЕККІШ» СТУДЕНТТЕР
Ал білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Ермек Жантохов студенттерге жазғы уақытта қысқа мерзімде жұмыс істеуге арналған «Жасыл ел» бағдарламасын ұсынады. Оның айтуынша, «Қазақстан президентінің бастамасымен қолға алынған бұл бағдарламаның басты мақсаты – жастарды еңбекке баулу мен жұмылдыру».
- Республикада «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары жыл сайын республикалық бюджет есебінен фирмалық эпикировкамен қамтамасыз етіледі (күртеше, шалбар, футболка, панама, красовкалар). 2012 жылы 12 мыңға жуық сарбаздарды жұмыспен қамту жоспарлануда. 2005 жылдан бері қарай 130 мыңнан аса студенттер мен жұмыссыз сарбаздар қатысты. 68 миллион көшет отырғызылды, - деді Ермек Жантохов Азаттық тілшісіне.
Алматы қалалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының директоры Сәулет Әлімбеттің айтуынша, биыл Алматы қаласы бойынша 300-ге тарта студент осы бағдарлама аясында жұмыспен қамтылған. Жұмыс уақыты – күніне 8 сағат, айлық жалақы көлемі – 30-40 мың теңге шамасында.
- Республика бойынша тазалау жұмыстарын жүргізіп, 3 миллионнан астам ағаш отырғызылды. «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасы аясында үлкен жұмыстар атқарған болатынбыз. Сол бағдарламаның аясында 1500 адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда «Таза қала» атты эко-мәдени шараларымыз бар, - деді Азаттық тілшісіне ол.
Алайда Алматы қаласында ауыл болмағандықтан «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты бағдарлама бойынша алматылық студенттер Горький атындағы орталық саябақ, Қазақстан президенті атындағы саябақ, ботаникалық саябақтарды тазалаған. «Дәл қазір нақты қандай аумақта нендей жұмыс жасалып жатыр?» деген сұраққа Сәулет Әлімбет: «Үлкен істер атқарып жатқанын» тағы бір қайталап айтты.
ПОЛИЦИЯНЫҢ СТУДЕНТ КӨМЕКШІЛЕРІ
- Біздің мақсатымыз тек қана жұмыспен қамтамасыз ету ғана емес, болашақ саясаткерлерді де дайындау. Көптеген саясатқа дайындайтын мектептер ашылып жатыр. Ол студенттер мен жастар депутаттарға көмекші болып немесе қалалық әкімдіктен тәжірибеден өтеді. Ерікті жастарды жібереміз. Сарбаз болып, жетістікке жеткен жастардан Алматы қалалық ішкі істер саясаты басқармасының директоры Бахтияр Мәкенұлын атауға болады, - деді Сәулет Әлімбет.
Сәулет Әлімбет, бұл бағдарламаны жыл сайын наурыз-мамыр айларында Алматыдағы университеттерде насихаттап, түсіндіретінін айтқан еді.
Бірақ бұл пікірмен Қаныш Сәтпаев атындағы ұлттық техникалық университет түлегі Бахтыгүл Тұрғынбаева келіспейтіндігін айтады. Себебі өзі оқыған 4 жыл ішінде ешкім келіп бұл бағдарламаммен таныстырмағанын, атын естігені болмаса, нақты мәлімет білмейтінін алға тартты. Бұл пікірді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Серікбол Селеубай да қоштады:
- Осыған дейін маған «Жасыл ел» бағдарламасы туралы ешкім айтпаған. Тек теледидардан жаңалықтардан естігенмін. Қазір университетімде студент құрылыс жасағында жұмыс атқарып жүрмін. Себебі күзде жатақхана алуға көмегі тиеді, - деді ол.
Әсет Бектұр есімді студенттің пікірінше, «Жасыл ел» бағдарламасы бүгінгі биліктің анық көрінісі.
- Билік халықпен, оның ішінде жастармен қалай жұмыс істеу керектігін білмейді. Жазғы мерзімде деп жастарға назар аударған сияқты болып қояды. Бұл жарнама ма, әлде мазақ па?! Билікте, Алматы қаласы әкімдігінде қандай адамдар отырғандығын білеміз. Бұл бағдарлама – солардың туындысы. Осындай бағдарламалар СССР-ді еске салады. Олар жаңаша ойлай алмайды себебі, - дейді Әсет Бектұр.
Әсет сияқты «Жасыл ел» бағдарламасына көңілі толмайтын жастар үшін аз болса да, ақша табудың және бір жолы бар.
Алматы қалалық ішкі істер басқармасы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау департаментінің бастығының орынбасары Серік Қазыбаевтың мәлімдеуінше, Алматы қаласындағы 18 университетте арнайы студенттік жасақтар құрылған. Жасақ университет территориясындағы тыныштықты қадағалап, студенттердің қауіпсіздігін қадағалайды.
- Жасақ құрамындағыларға жетондар мен жеке куәлік береміз. Әкімшілік бізге осыған дейін 2 миллион бөлген болса, биыл мәслихат арқылы 12 миллион теңге бөлді. Белсенді жұмыс жасағандарға 10 айлық есептік көрсеткіштен артық бере алмаймыз. Ол 16 мың теңгедей болады. Сонымен қатар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар да үлестіреміз. Қазір жаз мезгілінде студенттер тарап кеткендіктен, бұл жұмыс уақытша тоқтатылды, - деді Серік Қазыбаев.

Ең қиыны – күннің ыстығында таңнан кешке дейін қара жұмыс істеу. Кей кездері жұмыс уақытын созып, жалақы төлемеген кездері болған.