Күлтегін ескерткіші бейнеленген теңгені Ebay.com аукционына АҚШ-та тұратын Yuri111 есімді қолданушы қойған. Сайттың дерегінше, бұл теңгенің жетеуі сатылған, енді оны қалған.
Көне түркі жазба ескерткіші құрметіне жасалған естелік банкнотты ұлттық банк 2013 жылы желтоқсанда шығарған. Теңгенің алдыңғы бетінде Күлтегін ескерткіші, Астанадағы «Қазақ елі» монументі мен ұшып бара жатқан көгершіндердің суреті бар. Ақшаның артқы жағында көне түркі жауынгерлерінің жартастағы суреттері, көне түркі жазба ескерткіштері, бұғы бейнеленген.
Шетелдік коллекционерлер қазақстандық валютадағы ұлттық өрнектер мен аң-құстың суретіне қызығады. Бірақ кейбір қазақстандықтар теңгенің дизайны жиі өзгергенін сөгеді. Facebook әлеуметтік желісіндегі «Қазақ ордасы» қауымдастығы ұлттық валюта бетін «зоопаркке айналдыруды доғаруды», Абылай хан, Сүйінбай, Шоқан Уәлиханов сияқты тарихи тұлғалардың бейнесін қайта салуды талап етті. Бұл жазбаны мыңға тарта қолданушы ұнатқан.
Танымал валютаның бірі – АҚШ долларында көбінесе тарихи тұлғалар бейнеленген, бірақ америкалық коллекционерлердің кейбірі қазақстандық теңгенің дизайын ұнатады.
«Америка доллары ешқашан қазақстандық валютаның патриоттық фантасмагориясымен теңесе алмайды. Қазақстанның валютасы тартымды, күрделі көрінеді, жыл сайын бейнесі өзгеріп тұрады, соның арқасында талай жүлдені ұтып алады. Ол банкноттағы Мерил Стрип сияқты» деп жазады АҚШ-тың Atlantic сайты.
Халықаралық банкнот қауымдастығы 2012 жылы Қазақстанның 5 мың теңгелік ақшасын ең сенімді валюта ретінде атаған. 2013 жылы бұл атаққа Аргентинаның песосы ие болды.
Қазақстан ұлттық банкі 2013 жылы теңгенің қолданысқа енгеніне 20 жыл толуына орай 20 мыңдық валюта шыққанын хабарлады. Бірақ кейін ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов «теңгенің девальвацияға ұшырау ықтималдығы көп болғандықтан» 20 мыңдық валюта шықпайтынын мәлімдеді.
Ebay.com қазақстандық монетаны да аукционға шығарған. Ұлттық өрнектермен әсемделген 50 теңгелік валютаның құны – 2 доллар 38 цент, яғни 366 теңге.