Қазақстан астанасы туралы «Астана – жұмақ бағы» (орысша атауы – «Райский сад у реки – Астана») атты мадақ ән шықты. Өлең авторы – жергілікті жас ақын Олег Топоровский.
Астана туралы әннің өлеңін жазған Олег Топоровский Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Техникалық және заң саласы бойынша оқыған оның әдеби білімі жоқ. Ұзақ жылдар темір жол саласында жұмыс істеген Олег Топоровский қазір – кәсіпкер. 36 жастағы Олег өлең жазуды 1999 жылы бастапты. Оны «сүйікті ісім» дейді.
«АСТАНАНЫ ӘНМЕН ТҰРҒЫЗАМЫЗ!»
«Астана! В этом слове любовь и душа,
Астана! В этом звуке стремленье и свет,
Место встречи и дружбы рассвет,
Город мира и лучшего нет!»
(Мағынасы: «Астана десем ойыма, махаббат пен нұр түсер! Айналған достық тойына, баға жетпес дүр түсер!»)
Бұл шумақтың авторы өзіне «жаңғырған қала қалай шабыт беретінін» әңгімеледі.
– Қаланың көркі мені астанамыз жайлы көбірек білуге итермелеп, қаланың тарихымен, оның көрнекті орындарымен, ол жайында жазылған әдеби шығармалармен таныса бастадым. Бірде Иосиф Кобзонның орындауында «Астана қаласының әнұраны» деген әнді тыңдадым. Ән ұнап, жас астана жайлы өзімнің жеке пікірімді сипаттайтын ән жазуыма түрткі болды. «Астана – жұмақ бағы» өлеңі осылай туды, – деді Олег Топоровский Азаттық тілшісіне берген сұхбатында.
Әнді жазуға Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының артистері Адель Бөлекбаева (әнші), Хайдар Мұстапин (музыка), Салтанат Ноғайбекова (аранжировка) да қатысты.
Автор «бұл әнім туралы жағымсыз пікірді әлі кездестірген жоқпын» дейді. Оның себебін әннің көпшілікке әлі таныла қоймағанынан көреді.
– Бұл әнді қабілеті енді танылып келе жатқан жастар әзірледі, сондықтан кемшін тұстары да бар шығар. Жалпы, ән жұртқа ұнап жатыр. Алғаш тыңдағандары әнді ұялы телефондарына жазып беруді немесе электронды поштамен жіберуді өтінеді. Менің шығармаларымды интернеттен оңай табуға болады, – дейді Олег Топоровский.
Өлеңдерінің «патриоттық тәрбие сипатында жазылғанын» айтқан автор енді оларды жариялауды жоспарлап жүр.
– Шығармаларым моральдық-этикалық мазмұнды болып келеді, мәтіндерінің көлемі шағын, кітап жазуға біраз уақыт алатын сияқты. Шығармашылыққа төселіп, жазуға көп уақыт бөлуге тіршілік қамы, негізгі жұмысым мүмкіндік бермей жатыр. Тәулігіне үш-төрт сағат ұйықтасам да, өндірте жазуға уақыт жетпейді, – дейді Топоровский.
Олег Топоровскийдің «Астананы әнмен тұрғызып, сыртқы қарызымызды толық өтейміз» деген ұраны да бар екен.
– Астана бейнесі де елтаңба, әнұран, ту сияқты мемлекеттік рәміздер тәрізді мән-мағынаға ие. Сондықтан астанамызды мақтаныш тұту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Осындай көрікті де жасампаз астана тұрғызбаса, Қазақстан әлем жұртының алдында мұндай құрмет пен беделге ие болып, инвестициялық қызығушылық тудырмас еді, – дейді Азаттықтың сұхбаттасушысы.
ЖАҢАӨЗЕН МЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ
Астана туралы ән текстінің авторы елдегі жағдай туралы да ойлайды.
– Елдің ішінде де, сыртқы дүниеде де Қазақстан аса ықпалды ойыншылардың біріне айналып келеді. Меніңше, барлық деңгейді бірдей жайлап алған жемқорлық келешекте дамуымызды тежеуі мүмкін. Оны жою үшін қатаң шаралар қолданып, бақылау қажет. Жемқорлық мемлекеттік мекемелердің ғана емес, жеке меншік шаруашылық субъектілерінің де сыртқы қарызының өсуіне душар етеді, – дейді Олег Топоровский.
Оның жемқорлық тақырыбына жазған өлеңі де бар:
«Прислушаться к совету в этом мире,
Спесивому гордыне невдомёк,
Обрыв, еще обрыв, провал по жизни,
И вот, коррупции приписан новый срок».
(Мағынасы: «Кердең кеңес тыңдамас, Кері кеткен жемқор атанар»).
Астана жайлы әннің авторы Жаңаөзенде болған наразылық шаралары мен бейбіт шеруге қарсы оқ атылғаны жайлы пікірін «баспасөз бетінде түрлі пікірлер жиі жарияланып отырса, қоғамның көзқарасы да айқындала түседі» деген қисынға сүйеді.
– Жемқорлыққа белшесінен батқан жандар аймақта болып жатқан былыққа назар аудармаған болар. Осы елдің кез келген азаматы сияқты менің де коррупцияны құрту жөнінде бірнеше ұсынысым бар. Негізгілері – Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенцияға қол қою немесе Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі Азия сотын құру туралы бастама көтеру. Бұл шара сот төрелігінің бейтараптығын, турашылдығын, адалдығы мен әділдігін бірнеше есе арттырады. Мемлекет даулы мәселелерді жылы жауып қоймай, өз қателіктерін біліп, мойындап, оларды түзетуі тиіс, – дейді Олег Топоровский.
Ол «Қазақстан конституциясында мүлтіксіз орындалуы тиіс қызық үш бап» бар деп, оларды санамалап шықты: сөз еркіндігі мен шығармашылықпен айналысуға кепілдік беретін, цензураға тыйым салатын 20-бап; ар-ұждан еркіндігі туралы 22-бап; азаматтардың бейбіт жолмен, қарусыз жиналып, жиналыс, жиындар мен шерулер, пикет өткізу құқығы белгіленген 32-бап.
– Егер Жаңаөзендегі шиеленістің екі тарабы да бұл нормаларды ұстанғанда, кісі өлімі болмас еді. Өз басым қандай жағдайда да қарусыз адамдардың өлгенін айыптаймын. Құқықтық мемлекетте мұндайға жол беруге болмайды, – дейді Олег Топоровский.
«МЕНІ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНА ҚАБЫЛДАМАДЫ»
«Астана – жұмақ бағы» әні өлеңінің авторы «өз дарыны мен қабілетін толық ашуына, әдеби шығармаларын басып шығаруға қазақстандық жазушылардың мүмкіндігі шектеулі» екенін айтты. Олег Топоровскийдің айтуынша, шығармашылықпен айналысатын жандар бала-шағасын асырау қамы сияқты күйкі тірлікпен айналысуға мәжбүр. Ол Қазақстанның жазушылар одағына мүшелікке өтуге талпынысы сәтсіз болғанын да айтты.
– Ескіден келе жатқан ақсақал ұйым – Қазақстанның жазушылар одағы әдеби шығармашылықты дамытуды қолға алғаны жөн. Мен осы одаққа мүшелікке өтуге екі мәрте өтініш бердім. Жауап болмады. Әйтеуір мәдениет туралы заңға сүйеніп, шығармашылық қызметкері деген мәртебе алдым. Менің ойымша, жазушылар одақтарының арасында да бәсекелестік болғаны жөн. Қаламақыны кім көбірек төлесе, біздің дарындылар соларға кіруге ұмтылуы тиіс. Монополия кез келген істің дамуына тұсау емес пе? – дейді ақын Топоровский.
«Астана – жұмақ бағы» әнін тыңдаңыз:

Астананы әнмен тұрғызып, сыртқы қарызымызды толық өтейміз.Олег Топоровский.