Accessibility links

Астана туристерді көбірек тарту үшін жеңілдіктер ұсынады


Ресейдің Екатеринбург қаласынан келген турист Юлия Григорьева Үлкен Шабақты көлінің жағалауында күнге қыздырынып жатыр. Бурабай, 22 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Екатеринбург қаласынан келген турист Юлия Григорьева Үлкен Шабақты көлінің жағалауында күнге қыздырынып жатыр. Бурабай, 22 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан үкіметі жалпы туризм саласындағы үлесі алты пайыздан аспайтын ішкі туризмді дамыту үшін жеңілдіктер қарастыратынын айтады.

Сарапшылар сыртқы туризмнің қарқындырақ дамуын туристік қызмет түрлерінің қымбаттығымен, қызмет көрсету сапасының нашарлығымен, әлсіз инфрақұрылыммен, шетелде жарнамалаудың сылбырлығымен байланыстырады. 2013 жылы Travel and Tourism Competitiveness Index саяхат және туризм саласының бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан 140 елдің ішінде 88-орынды иеленді. Ал ресми деректерге сүйенсек, қазақстандықтар ел ішінде демалуға жылына 400 миллион доллар жұмсайды.

Маусымның 16-сы күні парламентте сөйлеген индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев туристік саланы дамытуға жеңілдіктер қарастырылатынын мәлімдеді.

«Қазақстан сыртқы және ішкі туризм қауымдастығы» президенті Анатолий Савичев Азаттық тілшісімен сұхбатында «жеңілдік те керек, бірақ инфрақұрылымды жақсартып, кадр даярлау қажет» дейді. Оның айтуынша, туристік агенттіктердің Қазақстанда тур ұйымдастыруына туристік инфрақұрылымның жоқтығы мүмкіндік бермейді. Қонақ үйлері немесе туристік базалары бар орындардың қызмет көрсету деңгейі нашар, қызметкерлері шет тілін білмейді.

Азаттық: – Бұл жеңілдіктердің пайдасы қандай? Олар ішкі туризмді дамытуға кедергі болып отырған проблемаларды шешуге көмектесе ме?

Анатолий Савичев: – Жеңілдіктің қай түрі де кез келген саланың серпінді дамуына мүмкіндік береді. Егер кәсіпкер салықтан босатылса, табысы да көбірек
Алматы облысындағы жергілікті туристер баратын Алакөлдің жағажайы. (Көрнекі сурет)
Алматы облысындағы жергілікті туристер баратын Алакөлдің жағажайы. (Көрнекі сурет)
болады. Ал көбірек табыс тапса, шапшаңырақ дамиды. Бар салықтан бәрібір мүлде босатпайды. Бірақ әлдебір артықшылықтар берілсе, мұның өзі – жақсы жаңалық. Бірақ негізгі проблема бұл емес.

Проблема туралы көп айтқанымызбен, оларды шешу үшін іс жүзінде ештеңе істемейміз. Істелген күннің өзінде тым баяу қимылдаймыз. Кейде бизнестің өзі ұмтылмайды, кей тұста мемлекеттік машина икемділік танытпайды.

Азаттық: – Шенеуніктер Қазақстанда демалудың қымбаттығын бәсекелестіктің жоқтығымен байланыстырады. Бұл пікірмен келісесіз бе?

Анатолий Савичев: – Жоқ, келіспеймін. Өйткені қазір туризм нарығының қонақ үй секторы, туроператор, турагенттер мен транспорттық компаниялар сияқты қай саласында болсын бәсекелестік қарқынды дамып келеді. Бірақ бәсекелестіктің де адал және адал емес түрлері болады. Егер бәрі адал бәсекелестікпен жұмыс
Туристер баратын Көлсай көліндегі инфрақұрылым. Алматы облысы Райымбек ауданы, 9 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Туристер баратын Көлсай көліндегі инфрақұрылым. Алматы облысы Райымбек ауданы, 9 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
істесе, Түркияға қарағанда Қазақстанда демалу анағұрлым арзанға түсер еді, әрі қауіпсіздеу және жайлырақ болар еді.

Азаттық: – Қазақстанда демалу бағасының тым қымбат болуына не себеп?

Анатолий Савичев: – Елде бағаның қымбат болуына әсер ететін жайттар көп. Бізде бензин мен азық-түлік қымбат, қызметкерлердің біліктілігі төмен, білім беру жүйесі ескірген. Электр қуаты, су, газ, канализация – қысқасы бәрі қымбат. Мұның бәрі қосылып сервисті қымбаттатады. Оның үстіне өмір сүру де қымбат. Сондықтан қазіргі өмір сүру деңгейін ескерсек, қонақ үй бөлмесінің бағасы тәулігіне 20 доллар болады деп үміттене алмаймыз.

Азаттық: – Мемлекет ішкі туризмді дамытуда нені ескермей отыр?

Анатолий Савичев: – Шындығында көп мәселе ескерілмей отыр. Ең негізгілері – инфрақұрылым мен кадр мәселесі. Инфрақұрылымды дамытып, кадр даярлау керек. Қалғаны өзінен өзі болады!

Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге рахмет.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG