Accessibility links

Алакөлдің жағажайы бар, жағдайы жоқ


Алакөлдің жағасы. Алматы облысы, 13 шілде 2012 жыл.
Алакөлдің жағасы. Алматы облысы, 13 шілде 2012 жыл.
Алакөлде суға шомылу маусымы қызып тұр. Бірақ демалуға келген туристер лас жағажайда киім ауыстыратын кабина мен қоқыс жәшігі, тіпті, дәретхана жоқ екенін айтады.

Суының құрамы теңіз суына ұқсас ерекше көл – Алакөл Совет Одағы кезінде бүкіл СССР бойынша сауықтыру орталығы саналған.

Алакөл орналасқан Алматы облысы аумағындағы инфрақұрылым соңғы жылдары жақсарып келеді, бірақ демалыс құны да Түркия курорттарымен бірдей. Бірақ қарапайым халық демалу үшін елдегі жағдай жасалмаған демалыс орындарына баруға мәжбүр.

– Бұл – осы жерге алғаш келіп демалуым. Көптен бері Алакөлге келуді армандап жүрген едім. Әдетте Ыстықкөлде демалатынбыз. Көлдің керемет екені рас, бірақ қызмет көрсету саласы дамымаған. Жағалау таза емес. Санитариялық талапқа сай емес. Қоқыс салатын ыдыстар қойса болар еді. Балалар ойнайтын орын, би алаңы мен кафе салынса жақсы ғой, – деді алматылық Майя Дөненбаева.

«ТӨРТ АЙ ЖҰМЫС ІСТЕП, АЙЛЫҚ АЛМАДЫМ»

Қытайдан көшіп келген оралман, Көктұма ауылының тұрғыны Еркін Қайдарбек – жағажайлардың тазалығы мен тәртібіне қатысы бар адамның бірі. Ол төрт ай бойы
Еркін Қайдарбек пен зайыбы Күлзира. Алматы облысы, 13 шілде 2012 жыл.
Еркін Қайдарбек пен зайыбы Күлзира. Алматы облысы, 13 шілде 2012 жыл.
көл жағасын тазалап, ешқандай ақы алмағанын айтып күйініп отыр. Ол кісінің айтуынша, әйелі Күлзира екеуі шағын тракторларымен көл маңынан елу тоннадай қоқыс жинапты.

Еркін Қайдарбек жергілікті биліктің «ай сайын жүз мың теңгедей жалақы береміз» деп уәде еткенін, алайда отбасы соқыр тиын да алмағанын айтты. «Алакөл ауданында мен сияқты қоқыс тазалап, алданып қалған ондаған жұмысшы бар» дейді ол.

– Мен Әнуар деген жігітпен таныстым. Ол қоқыс тазалауға жарияланған тендерді ұтып алған адамды таниды екен. Мен тазалайтын болып келістім. «Ай сайын жүз мың теңге береміз» деп уәде етті. Барлық жағажайды қоқыс пен ескі-құсқы заттардан тазартып шықтым. Арада бір ай өткенде айлығымды сұрадым. Бірақ маған әкімшілік әлі ақша бөлген жоқ, «күте тұр» деді. Содан үш-төрт ай жұмыс істеп, ешқандай жалақы ала алмадым, – деді Еркін Қайдарбек Азаттық тілшісіне.

«ЖАҒАЛАУ ТАП-ТАЗА»

Алакөл аудандық әкімшілігі «жағажайды тазалауға ешқандай тендер жарияланбайтынын» айтты. Бірақ жағалаудағы аймақтардың тазалығына «Үшарал» коммуналды кәсіпорыны жауапты екен. Кәсіпорын – көлден оншақты шақырым жердегі аудан орталығы Үшаралда.

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатовтың айтуынша, «Үшарал» коммуналды шаруашылығы тазалықты өз қаржысы есебінен қадағалайды».

– Дәл қазіргі уақытта жағалау тап-таза. Маусымның 1-інен бастап жағажай біршама
Туристер жататын киіз үйлер. Алматы облысы Көктұма ауылы, 13 шілде 2012 жыл.
Туристер жататын киіз үйлер. Алматы облысы Көктұма ауылы, 13 шілде 2012 жыл.
лас болғанын мойындаймын, әрине. Ал қазір онда тәртіп пен тазалық орнаған. Жұмысшылар да жалақыларын уақытылы алып отыр, ешкімнен шағым түспейді, – деп жауап берді Алакөл ауданы әкімінің орынбасары.

Алматы облыстық туризм басқармасы «біздің алдымызда ауқымды тапсырмалар мен міндеттер тұр, ал жағажай тазалығымен демалыс орындарының қожайындары және әкімшілік айналысады» деп түсіндірді.

– Қазір әкімшілік туристік фирмалармен бас қосып, дөңгелек үстелдер өткізіп жүр. Егер Алакөл ауданын атап айтар болсақ, бүгінде туристік нысандарға баратын жолдарды жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді басқарманың бөлім басшысы Жеңіс Андарбеков Азаттық тілшісіне.

Ресми деректер бойынша, Алакөлге 2011 жылы 22 мың адам, биыл 24 мың адам демалуға барған.

Алматы облысында бес жүздей туристік нысан бар. Өткен жылы олардан түскен пайда үш миллиард теңге болған.
XS
SM
MD
LG