Астанада «Астанадағы демалыстар» атты туристік пакет іске қосылды. Келген туристерге ұсыныс - қаладағы ірі қонақүйлердегі жеңілдіктер мен тегін саяхат. Бірақ оның арнайы шарттары бар.
«Эйр Астана» әуе компаниясының сайтында Қазақстан астанасында қалай қыдыруға болатыны және қаланың ең жақсы қонақүйлерінде 50 пайыз жеңілдікпен тұру жайлы ақпараттар бар.
АСТАНАДА ТҮНЕП ШЫҒУ
Компания сайтында көрсетілген қонақүйлер тізімінде бес жұлдызды «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақүйі бар. Ондағы стандартты екі кісілік бөлменің бағасы - тәулігіне 28 мың теңге (шамамен 200 доллар).
Бұған қоса, туристерге мынадай қонақүйлер де 30 пайыздық жеңілдіктер ұсынады: Radisson SAS - екі орынды нөмірдің құны 60 мың 587 теңге (шамамен 400 доллар), Rixos President Astana - екі адамға арналған Premium King нөмірлері 74 мың 760 теңге (шамамен 500 доллар). Ramada Plaza Astana бес жұлдызды қонақүйі - стандартты нөмірлерге 40 пайыздық жеңілдіктер жасаған: 43 мың 400 теңгe (шамамен 300 доллар).
Тізімде әртүрлі 22 қонақүй бар. Әр алуан нөмірлер мен олардың бағасы да көрсетілген. Үш жұлдызды және төрт жұлдызды қонақүйлерден 20-25 мың теңгеге дейінгі (шамамен 130-170 доллар) апартамент табуға болады.
Тізімдегі арзан, жұлдызсыз қонақ үйлер қатарында - «Бозок» (14 мың 400 теңге немесе 100 доллар шамасында), «Эдем» (13 мың 500 теңге немесе 90 доллар шамасында), «Бастау» (7 мың 200 теңге немесе 50 доллар шамасында) бар.
Бұл қонақжайлар меймандарға 10 пайыз жеңілдік жасайды.
Бұл қонақүйлердің жеңілдіктерін алу үшін «Эйр Астана» әуе компаниясының Қазақстан астанасына баратын ұшақтарына билет сатып алу керек. Акцияның шарты - осы.
«Эйр Астана» әуе компаниясы сайтта көрсетілген қонақүйлерде тұруға жеңілдік беретін ваучер кітапшалар береміз деп уәде етіп отыр. Алайда әуе билеттері ұшудан 14 күн бұрын алынуы тиіс. Ал қонақүйдің нөміріне жеті күн бұрын тапсырыс беріп қою керек. Бұған қоса, жолаушы қонақүй бөлмесін брондау үшін өз хабарласып, қонақ үйде тұру мен қыдыру нысандарына жеңілдік беретін компания купонын көрсетуі қажет.
Бұл туристік пакеттің артықшылығы - Қазақстанның тұңғыш президентінің мұражайы, «Думан» ойын-сауық орталығындағы океанариум немесе «Атамекен – Қазақстан картасы» этномемориалды кешенінің біріне тегін баруға болады.
Ресми сайттың хабарлауынша, Қазақстанның тұңғыш президентінің мұражайы дүйсенбіден басқа күндері ашық тұрады. Кіру тегін.
«Думан» ойын-сауық орталығындағы океанариумды аралау бағасы - 1 мың 200 теңге (шамамен 10 доллар). Егер өз фотоаппаратыңызбен суретке түссеңіз, қосымша 200 теңге төлейсіз.
«Атамекен – Қазақстан картасы» этномемориалды кешені де дүйсенбіден басқа күндері жұмыс істейді. Ересектер үшін де, балалар үшін де билеттің құны - 200 теңге.
100 ДОЛЛАРЛЫҚ САЯХАТ
Астанаға саяхаттап қайтуға өзге де туристік агенттіктер ұсыныс жасап жатыр. Мысалы, Қазақстан астанасынан 200 шақырым жерде орналасқан Қарағанды қаласының турагенттіктері жұртқа бірнеше ұсыныс айтып отыр. Олар Астанаға жайлы автобустармен алып барып, барлық көрікті жерлерді аралатамыз деген уәде береді. Билет құны - ересектерге 5 мың 300 теңге (шамамен 40 доллар), ал 12 жасқа дейінгі балаларға 4 мың 300 теңге (шамамен 30 доллар). Турагенттіктердің айтуынша, баруға өтініш білдіретіндердің саны - өте көп, тіпті, демалыс күндері орын жетпей қалады. Апта сайынғы кешкі саяхаттар - сенбі күндері, ал күндізгі саяхат жексенбі күндері болады.
Турагенттік қызметкерлерінің Азаттық тілшісіне айтуынша, турпакетке барып-қайту құны; «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығын, океанариумды тамашалау және туристің түскі асы немесе кешкі асының құны кіреді.
Егер Астананы күндіз араласаңыз, қалада тағы екі сағат саяхаттап, «Бәйтерек» монументі мен Бейбітшілік және келісім сарайын тамашалау мүмкіндігіне ие боласыз. Егер кешкі саяхат болса, Астананың «әнші» субұрқағын қосқанда, қаланы үш сағат аралайсыз.
Турагенттік қызметкерінің сөзіне сенсек, қосымша ешқандай ақша шығындамайсыз. Тек «Думан» ойын-сауық орталығындағы 5D-кинотеатрға ғана төлейсіз. Оның сайтта көрсетілген бағасы – 700 теңге (шамамен 5 доллар).
Көрікті жерлерді аралатуға қаладағы компанияларда да ұсыныстар бар. Мысалы Азаттық тілшісіне компаниялардың бірі екі сағаттық саяхатқа ұсыныс білдірген. Қаланы 10 орындық шағын автобуспен 12 мың 800 теңгеге (шамамен 90 доллар) аралататады.
Келесі бір әуе туроператоры Астананы 3 сағат бойы жеке аралату туралы ұсыныс жасаған. Оның бағасы - 15 мың теңге (100 доллар шамасында). Енді біреуі тегін кіретін мәдени орындарға апарамыз деген. Төрт адамға арналған бұл саяхат құны әр адамға үш мың теңгеден (20 доллар шамасында) айналады екен.
Алайда Астананың ондай көрікті жерлеріне әркім өз бетінше бара алады және шығыны да әлдеқайда аз болады.
АСТАНАНЫ ӨЗ БЕТІҢШЕ АРАЛАУ
Астанада бір тәулікке пәтер жалдаудың орташа құны - алты мың теңге (40 доллар шамасында). Пәтер құны одан қымбат немесе арзан болуы да мүмкін - кездескеніне қарай.
Түскі астың бағасы барған жеріңізге байланысты. Ең арзаны – 350-500 теңге. Әдетте мұндай ұсынысты шағын әрі елеусіз кафелер жасайды.
Астана қаласында қоғамдық көлікпен немесе таксимен жүруге болады. Қаладан 500-600 теңгеден арзанға такси табу қиын. Көбінесе жүргізушілер қала қонақтары мен тұрғындарын Есілдің оң жағалауынан сол жағалауына мың теңгеге апарады. Бірақ қаланы жақсы білсеңіз, өз бағаңызды айтып тұрып алсаңыз, көздеген жеріңізге 500 теңгеге де баруға болады. Әрине, онда да барар бағытыңыз тоқтаған көлікке жол-жөнекей болса.
«Эйр Астана» әуе компаниясының сайтындағы дерекке қарағанда, қаладан 18 шақырым жердегі әуежайға 10 доллармен (1 мың 500 теңгедей) баруға болады. Бірақ бұл - өте сирек кездесетін төмен баға.
Ал орташа баға - екі мың теңге(13 доллар шамасында). Қаланың қай жерінен шығатыныңызға байланысты одан да қымбат болуы мүмкін. Алайда әуежайға жолақысы 60 теңгелік (0,4 доллар) қоғамдық көлікпен баруға да болады. Тіпті, жаяу барамын десеңіз де еркіңіз.
Жоғарыда аталған орындардан басқа, Астана қаласындағы Максим Горький атындағы орыс драма театрын, Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрын, циркті, Ғашықтар саябағын және қалалық демалыс саябағын аралауға болады.