Accessibility links

Полицейлер мен прокурорлар ұшыраған жол апаттары


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Соңғы жылдары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы бар жол апаттары жиілеп кетті. Азаттық жыл басынан бергі осындай оқыс оқиғалардың хронологиясын ұсынады.

Қазақстан бас прокуратурасы құқықтық статистика бөлімінің дерегі бойынша, Қазақстанда 2014 жылғы алғашқы 8 айда 12630 жол апаты тіркеліп, 1572 адам өлген. 16118 адам жарақат алған. Ал 2013 жылы жол апатынан үш мың адам қаза тапқан. Жол апатына кінәлілердің ішінде полицейлер мен прокурорлар жиі аталады. Төменде 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ғана құқық қорғау органдырының қызметкерлері ұшыраған жол апаттарының хроникасын келтіріп отырмыз.

Қаңтар

Рөлге мас күйінде отырған астаналық полицей Берік Тасыбаев өз көлігімен ішінде полиция қызметкері Бауыржан Юсупов пен жүргізуші Ерден Рамазан отырған жеңіл көлікті қатты соққан. Юсупов пен Рамазан жол апатынан қаза тапқан. Ал Тасыбаев 8 жылға сотталды.

Астанадағы аудандардың бірінде прокурор көмекшісі болған 24 жастағы Мақсат Шыңғысов 69 жастағы зейнеткер Жақсылық Ақпановты қағып кеткен. Зейнеткер оқиға орнында қайтыс болған. Кейін Астанадағы ауданаралық соттың шешімімен прокурор көмекшісі үш жылға сотталды.

Теміртауда 31 жастағы Павел Руль жол апатынан қайтыс болды. Оны қалалық прокурордың көмекшісі Каныш Мамалинов қағып кеткен. Кейін Рульдің туысқандары кешірім беріп, Мамалиновтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Ақпан

Алматы қаласы Түрксіб ауданы ішкі істер басқармасының инспекторы өзінің жеке көлігімен жол апатына ұшырады. Қаладағы ірі көшелердің бірінде үш көлік соқтығысқан. Жол оқиғасынан полицей қайтыс болып, екі көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алған.

Наурыз

«Көкшетау-Шучинск» тас жолында полицейдің жеке көлігі басқа маншинаға соғылып, екі жүргізуші де ауыр жарақат алған. Кейін тергеу барысында полиция қызметкерінің жол ережесін бұзғаны анықталып, ол екі жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сәуір

Жол полициясы инспекторы. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Жол полициясы инспекторы. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Қазақстан облысы полициясының капитаны 25 жастағы Айдос Қантаев 28 жастағы екі баланың әкесі Руслан Рахметовты қағып кеткен. Рахметов қаза тауып, Қантаев сотталды.

Мамыр

«Қарағанды-Астана» тас жолында екі көлік соқтығысып, бірінің рөліндегі жүргізуші қайтыс болды. Кейін оның Астана қалалық жол полициясында қызмет жасағаны анықталды.

Маусым

Қарағанды облысындағы Осакаровка мен Есіл ауылдарының арасындағы тас жолда 39 жастағы Осакаровка ауданының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Азмат Шәкірбековтің көлігі аударылып, полицей оқиға орнында қаза тапқан.

Шілде

Полиция қызметкері Бурабайда (Ақмола облысы) екі адамды қағып мерт қылды. Кейін ол өз-өзіне қол жұмсап өлді.

Тамыз

Қарағандыдағы «Топар-Жартас» тас жолында 30 жастағы полиция қызметкері Жансерік Дәуренбеков 26 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Кейін тексеру кезінде «рөлдегі полицей арақ ішкен» деп хабарланды. Полицейге қатысты сот шешімі әлі шыққан жоқ.

27 жастағы қостанайлық полиция қызметкері Ерхан Жакибаев сегіз жастағы Анастасия Керлахты қағып кеткен. Кейін зардап шегуші ауруханада қайтыс болды. Ал үш айдан кейін полицей екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Қыркүйек

Қарағандыда полицей жаяу жүргіншіні көлігімен қағып өлтірді. Оқиғаны тергеу-тексеру әлі жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG