Осы аптада Алматы қаласы Бостандық аудандық соты «алдау немесе сенімді ақтамау арқылы біреудің мүлкіне зиян келтірді» деген айыппен қамауға алынып, 20 күндік әкімшілік жазасын өтеп жатқан Дархан Сәбденовтің жылжымалы, жылжымайтын бүкіл мүлкіне қамау салу туралы Kaspi bank-тің өтінішін қанағаттандырды. Қамау салынған дүние-мүліктің құны екі миллион теңгеге жуық деп бағаланды.
30 жастағы Дархан Сәбденов қазақстандық үш банк - «Альянс банк», Kaspi Bank және «ЦентрКредит банк» көп ұзамай банкротқа ұшырайды» деген жалған СМС-хабар таратты деп айыпталды. Ол Алматы қаласындағы «ЦентрКредит банкінің» филиалдарының бірінің атқару өндірісі секторында стажер болып істеген.
Прокуратураның хабарлауынша, Сәбденовтен алған жалған ақпаратты таратуға Signum заң фирмасының бірнеше қызметкерінің де қатысы бары анықталған. Сот тарапынан оларға қатысты қандай да бір санкция салынған-салынбағаны белгісіз.
Теңге күрт құнсызданғаннан бірер күннен кейін тараған жалған СМС-хабарлама қоғамда дүрбелең тудырып, салымшылар банктердегі депозиттерін жаппай қайтарып ала бастады. Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков «бұл әрекеттер жүйе құрушы банктерге көп зиян келтірді, қоғамда әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкелді, халықтың банктерге деген сенімі азайды» деп мәлімдеді. Ақпан айының соңында бұл тақырыпты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қозғап, «елдегі банктердің бірі де банкрот болмайды» деп мәлімдеді.
Дүрбелеңге тап болған банктердің басшылығы қазір «салымшылардың депозиттерін жаппай жабуы тоқтады» деп хабарлайды. «ЦентрКредит Банк» қызметкерлері Азаттық тілшісіне «жалған СМС-хабарламадан кейін басталған дүрбелеңнен депозиттер көлемі онша азайған жоқ, банк операциялары мен күнделікті жұмысқа ол мүлде әсер етпеді» деді. Банк «коммерциялық құпия» деген уәжбен нақты цифрларды атамады. Kaspi bank те жағдай реттелгенін хабарлады.
- Ақшасын қайтарып алуға асыққан салымшылардың әбігері үшінші күні тыйылды. Енді клиенттеріміз қайтадан ақша салуға келіп жатыр, - дейді Kaspi bank атқарушы директоры Сабыржан Беркінбаев.
Бірақ дүрбелеңнің алғашқы күндері ақшасын қайтарып алуға асыққан жұрт аталған үш банк пен Қазақстандағы басқа банк бөлімшелерінде түнге дейін кезекте тұрды. Дүрбелең кесірінен банктер өз капиталының біраз бөлігінен айырылды. Түрлі есеп бойынша, бұл банктер ондаған миллиард теңге жоғалтқан. Үш банк «арандатушы» СМС-хабарламаны таратқан Сәбденовтен моральдық өтемақы талап етіп, сотқа талап-арыз берген.