Жаңаөзенде полицияның ереуілшілерге қалай оқ атқанын тұрғындардың бірі көпқабатты үйдің терезесінен мобильді телефонға түсіріп алған бейнетаспаны интернеттен көрген алматылық заңгер Амангелді Шорманбаев пікір білдіргісі келетінін айтып Азаттыққа хабарласты. Құқыққорғаушы, әрі заңгер Амангелді Шорманбаевтың пікірінше, Қазақстан қол қойған халықаралық нормалар мен құжаттар негізінде бұл бейнтаспаға талдау жасар болса, мұнда көптеген заңсыздықтар бар көрінеді.
Ал Азаттық радиосы бұрынғы Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің депутаты, заңгер Александр Перегринге хабарласып, одан Жаңаөзенде адамдарға қарсы қару қолданылғаны Қазақстанның конституциясы мен заңдылықтарына қаншалықты сәйкес келетінін сұрап білді.
БЕЙНЕТАСПА ТЕКСЕРІСКЕ НЕГІЗ БОЛА АЛА МА?
Алматыдағы заң корпорациясының қызметкері Перегриннің айтуы бойынша, Қазақстанда қабылданған «БАҚ туралы» заң интернет-сайттарды БАҚ-ның қатарына жатқызады.
Ал Қазақстанның қылмыстық-процессуалдық кодексінде қылмыстық іс қалай қозғалуы тиіс екендігі анық көрсетілген. Осы кодекс бойынша, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған, қылмысқа қатысты жазылған кез-келген мәлімет қылмыстық іс қозғауға негіз бола алады.
Алматы заң корпорациясы қызметкерінің айтуынша, Азаттық радиосының сайтында жарияланған барлық материалдарда көптеген қылмыстар туралы әңгімелер бар. Перегрин бұл бейнетаспаға сараптамалық тексеру жүргізілуі керектігін, егер мұнда көрсетілгеннің бәрі дәлелденсе, бұл бейнекөрініс қылмыстық іс қозғауға негіз болатынын айтты.
Жаңаөзенде жұртқа қалай оқ атылғаны туралы видео:
АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚАРУ ҚОЛДАНУ ЗАҢДЫ МА?
Александр Перегрин Жаңаөзен жағдайында адамдарға қарсы қару және өзге арнайы құралдар қолдану қаншалықты заңды екеніне де талдау жасады. «Бұл жерде, тіпті, Қазақстан қол қойған халықаралық пактілер туралы айтпаса да болады» дейді ол.
– Ең алдымен Қазақстан конституциясындағы 1-бапты ашып қараудың өзі-ақ жеткілікті. Осы бапта ең басты құндылық – адам, оның өмірі мен еркіндігі, құқығы мен бостандығы деп жазылған. Осы айтылғанға сәйкес, Қазақстан азаматының өмірі аса жоғары деңгейде, ең күшті құқықтық нормалармен қорғалуы тиіс.
«Ал, іс жүзінде, біз не көріп отырмыз? – дейді заңгер. – Біздің елде, кезінде ішкі істер органы туралы заң қабылданды. Осы заңның үшінші бөлімінде ішкі істер органы қызметкерлері қаруды және өзге де арнайы құралды қай кезде, қандай жағдайда, қандай тәртіппен адамға қарсы қолдана алатыны туралы дәйекті түрде жазылды. Бұл жерде аса қатаң шектеу де бар болатын».
Ол заңда қаруды және өзге де арнайы құралды қалай қолдану, қандай тәртіппен қолдану туралы ешқандай ереже де, бап та көрсетілмеген, бекітілмеген. Міне, ең қорқыныштысы осы!Write your quote footer here...
Бірақ, дейді заңгер, неге екені белгісіз, осы жылдың басында бұл бөлім заңнан түгелдей түсіп қалған: «11-бап сақталғанымен, бөлімді тұтасымен заңнан алып тастады».
Қазір енді заңда адам таңғаларлық жағдай қалыптасып тұр дейді Перегрин:
«Қазіргі заңда, «адамдарға қарсы қаруды және арнайы құралды қай кезде, қалай қолдану туралы «Ішкі істер министрлігі органы туралы» заңда көрсетілген» деген сөздер қалған, түсінесіз бе! Бірақ шындығына келгенде, ол заңда қаруды және өзге де арнайы құралды қалай қолдану, қандай тәртіппен қолдану туралы ешқандай ереже де, бап та көрсетілмеген, бекітілмеген. Міне, ең қорқыныштысы осы! Демек, қаруды қолдану қағидасы көрсетілмегендіктен, бүгінде ең жоғары құндылықты қорғай алмай отырған біздің ішкі істер министрлігінің органы туралы заңымыз – конституцияға қайшы болып шығады».
Александр Перегриннің айтуы бойынша, Қазақстанда «Қарудың кейбір түріне, оның қолданылуына мемлекеттік бақылау жасау туралы» заң бар.
– Бірақ мұнда қаруды қолдану туралы нақты емес, жалпылама айтыла салған. Бір өкініштісі, бұл заңның ішкі істер министрлігі органдары туралы заңмен еш байланысы жоқ. Себебі, бұл заңда да ішкі істер органдарының қаруды қалай, қашан, қандай тәртіппен қолдануы туралы айтылмаған, – дейді Александр Перегрин.
Әйткенмен, осының бәріне қарамастан, әйтеуір осындай «Кейбір қару түріне, оның қолданылуына мемлекет тарапынан бақылау жасау туралы» заңның бар екеніне де заңгер қанағат етеді. Ең болмағанда, ол заңда міндетті медициналық жәрдем көрсету туралы норма жазылған дейді маман.
– Мәселен, ішкі әскер туралы заң мен ішкі істер органдары туралы заң арасында ұқсастықтар бар. Ішкі әскер туралы заңда, егер әскер қаруды өз бетінше қолына
Біздің елде қылмысы үшін өлім жазасына кесуге тыйым салынған. Ал бірақ, сотсыз-ақ, адамды ұрып-соғуға, өлімге ұшыратуға рұқсат бар болып шығады.
алып, оны қолданса, ол адам 24 сағаттың ішінде прокурорға келіп, рапорт жазып, тапсыруы тиіс. Екіншіден, егер біреу оқтан жарақат алса, оны одан әрі тоқпақпен тоқпақтамайды, дереу жедел жәрдем шақырады. Үшіншіден, осы заң бойынша, әйелдер мен жасөспірім балаларға қарсы қару қолдануға тыйым салынған.
«Бірақ, Жаңаөзенде жергілікті тұрғын түсірген бейнетаспаны қарасаңыз, бұл айтылғандардың бірде-бірі сақталмағанын көруге болады. Бұл жерде заң бұзушылық өте көп», – дейді ол.
Қазақстанда екі жағдайда ғана қылмыстыны өлім жазасына кесуі мүмкін. Біріншісі – террористік әрекеті үшін, екіншісі – соғыс кезінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін. «Бірақ бұл екеуі де Жаңаөзендегі қару қолданылған жағдаймен еш қабыспайды» дейді заңгер.
– Біздің елде қылмысы үшін өлім жазасына кесуге тыйым салынған. Ал бірақ, сотсыз-ақ, адамды ұрып-соғуға, өлімге ұшыратуға рұқсат бар болып шығады. Бұл, әрине, өте қорқынышты жағдай! – дейді ол.
«Қала тұрғыны түсірген әуесқой бейнетаспа «құқық органдары өз өкілеттігі шеңберінде халыққа қарсы қару қолданды» деп мәлімдеген Қазақстан билігінің мәлімдемесіне дәлел бола алады ма?» деген сұраққа заңгер:
– Президент мұндай мәлімдеме жасаған кезде, Азатттық сайтына ілінген бұл бейнетаспада көрсетілгеннен де көп мәліметті білген болуы мүмкін. Сондықтан, елдегі бас прокуратураның Жаңаөзендегі тергеу жұмысына БҰҰ сарапшысын шақыртқаны дұрыс болды деп ойлаймын. Арнайы және түбегейлі тексеру ғана қарудың халыққа қарсы қолданылуы қаншалықты дұрыс болғанын аша алады. Екіншіден, сол күні қолдарына қару ұстап, оқ атқандардың бәрі ішкі істер министрлігіне рапорт жазып тапсырулары керек. Әрбір оқ пен оқшантайға есеп жасалып, тізімделуі тиіс. Қай кезде, қандай жағдайда оқ атылды, оны кім атты – осының бәрі жеке-жеке тексеріліп, атылған әрбір оққа баға берілуі керек...
Сөз соңында заңгер: «БҰҰ-нан сарапшы шақырылуы – атыс құрбандары мен одан зардап шеккендер, олардың туған-туыстары үшін шындықты анықтауға үлкен мүмкіндік болары анық» деген қорытынды жасайды.
АРНАЙЫ ТРИБУНАЛ
Алматылық құқық қорғаушы әрі заңгер Амангелді Шорманбаев адам құқығына қатысты халықаралық заңдылықтар тұрғысынан алғанда, Жаңаөзенде адам құқығы бұзылды деген пікірде.
Халықаралық құжаттарға сүйенген ол, Жаңаөзендегі атыс кезінде қаза болғандар мен олардың туған-туысқандарының өмір сүру құқығына қол сұғылды деп есептейді. Амангелді Шорманбаев Қазақстан адамдардың саяси және азаматтық құқығын сақтау туралы пактіні ратификациялағанын еске салады.
Екіншіден, оның пікірінше, полиция, жалпы құзырлы жүйенің қару және арнайы құралды халыққа қарсы қолдануы кезінде барлық нормалар бұзылған.
Ол өзі көрген бейнетаспа бойынша, халыққа қарсы оқ атылғанның өзі – адам
Жаңаөзенде болған қылмысқа қатысты БҰҰ жанынан арнайы комиссия, не болмаса арнайы трибунал құрылуы тиіс. Сонда, бірде бір шенеунік, ол, тіпті президент болса да, жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды.
құқығын бұзу болып табылатынын айтады. Құқық қорғаушы ереуілшілерді қарулы күшпен басып-жаншуды: «қарусыз адамдарды жаппай қырып-жою» деп бағалады. «Бұл – бүкіл адамзатқа қарсы жасалып отырған қылмыс екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ» дейді Шорманбаев.
Құқық қорғаушы Жаңаөзен мәселесін түрлі халықаралық ұйымдар деңгейінде, соның ішінде, бүкіл адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қарастыруға болады деген пікірде.
– Егер осындай деңгейде көтерілер болса, Жаңаөзенде болған қылмысқа қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жанынан арнайы комиссия, не болмаса арнайы трибунал құрылуы тиіс. Сонда, бірде бір шенеунік, ол, тіпті президент болса да, жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды, – дейді құқыққорғаушы.
Амангелді Шорманбаев Маңғыстау өңірінде қамауға алынғандардың жаппай ұрып-соғу мен түрлі қысымға ұшырап жатқанынан, хабарсыз кеткендердің көп екендігінен күн сайын хабардар болып отырғанын айтады.