Accessibility links

Қырым дағдарысы Молдованың қаупін күшейтті


Приднестровье астанасы Тираспольдегі жарнамалық баннер. 11 қараша 2011 жыл.
Приднестровье астанасы Тираспольдегі жарнамалық баннер. 11 қараша 2011 жыл.

Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин Молдовадан бөлініп, «экономикалық блокадада» өмір сүріп жатқан Приднестровье 200 мың орыстілді тұрғынға көмек сұрап отырғанын айтады.

Приднестровьеде Қырымдағы жағдаймен ұқсастықтар көзге ұрып тұр.

Ақпан айында Молдованың орыстілді Гагауз автономиялық республикасында өткен даулы референдум нәтижесі бойынша, тұрғын халықтың басым бөлігі Еуропалық Одақтың орнына Мәскеудің ықпалындағы Кедендік Одақпен тығыз байланыс орнатуға қолдау танытқан.

АЛҒЫШАРТ

Молдовадан бөлініп шыққан Приднестровье республикасы парламентінің спикері, 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағалы бері саяси, экономикалық және әскери қолдау көрсетіп келе жатқан Ресейден енді осы аймақты өзіне қосып алуды өтініп, биыл наурыздың 17-сі күні мәлімдеме жасады.

Наурыздың 19-ы күні Гагаузия парламенті «елдегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақсызданудан сақтайтын алдын алу шараларын» қабылдады. Олардың арасында қауіпсіздікті қорғайтын қарулы жасақ топтарын құру жоспары да бар.

Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин наурыздың 18-і күні «Украинаның блокадасында қалған Приднестровье» туралы мәлімдеуі жікшіл аймаққа қатысты Молдованың қаупін бұрынғыдан да күшейте түсті.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин. Мәскеу, 18 наурыз 2014 жыл.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин. Мәскеу, 18 наурыз 2014 жыл.
Рогозиннің «Егер Молдова Еуропалық Одақпен келісімшартқа қол қоятын болса, жағдай күрделене түседі» деген сөзін жариялады ИТАР-ТАСС агенттігі.

Наурыздың 20-сы күні Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің «орыстардың мүддесін қорғау саясаты» жайлы тағы бір ескертіп өтті.

«Біз шетелде өмір сүретін орыстардың мүдделерін саяси, дипломатиялық және заңды жолдармен қорғап бағамыз. Біздің отандастарымыз орныққан елдерден олардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қорғауын талап етіп отырамыз» деді ол.

УКРАИНАНЫҢ ҚАУПІ

Бұл мәлімдеме Украинаның Қырым аймағында Мәскеуге арқа сүйеген «өзін-өзі қорғау құрылымдарының» жіті қадағалауымен өткен даулы референдумнің ізінше Ресей Қырымды өзіне қосып алып жатқанда жасалды.

Молдова сияқты Украина да Рогозиннің «Приднестровье блокадада қалды» деген
Приднестровьемен шекараны күзетіп тұрған украиналық шекарашылар. Одесса облысы, 13 наурыз 2014 жыл.
Приднестровьемен шекараны күзетіп тұрған украиналық шекарашылар. Одесса облысы, 13 наурыз 2014 жыл.
сөзін жоққа шығарып отыр. Бірақ, Киев Ресеймен арада жағдайы шиеленіскелі бері шекарасына бақылауды күшейткен.

Вашингтонда орналасқан Джеймстаун қорының аға қызметкері Владимир Сокор Киевтің сақтығында себеп бар деп санайды.

«Украина билігі кейбір әскери құрылымдар, әсіресе, Приднестровье казактары шекараны кесіп өтіп, Украинаның Одесса не басқа аймақтарында мәскеушіл шерулер ұйымдастырып, «Ұлы Ресей» идеясын таратпақ бола ма деп алаңдайды. Украина билігі Приднестровье жақтан Молдоваға емес, керісінше Украинаға тұрақсыздық әкелетін әрекеттерден сақтанып отыр» дейді сарапшы.

Молдованың «күн тәртібіне Еуропамен интеграциялану мәселесін көтергелі бері, Мәскеу коалициялық үкіметімізге қысымын күшейтіп жатыр» деп дабыл қаққанына бірнеше ай болды. Кишинев былтыр қарашада ЕО-мен қауымдастық жөніндегі келісімшартқа қол қойған. Молдова тұрғындары биыл мамырда ЕО-мен арада визасыз тәртіп енгізіледі деп күтіп отыр.

КЕШЕ СЕНБЕГЕН СЦЕНАРИЙ

Сарапшылардың пікірінше, Приднестровье Мәскеуге өтініш жасап отырғанына қарамастан, жақын болашақта бұл аймақ Қырым сияқты Ресейге қосыла қоймайды.

Бірақ, сонымен бірге сарапшылар, Мәскеу шекараларды қайта қарастыру мәселесін күн тәртібіне шығарып жатқан шақта, «осыдан бірер ай бұрын ғана адам сенгісіз болып көрінген кейбір сценарийлер қазір соншалықты таңданыс тудырмайтынын» да айтады.

– Меніңше, бұл бірігу мына жағдайда іске асады немесе іске асуы тиіс деген болжамдар бойынша қазір бірнеше сценарий талқыланып жатыр: егер Украина ыдырап, Ресей құрамына енетін болса, бұл жағдайда, әрине, Приднестровье де
Молдова және одан тәуелсіздігін жариялаған Приднестровье аймағы көрсетілген карта.
Молдова және одан тәуелсіздігін жариялаған Приднестровье аймағы көрсетілген карта.
Ресей құрамына енуі әбден мүмкін, - дейді Кишиневтегі қоғамдық саясат институтының басшысы Аркадий Барбарошие.

Берлиндік сарапшы Аннели Уте Габанидің айтуынша, егер Мәскеу Украинаны тағы да өзіне «ниеті түзу көнбіс көрші» жасай алса, онда Кремль Приднестровьенің Украинаға қосылуын мақұлдауды жөн санауы мүмкін.

– Егер Украина келешекте Ресей алдында басын төменірек иетін болса, Ресей түбінде Приднестровьені Украинаға қосып беруі мүмкін. Онда ол Киевке «бұл – Қырымның қарымтасы» деуі де мүмкін. Әрине, бұлай болады дегенге сену қиынға соғар, бірақ қазіргі уақытта барлығы таңғаларлық болудан қалды, - дейді ол.

МӘСКЕУ ҚАЛАЙТЫН «ФЕДЕРАЛИЗМ»

Мәскеу Украина мен Молдовадағы «орыстілділердің құқықтары қорғалуы» үшін ол екі мемлекет те «федералды» құрылымға көшкені дұрыс деп санайды. Бірақ Габани Ресейдің талап етіп отырған «федерализмі» – Ресей федерациясындағыдай «Мәскеудегі орталықтан қатаң басқарылатын федерализм» екенін ескертіп отыр.

– Бұл – тіршілікке икемді федерация емес. Бұл – Ресейдің таяу көршілеріне ықпал етуін көздейтін форма, - дейді ол.

Сарапшы Владимир Сокор «Ресеймен арасында тұрақты әрі мықты Украинаның
Молдованың Гагауз автономиялық республикасы аумағына кіретін жерде тұрған белгі.
Молдованың Гагауз автономиялық республикасы аумағына кіретін жерде тұрған белгі.
болуы» – Молдова үшін өмірлік мәні барын айтады.

– Және де Украина федеративтік мемлекет болмауы керек, себебі ондай жағдайда Украинаның күні Ресейге қарап қалатын болады, - дейді Сокор.

Молдова ЕО-мен жаңа визалық саясат және еркін сауда жөніндегі келісімшартқа жақындай түскен сайын, оқиғалар да тым жылдам өрбіп жатыр. Қалай болғанымен, сарапшылар Приднестровьенің Ресейге қосылуға жасаған өтініші таңданыс тудырғанын айтады.

– Тирасполь – тәуелсіз ойыншы емес, бар болғаны өзіне берілген бұйрықты орындаушы ғана. Сондықтан да Тираспольдің Кремльге жасаған өтініші біраз түсінбестік туғызады. Сірә, бұл мезгілінен бұрын жасалғанға ұқсайды, - дейді Аркадий Барбарошие.

(Роберт Коалсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан)
XS
SM
MD
LG