ҚЫЛМЫСТЫ ЖАЛПЫҒА ЖАРИЯ ЕТУ
Құқық қорғаушылар Пәкістанда 2012 жылы 3861 бала зорлау ісі тіркелгені, яғни бұрынғыдан 20 пайызға артуы осы қылмыстың өскенін емес, жәбірленушлердің бұл туралы деректі жария етуге жасқанбай, сауаттырақ қимылдауға бет бұрғанын білдіреді дейді.
Пәкістанда балаларды жәбірлеуге қарсы күресетін Сахиль үкіметтік емес ұйымның атқарушы директоры Маниза Баноның айтуынша, ұйым 1996 жылы құрылғаннан бастап жыл сайын қылмыс санын жариялап келеді.
«Қазір мұндай қылмысты полицияға хабарлап, сотқа жүгінетіндер саны артты. Бұрын адамдар ондай қылмыс болғанда үнсіз қалатын. Қазір көп адам ашық айтуға үйреніп келеді» деді ол Машаал радиосына.
Пәкістанда күн сайын кемінде 10 бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Сондықтан белсенділер үкіметті осы проблемамен күресуге көбірек күш салуға шақырып жатыр.
Сонымен бірге мұндай қылмысқа қарсы ақпараттық-насихат науқандарының күшеюі, бұл мәселеге БАҚ-тың назар аударуы және соттың белсенді араласуы осы тақырыптың қоғамда ашық талқылана бастағанына дәлел болып отыр.
Қыркүйек айында 4 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат елге кеңінен жария болған соң Пенджаб аймағының жоғарғы соты полицияға бұл істі тексеруге бұйрық берген.
Оған баласының Лахордағы жекеменшік мектептің күзетшісі мен басшысы тарапынан "жәбір көргені" туралы әкесінің айтқанын жариялаған жергілікті баспасөз құралдарының хабарламасы себеп болған. Әкесінің айтуынша, ол баласын бөлмеде ес-түссіз қамалып жатқан жерінен тауып алған.
Қарашаның 8-і күні Лахор қаласындағы жоғарғы соттың басшысы Омар Ата Бандиял жәбірленушінің арызын тексеріп, толық есеп беруді полицияға міндеттеуді төменгі сотқа жүктеген.
САНАДАҒЫ ӨЗГЕРІС
Маниза Бано бала зорлау қылмысын жасағандарды сотқа тарту ісінде алға ілгерлеуішілік байқалғанын айтады.
«Сот та, прокурор да бұндай іске қатал қарап, қылмыскердің ақталып кетпеуін барынша қадағалайды. Бұл расында да жақсы өзгеріс. Әрі үкім де тез шығады» дейді ол.
Мұндай оң өзгерістер егер біреу жәрдем тілесе оларға көмектесетін адамдардың да тез табылатынын көрсетеді.
Танымал құқық қорғаушы әрі деректі фильм түсіруші режиссер Самар Миналлах бұл мәселені ашық талқылау қоғамдық пікірді өзгертуге ықпал еткенін былайша түсіндерді:
- Біз теледидардан және тағы басқа жерлерден осыған қатысты пікірталастарды көрген сайын, оның қаншалықты жиіркенішті қылмыс екенін ұғына түсеміз. Қазір бұл проблемадан хабардар болған халық осынау қылмыс түрі жекелеген адамдардың ғана емес, жалпыға ортақ проблема және ауыр қылмыс екенін, мұқтаж болған жағдайда басқалардан жәрдем сұрай алатынын түсінеді.
Сахил ұйымының дерегі бойынша, 2012 жылы зорлық көрген балалардың 71 пайызын қыз балалар құраған, 29 пайызы - ұл бала. Қылмыстың 52 пайызы ауылдық жерде, 48 пайызы қалалық жерде жасалған. Осындай қылмыстың ең көп болатын жері - Пәкістандағы халық ең көп қоныстанған Пенджаб өлкесі екен.
Құқық қорғаушы ұйымдар билікті қылмыстың осы түріне бұдан да қатты шаралар қолдануға шақырып отыр.
Құқық қорғайтын ұйымдар елдің қауіпсіздік органдарын жапа шеккен отбасыларға қолдау білдіріп, қорғай алмай отырғаны үшін айыптайды.
Мамандар заңдардың шариғат талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтаумен айналысатын Ислам идеологиялық кеңесін (мемлекеттік орган) «бұл істі сотқа дейін жеткізу үшін кемі 4 куәгер керек» деген ұстанымы үшін сынға алды.
Пәкістанның балалар құқығын қорғау және сақтау қоғамының Белуджистан аймағындағы филиалының директоры Ханиф Панизай бала зорлайтын қылмыскерлерді тоқтатуға әлі де заң жағынан жеткілікті қолдау жоқтығын айтады.
«Әйелдер мен балалар әлсіз болғандықтан олар осындай шабуылға жиі ұшырайды. Оларды қорғау - қауіпсіздік органдарының міндеті. Біз осы мәселе бойынша үкіметтен заңдық нормаларды тағы да күшейтуді сұрадық. Себебі, қылмыскерлерді жауапқа тартуға заң нормалары әлі де жеткілікті дәрежжеде емес» дейді ол.
Машаал радиосының тілшісі Ахмад Шах Азамидің мақаласын ағылшыннан аударған - Сағынай Кәрім.