Елдегі діни басқарма жуықта Лахор қаласында бес жасар қыз бала зорланған оқиғадан кейін осындай шешімге келмек. Діни тұрғыдан аса консервативтік елде бұл үлкен жаңалық болғалы тұр.
«ДНК САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ – СОТТЫҢ ЕРКІНДЕ»
Пәкістанда адам зорлау қылмыстарын ашу өте қиын. Қазіргі заңның талаптары бойынша, іс сотта қаралуы үшін жәбір көрген адам құдайға сенетін төрт ересек ер кісіні куә ретінде тартуы керек. ДНҚ сараптамасы сияқты ғылыми әдістер тек қосымша дәлел ғана бола алады.
Бірақ жақында бұл ереже өзгеруі мүмкін. Пәкістанның аса ықпалды діни басқармасы ДНҚ материалдарын кісі зорлауға қатысты істе басты дәлел ретінде қарастыруға келісім бермек. Ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, елдегі дін істеріне қатысты ақтық сөзді айтатын Ислам идеологиялық кеңесі бұл мәселе бойынша шешімін шығарып қойған, олар жақын күндері үкіметке осыған байланысты нақты ұсыныстарын айтпақ.
Кеңестің бұл шешімі Пәкістан қоғамын зор өзгеріске ұшыратпақ. Биыл мамыр айында ғана осы кеңес «шариғат заңдарына негізделген қазіргі заңды өзгертуге болмайды, себебі ол қасиетті Құран Кәрімге сүйенеді» деген ұйғарымға келген еді.
Осы кеңестің 20 мүшесінің бірі Аллама Тахир Мехмуд Ашрафидің айтуынша, діни мекеме бұл шешімін өзгертті, бұдан былай адам зорлауға қатысты істе ДНҚ материалы басты дәлел бола ала ма, жоқ па – оны соттың өзі анықтайды».
– ДНҚ сараптамасы исламға, не шариғатқа қарсы деген әңгіме жоқ. Егер судья белгілі бір істе ДНҚ сараптамасы қажет деп шешсе, оны айғақ ретінде қабылдау-қабылдамау мәселесін өзі анықтайды, – дейді Ашрафи.
Пәкістанның Express Tribune басылымы қыркүйектің 20-ы күні діни кеңестің атын атамаған бір мүшесінің «Біз ДНҚ сараптамасы жөнінде бір ауыздан оң шешімге келдік, мұндай материал басқа да жағдайлармен қоса қылмысқа дәлел ретінде пайдаланыла алады» деген пікірін берді.
Human Rights Watch ұйымының Пәкістандағы директоры Әли Даян Хасан тым кешігіп қабылданған бұл ұйғарымды құптайтынын айтты.
– Бұл – діни кеңестің алға жылжып кете жатқанын дәлелдейтін жақсы шешім. ДНҚ материалы кісі зорлау қылмысын дәлелдеуге ғылыми негіз болатыны анық. Енді үкімет кеңестің осы ұсынысы негізінде бұл бастаманы заңға енгізуі керек, – дейді ол.
«ТӨРТ ПАЙЫЗЫ ҒАНА СОТТАЛАДЫ»
Діни кеңестің «шариғатқа негізделген қазіргі заңды өзгертуге болмайды» деген пікірі адам құқықтарын қорғау ұйымдарының наразылығын туғызған. Бұл заң 1979 жылы бұрынғы әскери билеуші Зия уль-Хактың кезінде қабылданған.
Адам құқықтарын қорғаушылар Пәкістанда кісі зорлау қылмыстарының аз ашылуына қолданыстағы заң кінәлі деп санайды. Әли Даян Хасанның айтуынша, сотта қаралған кісі зорлау істерінің төрт пайызы ғана дәлелденеді.
Алайда қоғамның наразылығын тудырған атышулы кісі зорлау оқиғаларының кесірінен, әсіресе осы айдың басында Лахорда болған бес жасар қызды зорлау фактісінен кейін, халықтың қарсылығы өршіп, діни кеңеске қысым күшейген.
– Бұл қылмыстар қоғамға қатты әсер етті. Қылмыстардың дәлелденбеуі, оған халықтың немқұрайды қарауы, меніңше, кеңестің ұстанымын өзгертуге көп әсерін тигізді, – дейді Әли Даян Хасан.
«ҮКІМЕТ ДІНИ ПАРТИЯЛАРМЕН САНАСАДЫ»
Бірақ діни кеңес басқа бір мәселеде кері қадам жасап, 2006 жылы қабылданған «Әйелдерді қорғау туралы» заңның күшін тоқтатты. Ислам идеологиялық кеңесінің айтуынша, заңның кейбір баптары исламның құндылықтарын жоққа шығарады.
2006 жылғы заң кісі зорлағаны және зинақорлық жасағаны үшін жазалайтын, аса көп сынға ұшыраған Худуд заңына өзгерістер енгізуді ұсынған. 1979 жылы қабылданған бұл заңның кесірінен зәбір көрген соң әділдік іздеп сотқа жүгінген көп адам қылмысты дәлелдей алмағаны үшін өздері түрмеге қамалған.
Пәкістанның Адам құқықтары комиссиясының басшысы Зохра Юсуфтың айтуынша, содан бері билікке келген үкіметтер кісі зорлауға қатысты заңды өзгертуге батылдары бармай келген. Олар аса консервативтік ислам қоғамында халықтың наразылық таныту қаупі тым жоғары екенін білген.
– Алдыңғы өкіметтер діни партиялармен ымыраласуды жөн көрді, себебі олардың халықты көшеге алып шығатын әлеуеті бар. Сондықтан ерекше өзгерістер болмады, – дейді Зохра Юсуф.
Діни кеңес осы аптада көп дау тудырған тағы бір құжат – Құдайға шәк келтіру заңына өзгеріс енгізу мәселесін талқылады. Бастамалардың арасында біреуге жалған айып таққаны дәлелденген адамды өлім жазасына кесу туралы ұсыныс та бар.
Пәкістанның қазіргі заңы бойынша, бұлтартпас дәлелі болмаса да, Аллаға шәк келтірген адам өлім жазасына кесіледі. Мұны сынаушылардың көбі «бұл заңды қаскөйлер қарсыластарынан кек алу мақсатында пайдаланады» дейді.
Кейбіреулердің бұл заңды асыра қолданатынын Ислам идеологиялық кеңесінің мүшесі Ашрафи де мойындайды, бірақ ол «кеңес бұл заңға өзгеріс енгізу туралы ешқандай ұсыныс әзірлеп жатқан жоқ» дейді.
Фруд Бежанның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Пәкістан соттарында қаралған кісі зорлау істерінің төрт пайызы ғана дәлелденеді.