Биыл қазан айының ортасында YouTube-те жарияланған бір видеодан кейін «Сирияда жүрген қазақ жиһадшылары» туралы мәлімет тарап, олардың Қазақстандағы туыстары да табыла бастады.
25 қарашада Сирияға кеткен қазақстандықтардың ата-аналары комитет құрғандарын хабарлады. Комитет жетекшісі Асқар Қошанов Азаттыққа берген сұқбатында «Сирияға кетушілердің алғашқы легі өткен жылдың желтоқсанынан басталып, содан бері әлі тоқтамай келе жатқанын» айтты.
Азаттық: – Сирияға кеткен азаматтардың ата-аналары комитеті ресми тіркелген ұйым ба?
Асқар Қошанов: – Жоқ, әзірге бұл тек бір топ ата-аналардың бірігуі ғана. Бас-аяғы 18 ата-ана бас қосып отыр. Бірігіп мәселені үкіметке жеткізу, жоғары жақтағылар Сирияға кеткендерді аман-есен қайтаруға септігін тигізсе деген мақсат бар. Себебі бұл жақтан (Орталық Қазақстан өңірін айтады – ред.) Сирияға кетемін деушілер әлі де бар. Осыдан бірнеше күн бұрын тағы 15 адамның жолы кесілді. Мен Жезқазғанда ҰҚК ғимаратының алдында, ұсталған азаматтардың ата-аналарын көрдім. Кетпек болғандардың да, кетіп қалғандардың да ата-аналарының уайымы бір. Сондықтан бірігіп, әрекет етейін деп отырмыз. Мен – Жезқазғандыкімін, Сирияға кеткендердің көпшілігін білемін, мешітте көріп, араласқан жігіттер. Мүмкін, сондықтан да болар, ата-аналар маған сенім артып, комитетке жетекші етіп сайлады.
Азаттық: – «Сирияға кеткендердің көпшілігін білемін» дедіңіз. Қазір олармен хабарласып тұрасыз ба?
Асқар Қошанов: – Жоқ. Бірақ ата-аналарына Сирияға кеткен қыздары хабарласып тұрады. Бірі – аяғы ауыр, бірі – бірнеше баласымен кеткендер. Олар да өздерінің Сирияда ешқандай болашағы жоқ екенін білетін болуы керек. Сондықтан хабарласып, өздерінің қайтқысы келетіндігін айтады екен. Ең бастысы – олар келіп жатса, өздерін қудаламай, қамап қоймаса екен деп отыр.
Азаттық: – Сирияға кеткендердің әйелдерін, бала-шағасын қоса әкетуіне не себеп болды?
Асқар Қошанов: – Себеп өте көп. Біріншіден, әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Екіншісі, бұл мәселе кеше ғана емес, осыдан төрт-бес жыл бұрын басталған. Бұл мәселеде оның неден басталғанын, түп-тамырын анықтаған жөн.
Азаттық: – Комитеттің ендігі қадамы қандай болмақ?
Асқар Қошанов: – Алдымен мен және бірнеше ата-ана бірігіп, Астанаға жолға шықпақпыз. Бұл мәселені үкімет деңгейіне көтеруін сұрап, депутат, сенаторлармен кездесуді көздеп отырмыз. Өйткені осы күнге дейін бұл мәселені көтерген ешкім жоқ, жергілікті органдар бұл істе қауқарсыз болып отыр. Сондықтан бұл мәселе үкімет деңгейінде шешілуі тиіс.
Азаттық: – Бірақ бұған дейін кей депутаттар Сирияға кеткен азаматтар туралы пікір айтты ғой.
Асқар Қошанов: – Олардың айтқандары – емдеуден гөрі кесіп тастауды жөн санайтын хирургтың ісі сияқты. Диагнозын дұрыс қойып, емдеу қажет. Ал күш қолданса, біршама уақытқа басылуы мүмкін, дегенмен ол мәселені толығымен шешпейді ғой. Осы күнге дейін мәселені шешудің нақты жолдарын ұсынған бірде бір адамды кездестірмедім. Ал сынаған пікір айтқан депутаттар мен телеарналар тек өз рейтингін ғана көтеруді ойлайтын секілді.
Азаттық: – Жаңа құрылған комитет қаржылай көмекті қайдан алмақ?
Асқар Қошанов: – Ешқайдан алмайды. Бұл тек ата-аналардың ынтасымен құрылған комитет. Олардың өздерінің материалдық жағдайы мәз емес. Сондықтан үкіметке хабарласып, мәселеге үкімет деңгейінде қолдау көрсетсе деп отырмыз.
Азаттық: – Сұқбатыңызға көп рақмет.