Ресейдің мәдениет саласында дәл осындай пікір қайшылығы сирек кездесетін шығар. Қырымдағы қақтығыс өнер иелерін екіге бөлді, бір тарап Ресейдің Қырымға жасаған әскери басқыншылығын қолдайды, басқалары оны «Украинаның егемендігіне қол сұғу» деп санайды.
ПУТИНДІ ЖАҚТАЙТЫНДАР
Саяси қақтығыс шиеленіскен сайын мәдениет өкілдері де пікірлерін жария түрде білдіріп жатыр. Жүзден астам ресейлік танымал өнер иелері Кремльдің Қырымдағы әрекеттерін қолдап, ашық хат хазды. Наурыздың 11-і күні мәдениет министрлігінің сайтында жарияланған хатқа қол қойғандар «салқын жүректі, енжар бақылаушы болып қала алмайтындарын» айтып, «Ресей Федерациясы президентінің Украинадағы және Қырымдағы әрекеттерін қолдайтындарын» мәлімдеді.
Тізімде Санкт-Петербургтегі Мариинск театрының директоры Валерий Гергиев, пианист Денис Мацуев, балет бишісі Николай Цискаридзе, режиссер Федор Бондарчук, «Мосфильмнің» бас директоры Карен Шахназаров, мемлекеттік тарих музейінің директоры Алексей Левыкин сияқты танымал тұлғалар бар.
Алексей Левыкин: «Мәдениет қайраткерлері қоғамнан оқшау өмір сүрмейді. Олар қоғам ішінде өмір сүреді - соның бір бөлігі. Сондықтан белгілі бір идеологиялық позициясы болуға тиіс» деді Азаттыққа. Бұл хат танымал өнер қайраткерлерінен мемлекет саясатын қолдауды ашық сұрайтын советтік кезеңді еске салады.
Қол қоюшылардың саны көбейіп бара жатқандықтан, қол жинаудың тәсілі туралы да күмән күшейе түседі. Левыкин өзіне біреудің хабарласып, қол қоюын өтінгенін айтты, бірақ оның кім екенін атамады.
Ресейлік журналист Екатерина Барабаш Facebook парақшасында пианист Юрий Розумның «қол қоюға келісетін-келіспейтінімді ешкім менен сұраған жоқ» дегенін жазды.
ПУТИНГЕ ҚАРСЫЛАР
Ресей әскерінің Қырымды басып алуына қарсылық білдіргендер де ашық хат жариялады. 130-дан астам мәдениет өкілдері басқыншылықты қолдайтын әріптестеріне қарсы шықты. Олар Украина актерлері мен мәдениет қайраткерлерінің ресейлік әріптестері мен көрермендерге үндеуіне қолдау білдірді.
Украина мәдениет қайраткерлерінің YouTube-ке жарияланған үндеуі:
Наурыздың 8-і күні жарияланған хатта олар «Ресейдің Украинаға әскер енгізуіне үзілді-кесілді қарсы» екендерін айтып, Ресей телеарналарындағы «Украинаға қарсы бұрын-соңды болмаған науқанды» айыптады.
Ресейдің танымал актрисасы Лия Ахеджакова осы топқа қосылды. «Мен ол жақта (Украинада) көп жүрдім. Львов пен Севастопольде болдым, Трускавецте демалдым. Ресей сияқты Украинаны да отаным деп санаймын» деді ол Азаттыққа. Украинада туып, өмірінің алғашқы жылдарын сол елде өткізген Ахеджакова Украинадағы шиеленістің ресейліктерді екі топқа бөлгенін айтады.
«Қырымға басқыншылық жасауға қарсы шыққалы бері наразылық хаттар көп келе бастады. Басында ол хаттардағы өшпенділіктен шошып кеттім. Бірақ оқиға шиеленіскен соң бір тарапты қолдау керек қой. Мейлі, мені қорлап, тас атсын - бәрібір Украинаны сатпаймын» деді ол.
Осы хатқа қол қойған кино сыншысы Антон Долин Украинаны қолдағаны үшін достары мен әріптестерінің теріс айналғанын айтады.
«Украинаға қатысты пікірталастар бүкіл Ресей қоғамына жайылып барады. Пікірлер екіге жарылып, адамдар бір-бірімен ренжісіп, осы мәселе үшін бұрыннан келе жатқан достықтарын да бұзып жатыр. Біз ашық хатта осындай ессіздікті айыптаймыз» дейді ол.
(Валентин Барышников пен Лиля Пальвелеваның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)