Ресей прокуратурасы «12 азаматты 10 жыл құлдықта ұстады» деген күдікке іліккен мәскеулік бизнесмендердің ісінен ешбір қылмыс таппады.
Сәрсенбі, 14 қараша күні Мәскеу прокуратурасы «Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның 12 адамын еріктерінен тыс бас бостандықтарынан айырды» деген дерекке байланысты қозғалған істі жапты. Ресейлік құқық қорғаушылардың хабарлауынша, прокуратура бұл істен қылмыс белгісін таппаған. «Ол адамдарға жұмыс істеткен бизнесменге ешқандай айып тағылмады» дейді заңгерлер.
Жәбірленушілердің айтуынша, оларға бірнеше жыл бойы тегін жұмыс істетіп, дүкен ғимаратына қамап ұстаған. Шағымданушылар дүкен иелері өздерін Мәскеуге «ақысы көп жұмыс береміз» деп алдап шақырып, құжаттарын тартып алып, бас еріктерінен айырғанын, талай рет қорлық көрсеткендерін айтады.
Бұл 12 адам (бес әйел, төрт ер адам, үш бала) 30 қазан күні босатылған еді. Оларды табуға Мәскеуге жоғалған қыздарын іздеп барған екі әйел сеп болған. «Ол қыздарды азық-түлік дүкенінің иелері 10 жыл бойы құлдыққа салып, дүкен орналасқан үйдің жертөлесіне қамап ұстаған» дейді құқық қорғаушылар.
Жәбірленушілердің бірі Ләйла Әшірова Қазақстаннан 14 жасында кеткен. Оның айтуынша, дүкен иелері өзін ешқайда шығармаған, телефонмен сөйлестірмеген, ұрып-соққан, жеуге жарамсыз тамақ беріп асыраған.
Ләйла Әшірованың айтуынша, оның және тағы бір әйелдің сол жерде туған балаларын тартып алған. Аналарына балаларының қайда екенін де айтпаған. Ләйла Әшірова бостандыққа шыққан соң ғана баласын тапты. «Бірақ кейбір балалардың қайда екені әлі күнге дейін белгісіз» дейді ол.
Ләйла Әшірова мен өзбекстандық Бақия Қасымова дүкен иелері деп Ресейге Қазақстаннан барған Жансұлу Станбекова мен Сәкен Мұздыбаевты атады.
Ресейлік құқық қорғаушылардың айтуынша, дүкен иелері адамды құлдану, еркінен тыс азаттығынан айыру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адам ұрлау, өлтіремін деп қорқыту, тіпті адам өлтіру қылмыстары бойынша жауапкершілікке тартылуы керек болған. «Бірақ ондай қылмыстың ешбірі жасалмаған» дейді Ресей прокуратурасы.
Мақаланы автордың Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында да талқылай аласыз.