Accessibility links

«Жылына 4 миллион адам құлдыққа душар болады» дейді құқық қорғаушылар


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
19 маусым күні АҚШ мемлекеттік департаментінің адам саудасына арналған есебі шықты. Есепке дүниежүзіндегі 186 мемлекет пен аймақтағы адам саудасымен күрес жағдайы баяндалған. Құжатты жариялаған мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон «әлем халқының 27 миллионы адам саудасының құрбаны болып отыр» деді.

Адам саудасының құрбандарын қорғау келісімі негізінде дайындалған, «2012 жыл. Адам саудасы» атты бұл баяндама әлемдегі үкіметтердің бүгінгі заманғы құлдықпен күресіне баға берген.

«ИРАН АДАМ САУДАСЫМЕН КҮРЕСПЕЙДІ»

Адам саудасымен күресте Грузия халықаралық келісімді толығымен орындап отырған елдер қатарында тұрса, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Украина, Молдово, Черногория, Босния, Сербия, Румыния және Косово – «адам саудасы құрбандарын қорғау келісімінің талаптарын толық орындамай келген, бірақ АҚШ пен бірге адам саудасына қарсы күреске қатысқан елдер».

«Адам саудасы мен бүгінгі заманғы құлдықтың ушығып тұрған жері – Иран. Сонымен қатар Ауғанстан, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей, Пәкістан және Иракта да адам саудасы қызып тұр» дейді баяндама авторлары.

Бірақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның пікірінше, адам саудасымен
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Вашингтон, 14 маусым 2012 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Вашингтон, 14 маусым 2012 жыл.
күрес нәтижелі болып жатыр.

– Осы жолғы есепке қарағанда, біз расында біраз жетістікке жеттік. 29 ел төменгі деңгейден жоғары сатыға көтерілді. Бұл осы елдердегі үкіметтердің дұрыс бағытта екенін көрсетеді. Ол заңдарды қатайтып, тергеулер мен сот істерін күшейтіп, жол картасымен жүруге жауапты болу керек дегенді білдіреді, – дейді Хиллари Клинтон.

АДАМ САУДАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ – 27 МИЛЛИОН

Адамдарды еркінен тыс жұмысқа жегу, құлдыққа салу және жыныстық саудаға салуға қарсы күрес деңгейін бағамдайтын бұл есеп бойынша, әлемде 27 миллион ер мен әйел және бала адам саудасының құрбаны болып отыр.
Әлемде 27 миллион ер мен әйел және бала
адам саудасының құрбаны болып отыр.

– Біз бір сәт өз елімізде және әлемдегі жағдайға баға бергенімізбен, енді 27 миллион құрбанды құтқару жолдарын табуымыз керек. Олардың бұдан былай құрбан болмауына жағдай жасауымыз қажет, – дейді АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

Адам саудасына қарсы күресушілердің айтуынша, әлемде жылына 4 миллионға тарта адам құл сатушылардың қолына түсіп, қылмыстық топтар 32 миллиард долларға дейін пайда табады. Заңсыз бизнес құрбандары – көбіне жағдайы төмен отбасылар, кәмелетке толмаған балалар мен мигранттар. Олар құрылыс, ауыл шаруашылығы жұмыстарына жегіліп, мәжбүрлі түрде қайыршылықпен және жезөкшелікпен айналысады.

БІР АЙДА – ЕКІ ТҮРЛІ БАҒА

АҚШ мемлекеттік департаментінің есебіне қарағанда, Қазақстан адам саудасымен күресті күшейте түскен. Алайда IWPR (Соғыс және бейбітшілік институты) мамырдың 29-ында Қазақстандағы адам саудасы жайында зерттеулерін жариялап, «қазақ үкіметі бұл қылмыстың алдын алу үшін жеткілікті жұмыс атқарып жатқан жоқ» деген қорытынды жасаған еді.

IWPR зерттеушісінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанда адам ұрлау және құл
Қыз алып қашу тақырыбына иллюстрация ретінде түсірілген көрнекі сурет.
Қыз алып қашу тақырыбына иллюстрация ретінде түсірілген көрнекі сурет.
ұстау қылмыстары көбейіп келеді. «Осы қылмысқа қатысты үкіметтің, полиция мен құқық қорғау органдарының немқұрайдылығы да проблеманы күрделендіріп тұр» дейді адам саудасымен күресушілердің бірі.

Жалпы, Қазақстан – адам саудасының «тасымал жолы» ретінде айтылады. АҚШ мемлекеттік департаментінің адам саудасына қатысты өткен жылғы есебінде «Қазақстан – адам ұрлау қылмыстарын жүзеге асыратын қолайлы аймақ» деп жазылған. «Қылмыстық топтар құрбандарын басқа елге тасығанда Қазақстанды транзиттік территория ретінде пайдаланады» дейді бұл қылмысқа қарсы күресушілер.

Ал IWPR мамандары «Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан ұрланған адамдар Қазақстан арқылы Ресей, Біріккен Араб әмірліктері, Түркия және Грекия сияқты елдерге әкетіліп жатыр. Алданған әйелдерді негізінен жыныстық жұмыстарға жегеді» деп біледі.
XS
SM
MD
LG