Сочидегі қысқы олимпиаданың ашылу салтанаты ақпанның 7-сі күні болады. Салтанатты шара кезінде Ресейдегі ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал, трансгендер - ред.) өкілдеріне жасалып жатқан қысымға қарсылық білдіретіндерін хабарлаған спортшылар бар. Алайда басқа сайыскерлер, арасында гей спортшылардың өздері де бар, «олимпиада саяси көзқарасыңды білдіретін жер емес» дейді.
СПОРТҚА САЯСАТ АРАЛАСТЫРМАУ
Сочи олимпиадасы қарсаңында жұрт назары Ресейдің гейлерге қарсы заңына наразылық білдіруі мүмкін белсенді Батыс спортшыларына ауып тұр.
Олимпиадалық хартияның 6-принципінде «Адамды діни, нәсілдік, саяси, гендерлік, мемлекеттік, т.б. кез келген белгісіне қарап дискриминацияға ұшырату Олимпиада қағидаларына қайшы келеді» деп жазылған. Спортшылар мен жанкүйерлердің дискриминацияға қарсы науқаны Principle 6 аталып кеткен.
Мәселен, австралиялық бобслей командасы шаналарына Principle 6 логотипін тағып келді.
Ал АҚШ мәнерлеп сырғанаушысы Джереми Эббот «Ресей заңы өзінің жеке сеніміне мүлдем кереғар» екенін мәлімдеді.
Дегенмен олимпиадаға қатысатын көптеген атлеттер, арасында тіпті өз елінде Ресейдегі жыныстық азшылық өкілдеріне жасалатын қысымға ашық қарсылық білдірген спортшылар да бар, «наразылықтарын іште сақтап, бұл мәселе бойынша үндемейтіндерін» айтты.
Канадалық конькиші Анастасия Буксис - өзінің гомосексуал екенін ашық мәлімдеген спортшылардың бірі. Буксис канадалық БАҚ беттерінде ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал, трансгендер - ред.) құқығын насихаттауға тыйым салатын заңды сынаған еді. Бірақ ол Сочиде ешқандай мәлімдеме жасамайтынын айтты. «Шулатайын деген ойым жоқ. Бұл жерге коньки тебуден жарысып, өз елімнің намысын қорғауға келдім» дейді спортшы.
Голландиялық шорт-трек спортшысы, гомосексуал Санне ван Керкоф ханым мен АҚШ тау шаңғышысы, ЛГБТ құқықтарын қорғайтын, бірақ өзі гетеросексуал Тед Лигети мырза да басқа сайыскерлер сияқты «Сочиден тыныш кететіндерін» білдірді.
Тіпті «Сочи олимпиадасына барған соң Ресей президенті Владимир Путинді көпшілік алдында сынаймын» деп мәлімдеген австралиялық сноубордшы Бела Брокхоф ханымның өзі бастапқы ниетінен қайтыпты.
Ол «камераға алты саусағымды көтеріп, Principle 6 науқанын қолдайтынымды ғана білдіремін» дейді. Бірақ мұндай ишаралар Ресей заңына қайшы келеді. Ал спортшылардан олимпиада кезінде белсенділік танытпауды талап еткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) ондай әрекетке қатысты қандай шара қолданатыны белгісіз.
ХОК ТАЛАБЫ
ХОК президенті Томас Бах «Сочидегі баспасөз мәслихаты кезінде спортшылар саяси көзқарастарын білдіріп, ишаралар жасай алады» деді. Бірақ сайыс және марапаттау рәсімдері кезінде оның бәріне тыйым салынады. Ережені бұзған спортшылар медалінен айрылып, жарыстан шығарылады.
Бұрынғы олимпиадаларға қатысқан кейбір спортшылар «саяси мәлімдеменің қажет емес» екенін айтты. АҚШ-тың үш мәрте олимпиада жеңімпазы, мәнерлеп сырғанаушы Джонни Вейр Сочи ойындарына қатысты пікірін теледидар арқылы таратты. Ол «Олимпиада ойындары саяси мәлімдеме жасайтын жер емес» деп АҚШ-тағы ЛГБТ қауымын ашуландырып тастады.
Өзінің де гей екенін жасырмайтын және орыстарды жақсы көретін Вейр атлеттерге «өздерің қонақ болып келген елдің мәдениетін құрметтеңдер» деді.
1992 жылы Барселона олимпиадасында алтын медаль алған канадалық суға жүзуші, өзі де гомосексуал Марк Тьюксбери «ресейлік заңға спортшылар емес, ХОК қарсы тұруға тиіс еді» деп мәлімдеді. Ол «гей спортшыларды өздерін жек көретін мемлекетке келуге мәжбүр еткен» олимпиада комитетіне наразы екенін білдірді.
Басқа сайыскерлер наразылық танытудың өзіндік әдісін тапқан тәрізді. Украинадағы «Еуромайдан» белсенділері өз елінен аттанған спортшыларды олимпиада ойындарында «ресейліктердің басқыншылығына» төтеп беруге шақырды.
Ресейлік сноубордшы Алексей Соболевтің сырғанайтын тақтасына әйел суретін жапсырып алғаны байқалды. Суреттегі әйел Pussy Riot тобының мүшесіне ұқсайды. «Pussy Riot тобын қолдайсыз ба?» деген Associated Press тілшісінің сұрағына Соболев жауап беруден бас тартты.
(Мақаланы ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)
СПОРТҚА САЯСАТ АРАЛАСТЫРМАУ
Сочи олимпиадасы қарсаңында жұрт назары Ресейдің гейлерге қарсы заңына наразылық білдіруі мүмкін белсенді Батыс спортшыларына ауып тұр.
Principle 6
Principle 6 науқаныОлимпиадалық хартияның 6-принципінде «Адамды діни, нәсілдік, саяси, гендерлік, мемлекеттік, т.б. кез келген белгісіне қарап дискриминацияға ұшырату Олимпиада қағидаларына қайшы келеді» деп жазылған. Спортшылар мен жанкүйерлердің дискриминацияға қарсы науқаны Principle 6 аталып кеткен.