Ресейдің мемлекеттік телеарналары «бейтарап ақпарат тарату» ұғымын түсіне бермейді. Олардың Украинадағы шеру туралы таратқан хабарларын көрген сарапшылар осындай тұжырым жасады.
«БАТЫС ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН БҰЗАҚЫЛАР»
Жарты ай бұрын Украина президенті Виктор Янукович Еуропа Одағымен серіктестік шартына қол қоюдан бас тартқан еді. Осыдан соң басталған демонстрациялар туралы Ресей арналары жалған ақпарат таратып отыр.
Жексенбі, желтоқсанның 8-і күні Киевтің Тәуелсіздік алаңында үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жиналған жүздеген мың адам Ленин ескерткішін құлатты. Осы оқиға туралы Ресейдің «Бірінші арнасы» «бар-жоғы жүз қаралы адам жиналған шеру аяқталып келеді» деген хабар берді.
Ресей журналистері шерушілерді «Януковичті биліктен кетіріп, Украинада хаос орнатуды қалайтын Батыс қаржыландырған бұзақылар» деп сипаттаудан жалығар емес. Ресейлік «Московский Комсомолец» газетінің сыншысы Александр Мелман:
- Мемлекеттік телеарналар күрес әдісіне көшкен, бұл қазіргі сәтте айқын көрініп тұр. Олар тапсырма алған, тапсырманы орындауға көнген, себебі олар Кремльдің бірбеткей екені, мұндай мәселеде ешқандай мәміленің болмайтынын түсінеді, - дейді.
Украинадағы демонстранттар бұған, әрине, наразы.
«САНДЫРАҚ ПЕН ӨТІРІККЕ» - «ОСКАР» СЫЙЛЫҒЫ
Украиналық журналист Виталий Седюк жексенбі, желтоқсанның 8-і күні «Россия 24» телеарнасының Киевтегі Тәуелсіздік алаңынан беріп жатқан тікелей репортажы кезінде кадрға кіріп кетіп, ресейлік тележурналист Дмитрий Киселевке «сандырақ пен өтірікті таратқаны үшін «Оскар» жүлдесін табыстайтынын» айтып, «Біз орыстарды жақсы көреміз, бірақ бұлайша хабар таратуларыңыз ұнамады» деді.
«Россия 24» телеарнасының тілшісі Артем Коль украин журналисі Седюкті әупіріммен кадрдан итеріп шығарды. Одан соң Коль халықтың украин тілінде «Масқара!», «Ақиқатты айт!» деп айқайлаған ұрандарын «үгіт-насихат» деп түсіндіріп, «олар бізден демонстрацияның тек жақсы жақтарын айтуды талап етіп жатыр» деді.
КИСЕЛЕВТІҢ КЕКЕСІНДЕРІ
Желтоқсанның 9-ы күні Киселев Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдарының Украинадағы наразылық шараларына қарсы ақпараттық науқанына жетекші ретінде тағайындалды. Мұндай науқан жасауды оның өзі ұсынған еді.
«Московский Комсомолец» газетінің тілшісі Александр Мелман:
- Киселевтің екі аптадағы істегені – өрескел нәрсе. Кеше ол шылғи өтірік пен манипуляцияға көшті. Тіпті совет заманындағы комментаторлар бұлайша өтірік айтпайтын. Оныкі - шынымен шектен шығу, басқалар мұны ақылмен істеп жатыр, - деді.
Жексенбі күні «Россия 1» телеарнасынан берілген кекесін мен әжуаға толы 20-минуттық репортажында Киселев украин оппозициясының басшысы, әлемге танымал боксшы Виталий Кличко мен оның бауыры Владимирді «гейлердің көзайымы» деп атады.
«Демонстранттар күннің суығында бөшке-бөшке шошқа майының арқасында жан сақтап жатыр», «полицияға қарсы олар Африканың ежелгі әскери техникасын қолданды» дейді Киселев.
Ол, бұдан бөлек, «демонстранттар алаңда орнатылған жаңажылдық шыршаны құлату арқылы заңды сыйлайтын Киев тұрғындарын жаңа жылды тойлау бақытынан айырды» деп мәлімдеді.
«Демонстранттар тағылық жолмен шыршаның тас-талқанын шығарып, оның бөлшектерін баррикада құруға пайдаланды. «Украина – Еуропа» деп ұрандағанымен, Киевтің орталығындағы жағдай ежелгі заманға ұқсап барады» дейді ол эфирден.
Осыдан бірнеше күн бұрын ғана басқа бір телехабарда сөйлеген ол шведтердің балаларға арналған бағдарламасының видеосын пайдаланып, оны Украинаның Еуропаға ұмтылуының мысалы ретінде көрсетті. Ол бұл видеодағы шляпа киіп, көзәйнек таққан адам қаңқасның бөлшектерін көрсетіп, оларды «Еуропаның құндылықтары, әрі мақтанышы» деп атайды. Қызды-қыздымен Киселев «Швецияда балалардың 9 жасынан жыныстық қатынасқа түсуі заңдылық саналады» деп салды.
"ҚОЛАЙСЫЗ АУА-РАЙЫ ЖАНЖАЛҒА ИТЕРМЕЛЕЙДІ"
Украинадағы шеруді кекесінмен сипаттаған жалғыз Киселев емес.
«Россия 24» телеарнасында ауа райы болжамын жүргізген Вадим Заводченков демонстранттарды «қыстың қызығын әбден кетірді» деп сөкті. 2004 жылғы қызғылт-сары төңкеріс те қыс мезгілінде болған еді.
«Украинадағы саяси жағдайдың ушығуы жыл мезгілдерінің ауысу сәтімен тұспа-тұс келуі бір бұл емес. Бәлкім бұл кездейсоқтық та емес шығар. АҚШ-тағы Колумбия университеті ғалымдарының сөзіне сенсек, нашар ауа райы халықты конфликтіге итермелейді. Олардың Ресейдегі әріптестері бұл тұжырыммен келіседі» дейді ол.
Заводченков демонстранттарға «Денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, плакаттарыңды шиыршықтап орап, үйлеріңе қайтыңдар. Киевте тыныс жолдары инфекциясының аса ауыр түрі тарап жатыр» деп ақыл айтты.
Клэр Бигтің материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.