Accessibility links

Ислам партиясы жабылып, «бүлікші» генерал мерт болды


Тәжікстанның Ислам өркендеу партиясы лидері Мухиддин Кабиридің парламент сайлауында дауыс берген сәті. Душанбе, 28 ақпан 2010 жыл.
Тәжікстанның Ислам өркендеу партиясы лидері Мухиддин Кабиридің парламент сайлауында дауыс берген сәті. Душанбе, 28 ақпан 2010 жыл.

Душанбеде Тәжікстан Ислам өркендеу партиясы жетекшілерінің бірі тұтқындалып, өткен айда ұйымның аймақтық филиалдары жабылуы партия қызметін тоқтатты. Бақылаушылар «енді радикалдар көбейеді» дейді.

Кеше Тәжікстан қауіпсіздік қызметі Ислам өркендеу партиясы төрағасының бірінші орынбасары Сайидумар Хусайниді Қазақстанға ұшатын рейстен түсіріп алған. Партия өкілдерінің баспасөзге мәлімдеуінше, Хусайни бір апталық жұмыс сапарымен Алматыға ұшпақ болған. Оны не үшін тұтқындағанын оның өзі де, партиялас жақтастары да білмейтіндерін айтады. Бірақ елдегі ықпалды оппозициялық ұйымды қудалау бұдан ертеректе басталған.

Ислам өркендеу партиясының төраға орынбасары Сайидумар Хусайни.
Ислам өркендеу партиясының төраға орынбасары Сайидумар Хусайни.

Ислам өркендеу партиясының аймақтардағы филиалдарының көбі жабылғандықтан, қазір партия қызметі тоқтаған. Бұл жайында Тәжікстан әділет министрлігінің тамыздың аяғында партияға жолдаған хатында айтылған. Биліктің жазуынша, енді Ислам өркендеу партиясы жұмыс істей алмайды, 10 күн ішінде толық жабылуы тиіс.

2015 жылдың наурызында өткен парламент сайлауында жеңілгеннен кейін Тәжікстаннан кетіп қалған партия жетекшісі Мухиддин Кабири Азаттықтың Тәжік қызметіне берген сұхбатында қазір билік партия меншігіндегі нысандарды мөрлеп-хаттап, кейбір белсенділерін қамап,олардың дүние-мүлкін тәркілеп жатқанын айтады. Мухиддин Кабири Азаттықтың Тәжік қызметінің журналисі Мирзо Салимпурдің сұрақтарына:

- Қаржы және әскери қуаты жағынан үкімет бізден күшті болғандықтан, ол мәселелерді ақша мен қарудың күшіне сүйеніп шешеді. Бірақ идеологиялық тұрғыдан әлсіз болғандықтан, аймақтағы ең әлсіз үкімет саналады. Отырыс өткізу үшін партияның саяси кеңес мүшелерін Стамбулға дәл сол себепті шақырдым. Партияның кейбір мүшелеріне бұл мәселелерді билікпен талқылауды сұрап, егер мәселе маған тіреліп тұрса, кетуге әзір екенімді мәлімдедім. Мен үшін елдегі тыныштық пен тұрақтылық маңызды, бұрын да талай мәмілеге келгенбіз, тағы да келерміз, ол проблема емес. Мына жағдай көбіне ұнамайтынын білеміз. Бірақ бізге бұл мәселе бойынша ешкімнің сөйлескісі келмейтінін хабарлады, - деп жауап берді.

АЗАМАТ СОҒЫСЫНЫҢ ЕЛЕСТЕРІ

Мирзо Салимпур Азаттыққа берген сұхбатында 2010 жылғы парламент сайлауында біраз табысқа жеткен Ислам өркендеу партиясына қарсы науқан бес жыл бойы тоқтамағанын айтады. Оның айтуынша, билік партия белсенділері мен жақтастарын қудалап, баспасөзде, тіпті мемлекеттік БАҚ-та партия өкілдерін зинақорлыққа айыптаған мақалалар мен төсек қатынастары түсірілген видеолар жариялаған.

Журналист Мирзо Салимпурдің болжамынша, партия белсенділері мен жақтастарының бір бөлігі, әсіресе ұйымның жас өкілдері енді экстремистік топтарға қосылуы мүмкін. «Тәжікстан қоғамында ислам діні ықпалы қатты. Билік «исламшылдар осы жолы - 1,5 пайыз, ал өткен сайлауларда 9 пайыз алды» деп мәлімдейді, бірақ Ислам өркендеу партиясы одан көп дауыс жинағанын айтады» дейді Мирзо Салимпур.

Тіпті бұрынғы содырларын жұмылдырғысы келсе де, ол әрекетінен ештеңе шықпас еді. Қарулы бүлік ұйымдастыратындай олардың мүмкіндігі де, қауқары да, ресурсы да жоқ.
Парвиз Мулоджонов.

Тәжік саясаттанушысы Парвиз Мулоджонов Ислам өркендеу партиясы жабылғаннан кейін бос қалған саяси кеңістікті экстремистік әрі радикал ұйымдар толтыруы мүмкін деп есептейді.

- 1997 жылы бейбіт бітімге қол қойған сәттен бастап партия зорлық-зомбылықтан бас тарту жөнінде жүйелі саясат жүргізіп, әскери құрылымдарын толық қарусыздандырды. Бұл азамат соғысы тұсындағы әскери-саяси құрылымнан жүйелі заңды саяси партияға айналу процесі болды. Ол бұрынғы содырларынан байланысын үзіп, оларды қамауға алып, соттаған кезде қолдаған жоқ. Тіпті бұрынғы содырларын жұмылдырғысы келсе де, ол әрекетінен ештеңе шықпас еді. Қарулы бүлік ұйымдастыратындай олардың мүмкіндігі де, қауқары да, ресурсы да жоқ, - дейді саясаттанушы Азаттыққа берген сұхбатында.

Тәжікстан қорғаныс министрі орынбасары болған генерал Абдухалим Назарзода (сол жақтан үшінші). 16 қаңтар 2013 жыл.
Тәжікстан қорғаныс министрі орынбасары болған генерал Абдухалим Назарзода (сол жақтан үшінші). 16 қаңтар 2013 жыл.

Ислам өркендеу партиясына қысым кеше кешкісін Тәжікстан үкіметі «оққа ұшты» деп жариялаған «Абдухалим Назарзоданың қарулы бандасын жою үшін ұйымдастырылған антитеррорлық операция» қарсаңында басталған. Билік Назарзоданың Ислам өркендеу партиясымен байланысы бар деп санайды. Бірақ партия басшылығы онымен байланыстары жоқ екенін ресми мәлімдеп, кейбір оппозициялық саясаткерлер Назарзоданы тіпті «Мәскеудегі тәжік оппозициясы белсенділеріне қарсы ұйымдастырылған қастандыққа қатысы бар» деп айыптаған.

Ондаған мың адам опат болған азамат соғысы жылдары генерал Абдухалим Назарзода мен Ислам өркендеу партиясы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға қарсы оппозиция болған. 1997 жылы оппозиция жетекшілері мен президент Рахмон азамат соғысын тоқтатқан бейбіт бітімге қол қойған. Араға 18 жыл салып ислам жаңғыру партиясы қызметіне тыйым салынды, ал генерал Назарзода өлтірілді.

XS
SM
MD
LG