Фамилиясын орыс үлгісінде жазудан бірнеше жыл бұрын ғана бас тарта бастаған Тәжікстанда ұлттық үлгідегі фамилиялар сәнге айналған еді.
2007 жылы ел президенті фамилиясындағы «ов» жұрнағын алып тастады. Президенттің аты-жөні Рахмонов Эмомали Шарифович емес, Эмомали Рахмон болып өзгерді. Бұдан кейін Тәжікстанда «-ов», «-ев» және «-ович» секілді жұрнақтары бар адамдар азая бастады.
Бірақ қазір бұл жұрнақтар қайта орала бастаған. Мұны мемлекеттік қызметкерлердің бірі «жас ұрпақтың ұлттық және патриоттық сезімінің төмендігімен» байланыстыратынын айтты.
«ПАТРИОТИЗМНЕН ЖҰРДАЙ»
Бұл туралы мәселені көтерген - Тәжікстан бас прокуроры Шерхон Салимзода. Ол қаңтардың 21-і күні «Джумхурият» («Республика») газетіне сұхбат берді. Прокурор «бұл үрдістің шыққанына екі жылдай болғанын» айтып, «жастар қазір аты-жөндерін орысша жаздыруға көшті» деді.
Айғақ ретінде Салимзода елдің ең үлкен үш университетінің мәліметтерін келтірген. 2013 жылы тек екі студент аты-жөнін «тәжікше» өзгертуге өтініш берген, ал қалған 513 студент аты-жөндерінің орыс жұрнақтарымен қала беруін қалаған.
Шерхон Салимзода бұны «ұлттық намысқа тиетін құбылыс» деп бағалайды. Ал тәжік жастарының көбі «бұл – қажеттілік» деген уәж айтады.
«ҚАЖЕТТІЛІК»
Жастардың көбі «аты-жөнім Ресей үлгісімен жазылса, ол елге барғанда қиындық тумайды» дейді. Тәжік азаматтарының жетіден бірі жыл сайын Ресейге еңбек мигранты ретінде жұмыс істеуге барады. Онда олар әдетте дискриминация мен нәсілдік озбырлыққа ұшырайды.
- Онда өмір сүріп, жұмыс істейтін болсаңыз, аты-жөніңіздің Ресей үлгісінде болуы жағдайыңызды әлдеқайда жеңілдетеді, - дейді Хасан Садуллоев.
Ол – Душанбедегі Тәжік ұлттық университеті студенті, жазғы демалысында Ресейге барып, жұмысқа жалданады.
Екі жыл бұрын бұл жігіттің ресми аты-жөні «Хасани Абдулло» болған еді. Қазір ол – Садуллоев Хасан Абдуллоевич.
- Тәжікше жазылған аты-жөнімнің кесірінен Ресейде көптеген бюрократиялық кедергілерге кезіктім. Маған «бұл қиындықтар аты-жөнің тек екі бөліктен тұратындықтан шығып жатыр» деп түсіндірді. Ал Ресейде адамның аты-жөні үш бөліктен тұруы тиіс. Оларға қайсысы - фамилиям, қайсысы әкемнің аты екені түсініксіздеу болған шығар. Ақыры мені депортациялап жіберді, - дейді Хасан.
Садуллоевтың бұл пікірі Тәжікстан бұқаралық ақпарат құралдарында айтылатын пікірлермен ұштасып жатыр. Бірақ ресми орта бас прокурордың сөзін әрекетке шақырған ұран ретінде қабылдағанға ұқсайды. Қаңтардың 24-і күні, Шерхон Салимзоданың мақаласы жарыққа шыққаннан бірер күн кейін, ауыл шаруашылығы министрі Қосим Қосимов аты-жөнін өзгертуге өтініш тапсырғанын жариялады.
Қосимов енді өзінің «Қосим Рохбар» болатынын айтты. «Рохбар» тәжік тілінде «көсем» деген сөз. Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі әкесінің аты - «Рохбарды» Ресей үлгісінде «Рахбарович» деп қолданып келген.
Тәжіктер аты-жөндеріндегі орысша жұрнақтарды 90-жылдардың басында алып тастай бастаған еді. Бұл Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәжік ұлтының тұтастығын нығайтуға арналған қадам саналған.
«ТӘЖІКСТАНДА ИСЛАМ ЕСІМДЕРІ КӨБЕЙДІ»
Тәжікстандағы адам есімдерінен қоғамдық үрдістер мен көзқарастардың ықпалын байқауға болады.
80 және 90-жылдары нәрестелерге тәжік-парсы тарихы мен әдебиетінен ат қою модаға айналды. Мыңдаған балаға патша не батырдың, немесе парсы әдебиеті кейіпкерінің есімі қойылды.
Тәжік қоғамында ислам дінінің ықпалы күшейіп келеді. Бұны соңғы 10 жылда балаларға қойылған есімдерден байқауға болады.