Accessibility links

Тбилиси орталығында арнайы жасақ наразылық акциясын таратты


Тбилиси, 3 желтоқсан 2024 жыл.
Тбилиси, 3 желтоқсан 2024 жыл.

Тбилиси орталығында полиция үкіметке қарсы наразылық акциясын таратты. Наразыларға жас ағызатын газ, су шашылған, куәгерлердің видеосында оқ атылғаны естіледі. Резеңке оқ қолданылған болуы мүмкін.

Азаттық алаңында арнайы жасақ наразыларды тықсыруға тырысқан. Ұсталғандардың жалпы саны белгісіз.

Оппозиция мен Еуропаға бағытты жақтайтындардың наразылығы жалғасып жатқанына алты күн болды. Бұған дейін парламент сайлауының ресми нәтижесіне наразылық болған.

Алты күн ішінде Тбилисиде 293 күн адам әкімшілік баппен ұсталған, алты адамға қылмыстық іс қозғалған.

Балтық елдері наразылықты күшпен басқаны үшін Грузия ішкі істер министрлігінің басшылары мен "Грузин арманы" партиясының жетекшілерін санкция тізіміне енгізді. Үш мемлекеттің елшілері мен сенімді уәкілдері Грузия ішкі істер министрлігіне шақырылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG