Accessibility links

Украинадағы соғыс: 18-24 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз:

  • Ресей зымыраны Одессадағы көп қабатты тұрғын үйге түсті. Президент Зеленскийдің айтуынша, 8 адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.
  • Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Ол Ресей бақылауға алған аумақты Украина көп ұзамай қайтарады деді.
  • 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде адам шығыны болғанын алғаш рет мойындады.
  • Молдованың сыртқы істер министрлігі жуырда жарияланған Ресей әскерінің жоспарына алаңдаушылық білдірді. Онда Молдова да аталған еді.
  • Мариуполь маңындағы Виноградное елді мекенінен бауырластар зиратына ұқсас орын анықталды.
  • Путин БҰҰ бас хатшысымен кездеседі.

Испания мен Дания премьерлері Украинада

Украинада Испания премьері Педро Санчес пен Дания үкіметінің басшысы Метте Фредериксен келді. Олар Ресей басқыншылығынан зардап шеккен Киев облысындағы Бородянка қаласына барды.

Эстония мен Латвия парламенті Ресей әскерилерінің Украинадағы «әскери қылмысы мен украин халқына жасаған геноцидін» сынайтын құжат қабылдады.

Ресей думасының спикері: Ресей «территориясын қайтарып жатыр»

Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин Ресейдің алтын валюта қорына салынған санкцияларына қатысты айтқаны:

«Ресурстарымызды жоғалтқан жоқпыз, оларды бұғаттап тастады, демек қайтару керек. Мақсатымыз – осы. Бізден көп нәрсені алып алды. Қазір еліміз активтерін де, территорияларында қайтарып алып жатыр».

Володиннің бұл сөзін РИА Новости агенттігі жариялады.

Мәскеу соты Google компаниясын «Украинадағы арнайы операция жайлы фейктерді» алып тастамады деп 11 млн рубль (136 мың доллар) айыппұл салды.

Ресей Украинаға басқыншылығын «арнайы операция» деп атап, «соғыс» деген сөз қолданған материалдар мен видеоларды «фейк» деп таниды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG