Accessibility links

Украинадағы соғыс: 18-24 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз:

  • Ресей зымыраны Одессадағы көп қабатты тұрғын үйге түсті. Президент Зеленскийдің айтуынша, 8 адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.
  • Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Ол Ресей бақылауға алған аумақты Украина көп ұзамай қайтарады деді.
  • 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде адам шығыны болғанын алғаш рет мойындады.
  • Молдованың сыртқы істер министрлігі жуырда жарияланған Ресей әскерінің жоспарына алаңдаушылық білдірді. Онда Молдова да аталған еді.
  • Мариуполь маңындағы Виноградное елді мекенінен бауырластар зиратына ұқсас орын анықталды.
  • Путин БҰҰ бас хатшысымен кездеседі.

Зеленский Украинаға ай сайын $7 млрд қаржылай көмек қажет болатынын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Ресей басқыншылығының салдарынан туындаған шығынды өтеп, экономиканы ұстап тұру үшін Украинаға ай сайын 7 млрд доллар қаражат қажет. 21 сәуірде Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банк жетекшілерімен онлайн кездесу кезінде Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей күштері темір жол вокзалдары, азық-түлік, мұнай қоймалары тәрізді "өмір сүруге қажет негізгі нысандардың барлығын" жоюға тырысып жатыр.

Дүниежүзілік банк жетекшісі Дэвид Малпасс банк дерегіне сүйеніп, инфрақұрылым нысандары қираған Украина соғыстың экономикаға зардабын есепке алмағанда 60 млрд доллар шығынға батты деп мәлімдеді. "Соғыс әлі жүріп жатыр, шығын көлемі өсіп жатыр" деді Малпасс.

Осыған дейін Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездескен АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен кездесу кезінде Киевке жалақылар мен зейнетақы, қызмет төлемдерін өтеуіне мүмкіндік беру үшін АҚШ Украинаға 500 млн доллар көлемінде қаржылай көмек бөлетінін айтты. "Бұл Ресей басқыншылығы тұсында Украина үкіметіне жұмыс істеуіне көмектеседі" деді. Ол Украинаның қаржылай көмекке зәру екенін алға тартып, Вашингтон Украинаға бұдан да көп қаражат қажет екенін жақсы түсініп отыр деді.

Мариуполь түбінде Ресей бақылауындағы Мангуш ауылынан бауырластар зираты анықталды. Спутник суреттері қазылған траншеяның 300 метрдан асатынын көрсетті

Мангуштағы бауырластар зиратының 9 сәуір күнгі спутник суретінен көрінісі.
Мангуштағы бауырластар зиратының 9 сәуір күнгі спутник суретінен көрінісі.

Бұл туралы Азаттық радиосы Украин қызметінің "Схема" дейтін жобасы хабарлады. Журналистердің қолына жаппай жерлеу ізі бар спутник суреттері түскен.

Мұның алдында Мариуполь басшысы Вадим Бойченко Мангуш ауылының түбінде бауырластар зиратын барын айтқан. "Мәйіттерді жүк көлігімен әкеліп, орға тастап жатыр" деді ол.

Спутник суреттеріне қарағанда, Мариупольден 20 шақырым жердегі Мангуш ауылында бауырластар зираты шамамен наурыздың соңында пайда болған. 23 наурызда түсірілген суретте ізі жоқ траншея 29 наурыздың суретінен байқалған. Жанында оны қазып жатқан техниканы көруге болады.

Зираттың ізі көрінбейтін 23 наурыз күнгі сурет пен жаңа қазылған зират байқалатын 29 наурыз күнгі сурет.
Зираттың ізі көрінбейтін 23 наурыз күнгі сурет пен жаңа қазылған зират байқалатын 29 наурыз күнгі сурет.

9 сәуірдегі спутник суреттерінде траншеяның кеңейгені, ал кей бөлігінің көмілгені байқалады. Мариуполь басшысының кеңесшісі Петр Андрющенко "Схема" журналистеріне Ресей сарбаздарының қаза тапқандардың мәйітін өнеркәсіп аумақтарындағы тоңазытқыш камераларына апаратынын, сол жерде пакетпен орап жерлеуге әкететінін айтты.

Журналистер Буча шіркеуінің түбіндегі атышулы бауырластар зиратының ұзындығы 14 метр болғанын, ол жерден 70 адамның мәйіті табылғанын еске салады. Ал Мангуштағы зираттың ұзындығы 300 метрде асады. Мариуполь қалалық кеңесі ол жерде жерленген мәйіт саны үш мыңнан тоғыз мыңға дейін жетуі мүмкін дейді.

Зеленский: Ресей Пасха кезінде ұрысты тоқтата тұру туралы ұсыныстан бас тартты

Украина президенті Владимир Зеленский күнделік видео үндеуінде Ресейдің Пасха мерекесі кезінде ұрысты тоқтату туралы Украина ұсынысынан бас тартқанын мәлімдеді. "Бұл – Ресей басшыларының христиан дініне, ондағы ең бір қуанышты әрі маңызды мерекелердің біріне қалай қарайтынын көрсетті" деді Зеленский.

Биыл Православие пасхасы жексенбі, 24 сәуірге келеді.

Ұлыбританияның Украинадағы соғыс жөніндегі барлауы

Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің барлауы қызметі Украинадағы соғыс жайлы күнделік шолуын жариялады:

Путиннің "Азовсталь" зауытын құрсауға алу туралы шешімі Мариупольдегі Украина әскерінің қарсылығына тұсау салып, босаған күшті басқа аймаққа жіберу ниетінен туған болуы мүмкін

Зауытқа үлкен күшпен шабуылдау кезінде Ресей әскері шығынға батып, сарбаздарынан айырылуы ықтимал еді. Ондай жағдайда әскері мүшкіл болып қалар еді.

Ресей Донбасстағы Лиман, Бугаевка, Барвенково және Попасная елдімекендерін ауыр артиллерия күшімен атқылап жатыр

Ресей соғыс басындағы сәтсіздіктерінен әлі де зардап шегіп отыр. Әлсіреген күшіне дем беру үшін олар бүлінген техниканы Ресейге жөндеуге жолдап жатыр.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG