Accessibility links

Украинадағы соғыс: 18-24 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз:

  • Ресей зымыраны Одессадағы көп қабатты тұрғын үйге түсті. Президент Зеленскийдің айтуынша, 8 адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.
  • Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Ол Ресей бақылауға алған аумақты Украина көп ұзамай қайтарады деді.
  • 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде адам шығыны болғанын алғаш рет мойындады.
  • Молдованың сыртқы істер министрлігі жуырда жарияланған Ресей әскерінің жоспарына алаңдаушылық білдірді. Онда Молдова да аталған еді.
  • Мариуполь маңындағы Виноградное елді мекенінен бауырластар зиратына ұқсас орын анықталды.
  • Путин БҰҰ бас хатшысымен кездеседі.

Йель менеджмент университетінің есебінше, Кремль Украинаға соғыс ашқалы шетелдік 750-ден аса компания Ресейден кеткен.

Ресей: «Екінші фазаның мақсаты – Донбасс пен Оңтүстік Украинаға бақылау орнату»

Ресейдің орталық әскери округының басшысы міндетін атқарушы Рустам Миннекаев «арнайы операцияның* екінші фазасы екі күн бұрын басталғанын», «екінші фазаның мақсаты Донбасс пен Оңтүстік Украинаға толығымен бақылау орнату екенін» айтты. Оның сөзін Ресейдің кремльшіл РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады.

*Ресей Украинаға басқыншылығын «арнайы операция» деп атап, «соғыс» сөзін қолданғандарды қудалайды.

«Медиазона» сайты Росгвардия Украинадағы соғысқа барғысы келмеген әскерилерге қатты қысым жасап жатыр деп жазды.

Сайттың дерегінше, жүздеген я мыңдаған әскери соғысқа барудан бас тартқан.

«Әскери жағдай енгізілмегендіктен әскерилерге бұйрық орындамаған үшін қылмыстық іс қозғау қиын, сондықтан командирлер қол астындағыларға сөгіс жариялап, жұмыстан шығарамын деп қорқытып жатыр» деп жазды «Медиазона».

Сайт редакциясына түскен аудиолардың бірінде командир қол астындағы әскерилерге «сатқын», «қорқақ», «ақымақ», «малғұн» деп атайды. Командирлердің бұл сөзі өтпесе қылмыстық іспен қорқытады: «Егер бармасаңдар, 15 жылға түрмеде отырасыңдар».

Ресейде саясаткер Владимир Кара-Мурзаға «ресейлік әскерилерге қарсы фейк ақпарат таратты» деп қылмыстық іс қозғады. Бүгін ол Мәскеудегі тергеу комитетінге шақырылған. Ресей «әскер туралы фейк таратқандарды» 15 жылға дейін түрме жазасына кеседі.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG