Accessibility links

Украинадағы соғыс: 18-24 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз:

  • Ресей зымыраны Одессадағы көп қабатты тұрғын үйге түсті. Президент Зеленскийдің айтуынша, 8 адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.
  • Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Ол Ресей бақылауға алған аумақты Украина көп ұзамай қайтарады деді.
  • 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде адам шығыны болғанын алғаш рет мойындады.
  • Молдованың сыртқы істер министрлігі жуырда жарияланған Ресей әскерінің жоспарына алаңдаушылық білдірді. Онда Молдова да аталған еді.
  • Мариуполь маңындағы Виноградное елді мекенінен бауырластар зиратына ұқсас орын анықталды.
  • Путин БҰҰ бас хатшысымен кездеседі.

Украина қарулы күштері Ресей әскерінің шабуылына тиімді төтеп беріп, Харьков облысының үш елді мекенінен оккупанттарды тықсырды. Бұл жөнінде Харьков облысының әскери әкімшілігі хабарлады.

"Украина қарулы күштері сәтті контршабуыл жасап, кеше таңертең дұшпанға шабуыл жасай бастады. Күні бойы қызу ұрыстар жүрді. Біздің әскер Ресей күштерін Дергачев ауданындағы Безруки, Слатино, Прудянка елді мекендерінен тықсырып, сол жерге шоғырланды" деп жазды Харьков облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Синегубов телеграм-арнада.

Беларусь суретшісі Павел Кричко Ресей әскері бомбалап, қиратқан украин қалалары мен нысандар, адамның мәйіттері туралы мыңдаған суреттен Путиннің портретін жасап шығарды.

"Сұмдық, азап, қайғы, өлім, үзілген тағдыр, қылмыс, айуандық, зұлымдық – барлығы бір образда. Мына суреттерге қарап отырып, әлі күнге дейін оны қолдайтын адамдар бар екенін түсіну қиын" деп жазды суретші Инстаграмда.

Украина қарулы күштері Ресей әскері Одессаны зымыранмен атқылағанын хабарлады. Сегіз адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.

Ақпаратқа қарағанда, зымырандар инфрақұрылым нысандарына түскен.

"Одесса. Сейчас" снарядтардың тұрғын үйге де түскенін жазды.

УНИАН агенттігінің мәліметінше, қалада төрт рет жарылыс дыбысы естілген. Атқылаудан кейін тұрғын үй ауласында көлік өртенген, бірнеше пәтер бүлінген. Қалған пәтерлердің терезелері сынған.

23 сәуірде кешке қарай Украина билігі сегіз адамның қаза болғанын, арасында үш айлық нәресте де барын хабарлады. Отыз шақты адам жараланған.

Зеленский Ресей бақылауға алған аймақтарды қайтаратынын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді.

"Ресей бақылауға алған жаңа аймақтарда "халық республикаларын" құру жөнінде референдум өтуі мүмкін. Бұған не айтасыз?" деген сұраққа Зеленский:

– Егер Мариупольдегі адамдарымызды қырса, жаңа псевдореспубликаларда псевдореферендумдар жарияланса, Украина барлық келіссөз процестерінен шығады, – деді.

Украина президенті Ресей басқыншылығына қарамастан келіссөзді қолдайтынын және Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін жеткізді.

Зеленский сонымен бірге Украина соғыс кезінде Ресей армиясы бақылауға алған аймақтарды қайтаратынын да айтты.

"Қару-жарағымыз көбейсе, алға жылжимыз, жерімізді қайтарамыз. Бұл ондаған жылдан кейін болатын нәрсе емес" деді Украина президенті. Ол батыс елдеріне қару-жарақпен көмектескені үшін алғыс айтты.

Зеленскийдің айтуынша, жексенбі күні Киевке АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі келуі тиіс. Олармен қару-жарақ жеткізу мәселесі талқыланады.

Украина президенті қазір Мариупольді әскери жолмен азат ету мүмкін емес екенін айтып, Ресейді мәселені гуманитарлық жолмен шешуге яғни, "Азовсталь" зауытында қоршауда қалған украин әскері мен бейбіт тұрғындарды Ресей тұтқындарына алмастырып, босатуға үндеді.

Зеленский сонымен бірге Ресей тұрғындарын соғысқа қарсы шығып, ұстанымдарын айқын жеткізуге шақырды. Ресей пропагандасын меңзеген президент Ресей азаматтарының вируталды "өз әлемінде" өмір сүріп жатқанын айтып, шынайы "өркениетті әлемге" оралуға шақырды. Ресейде соғысқа қарсы шыққандарға алғыс айтып, бірақ ондай адамдар аз екенін, бірақ Ресей билігінің олардан қорқатынын жеткізді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG