Украинада "Автомайдан" акциясы жетекшілерінің бірі, 22 қаңтарда Киевте жоғалған Дмитрий Булатов журналистерге өзін әлдекімдер ұрлап әкетіп, азаптағанын айтты.
Бірақ Булатовты кім ұрлағаны белгісіз. Белсендінің беті, құлағы жырылып, миы шайқалған. Оппозициялық депутат Петр Порошенконың айтуынша, ұрлап әкеткендер Булатовты сегіз күн бойы қорлап, қолын байлаған күйі қараңғы жерде ұстаған. Соңғы екі күнінде тамақ бермеген.
Азапталған соң белсендіні көлікпен әкеп тастап кеткен. Ол Киев түбіндегі ауылдардың біріне жетіп, таныстарына хабарласқан.
Булатов қазір Киевте ауруханада жатыр. Оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко Булатовтың азапталуын үкіметке наразы демонстранттар мен белсенділерді қорқыту әрекеті деп атады.
Дмитрий Булатов Киевтегі Еуропамен интеграцияны қолдайтын акцияларға белсенді қатысып жүрген "Автомайдан" атты автомобилистер қозғалысы жетекшілерінің бірі. Туыстары онымен 22 қаңтардан бері байланыса алмаған еді. Сол күні "Беркут" жасағы "Автомайдан" колоннасының бірнеше мүшесін ұстап әкеткен. Бірақ Булатов ұсталғандардың арасында болмаған.
Қазір белсендінің ұрлануына байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Украинада шеру кезінде бұған дейін де бірнеше адам ұрланған еді. Солардың бірі, досы Юрий Вербицкиймен бірге ұрланып, азапталған белсенді Игорь Луценко миы шайқалып, тісі сынып, денесі ісіп, ауруханада жатыр. Ал Вербицкийдің сүйегі 22 қаңтар күні орманнан табылған. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Украина билігін шерушілер өлімі мен полициядан азап көргендер оқиғасын тексеруге шақырды.
Украинадағы билікке қарсылық акциялары Янукович 2013 жылы қараша айында Еуропа Одағымен ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартқан соң басталған еді.
"Еуромайдан" деген атқа ие болған акциялар қаңтардың ортасында парламент бейбіт жиын өткізуді шектейтін заңды мақұлдап, оған Янукович қол қойған соң тіпті күшейген. 28 қаңтарда Украина парламенті - Жоғарғы Рада 16 қаңтарда қабылданған, азаматтық бостандықты шектеген 12 заңның 9-ынан бас тартты.
28 қаңтарда Украина премьер-министрі Николай Азаровтың отставкаға кетті. Ол "Қоғамдық-саяси ымыраға жол ашу және қақтығыстың бейбіт түрде реттелуіне қосымша мүмкіндіктер жасау үшін" кеткенін айтты.