Accessibility links

Белсенді: "Киев Қазақстанға да әсер етеді"


Қоғамдық белсенді Жанболат Мамай (ортада). Киев, 2 ақпан, 2014 жыл
Қоғамдық белсенді Жанболат Мамай (ортада). Киев, 2 ақпан, 2014 жыл

«Еуромайданға» барып, қолдау білдірген Қазақстан азаматтары көбейе бастады. Белсенді Жанболат Мамай «Украина Ресейдің интеграциялық жобаларына қосылмаса, Қазақстанға да ықпал етеді» дейді.

Украинада Еуропа Одағымен әріптестік орнатуды жақтаушылардың былтыр қараша айында басталған шеруі әлі жалғасып жатыр.

Ақпанның 3-і күні оппозиция қамауға алынған шерушілерді ешқандай шарт қоймай босатуды талап етті. Дүйсенбі күні Украинаның ішкі істер министрлігі оппозицияның "40-қа тарта Еуромайдан белсендісінің із-түзсіз жоғалуы" туралы мәлімдемесін тексере бастады.

Киевтегі шеруге қазақстандық белсенділерді де қолдау білдіріп, бұған дейін ол жаққа бірнеше азамат барып қайтқан еді. Азаттық тілшісі солардың бірімен, қазір Киевте жүрген белсенді Жанболат Мамаймен "Еуромайданның" қазіргі ахуалы жөнінде сұхбаттасты.

Азаттық: - Киевке қашан және қандай мақсатпен бардыңыз?

Жанболат Мамай: - Киевке ақпанның 2-сі күні Майдандағы украин достарымның шақыртуымен келген едім. Мақсатым - осында тұрған азаматтармен сөйлесіп, олардың пікірін білу. Дүйсенбі
Киевтегі шеру. 2 ақпан 2014 жыл.
Киевтегі шеру. 2 ақпан 2014 жыл.
күні Виталий Кличкомен, тағы басқа оппозиция жетекшілерімен кездессем деген жоспарым бар. Ең басты мәселе - қазір бұл жерде Украинаның тәуелсіздігі ғана емес, Қазақстанның да тәуелсіздік мәселесі бәйгеге түсіп тұр деп айтуға болады. Өйткені Украина қазір Ресейдің ықпалынан шығып, интеграциялық жобаларынан бөлініп, Еуропа Одағына қадам басатын болса, бұл Қазақстанға да зор ықпалын тигізеді.

Ресей үшін құрамында Украина жоқ Еуразия Одағының, Кеден Одағының, басқа да империялық жобалардың барлығы да «сакральды» мағынасынан айрылады. Сондықтан бұл Ресейдің империялық амбициясына үлкен соққы болады. Сол себепті антиеуразиялық қозғалыс атынан Майданда жүрген азаматтармен, қозғалыстар және ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас орнату мақсат болды.

Киевте бірнеше күн боламын деп жоспарлап отырмын. Бүгін (ақпанның 3-і) мұнда жалпыхалықтық ереуіл жоспарланған. Кеше оппозиция халықты "жарты сағатқа
Украиналық әнші Руслана баспасөз мәслихатында Киевтегі шерудің суретін көрсетіп тұр. Берлин, 1 ақпан 2014 жыл.
Украиналық әнші Руслана баспасөз мәслихатында Киевтегі шерудің суретін көрсетіп тұр. Берлин, 1 ақпан 2014 жыл.
болсын, жұмыстарын тоқтатып, шеру кезінде жоғалған, ұсталған адамдарды түрмеден босату үшін үйлеріне қайтару үшін кең көлемде акция ұйымдастыруға" шақырған.

Азаттық: - Қазір "Еуромайдандағы" хал-ахуал қандай?

Жанболат Мамай: - Кеше қатты аяз болғандықтан ақпараттық тұрғыда митинг қана өтті. Оның үстіне Яценюк пен Кличко сияқты оппозиция жетекшілері Мюнхенде болғандықтан ірі митингке дайындалып үлгермеген сияқты. Бірақ күшті аяз болғанына қарамастан алаңға 25-30 мыңға тарта адам жиналды.

Ең біріншіден көзге түсетіні – наразылық шараларының ұйымдастырылу деңгейі. Қаншама қырғын болса да, қаншама қақтығыстар болса да, бір де бір дүкеннің терезесі қиратылмаған, бір де бір зат тоналмаған, бір де бір көліктің терезесі сынбаған. Шерушілер тарапынан құрылған арнайы жасақ тәртіпті қадағалап отырады. Ішімдік, нашақорлық деген сияқты мәселе жоқ. Ауруханаларда арнайы хирургия бөлімдері ашылған. Онда зардап шеккен азаматтарға операция жасап, шұғыл түрде медициналық көмек көрсете алады. Журналистерге арналған баспасөз орталығы да бар. Онда Майданнан тікелей трансляциялар жүргізіліп тұрады. Шерушілерде ешқандай агрессия жоқ. Бәрі де қонақжай. Орыс, украин тілінде еркін араласады.

Негізі, шерушілер үш ғимаратта - әкімшілік ғимараты, кәсіподақ мекемесі мен "Украина үйінде" шоғырланған. Егер митингілерге билік араласып, полиция қызметкерлері күш қолданып жатса, онда халық бірден жинала қалады. Өте сақ отырады.

Азаттық: - Шеруді таратуға келген полиция қалай әрекет етіп жатыр?

Жанболат Мамай: - Майданда бір де бір полиция қызметкері жоқ. Ондағы бүкіл
Украина президенті Виктор Янукович.
Украина президенті Виктор Янукович.
полиция қызметкерлерін осындағы халық қуып шыққан. Полиция Майданның сыртында көшенің арғы бетінде бақылап тұр. Кеше сонда қимылсыз тұрған бірнеше мың «Беркут» сарбаздарын көрдік.

Азаттық: - Сіздің ойыңызша, оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?

Жанболат Мамай: - Менің ойымша, халық президент Виктор Януковичті кетірмей, кезектен тыс президенттік сайлау өткізбей тарамауға бекінген. Оны осы жерден айқын көруге болады. Таразының бір басында мемлекеттің тәуелсіздігі, екінші басында Янукович тұр. Қазір кейбір полицейлердің өзі азаматтар жағына шығып, оларға қарсы күш қолданбайтынын айқын көрсетті. Оппозиция «мейлі, бір жыл, керек болса екі жыл тұруға дайынбыз» деп қайтпай отыр. Меніңше, ерте ме, кеш пе, халық мақсатына жететіні анық. Янукович кетпей, бұл саяси дағдарыс шешілмейді.

Азаттық: - Сұхбатыңызға рахмет!
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG