Украина полициясы Киевтегі наразылық танытушылардың үкімет үйі маңына тіккен кейбір шатырлары мен бөгеттерін бұзды.
Полицияның әрекетін бірқатар Батыс елдері айыптады. АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина президенті Виктор Януковичпен телефонмен сөйлескенінде "жағдайға қатты алаңдап отырғанын" айтты. Ал Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон бұндай әрекеттер Киевке баруына аз ғана уақыт қалғандағы "ымыраға келу мүмкіндіктеріне елеулі қауіп төндіретінін" айтты.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд кеше Мәскеуде Ресей билігі өкілдерімен кездесіп, Кремльді Украинадағы саяси жағдайды реттеуге ықпал етуге шақырған. Нуланд АҚШ-тың Украинаның Еуропа Одағымен ынтымақтастық орнатуын және елдегі саяси дағдарыстың "зорлық-зомбылықсыз әрі әділетті түрде реттелуін қолдайтынын айтқан.
Украинада елдегі саяси дағдарысты реттеуде 10 желтоқсанда бірнеше қадам жасалады деген болжам бар.
Дағдарысты реттеу жолдарын талқылау үшін Киевке Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон екі күндік сапармен бармақ.
Украина президенті Виктор Янукович те бұл мәселені елдің бұрынғы президенттері Леонид Кравчук, Леонид Кучма және Виктор Ющенкомен талқылайды. Янукович кеше оппозициямен "ұлттық жиын" өткізу жоспарын қабылдағанын мәлім еткен.
Бірақ 9 желтоқсанда оппозициялық "Батькивщина" партиясы кеңселерін милиция басып алып, компьютерлері мен басқа да құрал-жабдықтарын тәркілегенін мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі партия кеңсесін басып алуға қатысты тергеу жүргізіп жатқандарын хабарлады.
"Егер президент Янукович Украинадағы саяси дағдарысты құқық қорғау орындары мен "Беркут" арнайы жасағының күштері арқылы шешемін десе, ол қатты қателеседі. Себебі "Беркут" жасағының 10 мың сарбазы 45 миллион халқы бар мемлекеттің проблемаларын шеше алмайды. Ол бізді тінту мен тұтқынға алу арқылы қорқыта алмайтынын түсінуі тиіс" деді мәлімдеді партия жетекшісі Арсений Яценюк.
Бірнеше күннен бері өтіп жатқан наразылықтар биліктің Еуропа Одағымен серіктестік келісімінен бас тартуынан соң басталған еді. Украина үкіметі Еуропа Одағымен қарым-қатынас орнатудан гөрі Ресеймен экономикалық байланысын жақсартуды жөн көрген.