Accessibility links

Жалға берілетін жатырдан туған дау-дамай


FEMEN феминистік ұйымының жүкті мүшесі суррогаттыққа қарсы шығып тұр. Киев, 31 мамыр 2011 жыл
FEMEN феминистік ұйымының жүкті мүшесі суррогаттыққа қарсы шығып тұр. Киев, 31 мамыр 2011 жыл

Украинадағы суррогат дүмпуі қатерге толы болып шықты. Өте кең тараған осы тәсіл арқылы балалы болуға ұмтылған батыстық ерлі-зайыптылар үшін Украина үкіметі тарифтерді арзандатып, заңды оңайлатқан еді.


Алайда, нәрестелерін елден алып кетерде қарама-қайшы заңдардың ортасында қалған шетелдіктердің басым көпшілігі жанталасқан күйде әртүрлі әрекетке барып жатыр. Мысалы, франциялық ерлі-зайыптылар суррогат анадан тапқан егіз қыздарын Украинадан заңсыз жолмен алып өтпекші болғаны үшін дауға қалды.

Киевтегі Француз елшілігі жаңа туған сәбидің құжаттары мен азаматтығын рәсімдеуден бас тартқан соң ерлі-зайыптылар осындай жанкешті қадамға еріксіз барған.

Қыздардың жаңа әкесі Патрис Ле Рокті украин шекарашылары нәрестесін көлігінің артқы жүк салғышына жасырып алып Венгрияға өтпек болған жерінен ұстап алған.
Коммерциялық суррогаттық зертхансында жұмыс жасап жатқан эмбриолог

Ле Рок былай дейді: «Олар машинаны тексерді. Біз тез арада сәбилерді артқы орындықтың астына жасырдық. Әйткенмен, олар бөпелерді тауып алды. Олар сәбилер заңсыз сатып алған деп күмәнданды. Бірақ, балаларға ешқандай [ұйықтатып тастайтын] дәрі-дәрмек берілмеген, олар шып-ширақ болатын. Біз оларды шекарадан өтерде ғана жасырған едік».

Украин соты өткен айда қыздардың әкесі Ле Рокты тауып алып, істеген әрекеті үшін 2000 доллар айыппұл салды. Патрис Ле Рок пен оның әйелі Францияның билік өкілдері қыздарының мәртебесін реттеп бергенше, қазір Украинада қалып қойды.

СУРРОГАТ БАЛАНЫҢ НАҚ АТА-АНАСЫ КІМ?

Ле Роктың бұл әрекеті Украинада алғаш тіркеліп отырған жоқ. Соңғы бірнеше жылдан бері бұл ел суррогат аналар арқылы сәбилі болуды армандайтын ерлі-зайыптылардың танымал мекеніне айналып кетті.

Батыстың белсіз, я бедеу ерлі-зайыптылары бұрынғы советтік республикаға ондағы бағаның арзандығы мен суррогат процедурасының аз уақыт ішінде жасалатыны үшін лап берген. Енді «балалы болған» ерлі-зайыптылар Украинада не ары емес, не бері емес дағдарып жүр. Балаларын үйлеріне алып қайта алмай жатқандар күн санап көбейіп келеді.
Украина жағы суррогат-ана жалдайтын ата-аналарды бірден-бір заңды ата-ана деп таныса, Францияда суррогат тәсіліне түбегейлі тыйым салынған.

Суррогат мәселесі салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. Бұл мәселеге қатысты жан-жақты жетілген халықаралық заңнамалар да жоқ.
Украина жағы суррогат-ана жалдайтын ата-аналарды бірден-бір заңды ата-ана деп таныса, Францияда суррогат тәсіліне түбегейлі тыйым салынған. Киевтегі Франция елшілігінің вебсайты мұндай әрекетке бармау туралы қатаң ескерту жасайды. Кімде-кім бұл тыйым-талаптарды бұзатын болса, «қатаң құқықтық және әкімшілік жазаға» тартылады, тіпті қылмыстық санкциялар салынады.

Екіұшты құқықтық проблемалар шетелдіктердің суррогаттық жолмен туған сәбилерін Украинадан алып шығу үшін жанталасқанда қаптаған кедергіге ұрындыратын даулы оқиғаларды тым көбейтіп жіберді.

Мысалы, ақпан айында бельгиялық гей ерлі-зайыпты жалға алған жатыр арқылы тудырған балаларын Бельгияға әкету үшін екі жыл күрескен соң барып балаларына қосылды. Олар да Ле Рок секілді баланы елдің ішіне заңсыз кіргіземіз деп талпынған.

УКРАИНА - ЕҢ АРЗАН СУРРОГАТ ЕЛІ

Сергий Антонов – суррогатқа мүдделі кісілерге және басқа да медициналық қызметтерге заңдық қолдау жасайтын Киевтегі медициналық заң орталығының директоры.

Оның айтуынша, былтыр Украинада ресми түрде 120 суррогат сәтті түрде жүзеге асқан. Олардың көбісі егіз тапқан. Ол сурогат арқылы туған балалардың нақты саны шамаммен 30 пайызға көп деп санайды. Себебі жекеменшік суррогат қызметінің агенттіктері билікке есеп беруге міндетті емес.

Антонов суррогат арқылы туатындардың саны жылына 20 пайызға өсіп бара жатыр. Жаңадан ашылып жатқан үлкен клиникалардың арқасында бұл көрсеткіш жылына 40 пайызға дейін өсуі мүмкін.
Суррогат ана ретінде бала көтерген үндістандық жүкті әйел. Ананд, 3 қыркүйек 2009 жыл

- Суррогат тыйым салынған нәрсе емес. Күні кешеге дейін Украинада сондай қатты талқыланған да жоқ және ел де суррогат туралы көп ойланып жатпады. Қазір бұл мәселе қоғамда қатты талқыланып, медициналық технология даму үстінде. Сол себептен де, міне, осындай бағдарламалар өте танымал боп жайылып бара жатыр. Көптеген балаға зар адамдар өздеріне генетикалық жағынан байланысы бар бала туғызып алғысы келеді, - дейді ол.

Салыстырмалы түрде арзан бағалар балалы болудан үміті үзіле бастаған ата-аналарды қызықтырып тартып жатқан басты себеп. Коммерциялық суррогаттықты ұсынатын аз ғана елдердің ішінде Украина мен Үндістан ең арзан қызмет ұсынады.

Украинада суррогат жол арқылы балалы болу процедурасы шетелдіктер үшін 30 мың мен 45 мың АҚШ доллары арасында, ал жергілікті халық үшін одан да арзан – 10 000 мен 15 000 доллар арасында. Суррогат тәсілдері заңдастырылған АҚШ-тың кейбір штаттарында бұл процедураның бағасы 80 000 мен 120 000 доллар көлемінде.

ЗАҢДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Алайда Украинадағы ауа жайылған суррогат дүмпуі ол жақта суррогат үшін де, ата-ана үшін де қауіп-қатер жоқ дегенді білдірмейді.
Людмила Смахина Украинадағы өзгенің баласын көтеріп беруге ерікті әйелдермен жұмыс жасайтын агенттіктің басшысы.

- Адамдар интернет арқылы суррогатты немесе белсіз, я бедеу ерлі-зайыптыларды табу шығынын арзандатуға тырысады. Егер сіз заңсыз компанияларға немесе интернет арқылы біреулерді табуға тырысып жатсаңыз, ешнәрсеге де сенімді болмауыңыз керек. Осыдан барып туып берген суррогат-аналардың ақысы төленбей қалатын проблемалар шығады, - дейді ол.
Тәртіп бойынша агенттерден суррогат процедуралары басталмастан бұрын барлық заңды мәселелерді шешіп алып, шетелдік елшіліктерге хабарласып отыру талап етіледі.

Тәртіп бойынша агенттерден суррогат процедуралары басталмастан бұрын барлық заңды мәселелерді шешіп алып, шетелдік елшіліктерге хабарласып отыру талап етіледі. Ал Ле Роктың айтуынша ол жалдаған агенттік бұлай жасамаған.

- Келісім-шарт (агенттік мойнына алуға міндетті) денсаулық тексеру программаларымен қоса барлық әкімшілік программаларды да қамтиды. Онда туған баланы Украинаның тіркеуінде деп жариялай отырып Францияның тіркеу орындарына көшіретін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді. Агенттік өзінің міндеттерін орындаған жоқ, - дейді ол.
Киевтегі Франция елшілігі бұл іс бойынша түсінік беруден бас тартты.

Украина билік орындары әу баста сәбилерді алып қойғанымен қазір ата-ана сәбилеріне қайта қосылып, Киевте пәтер жалдап тұрып жатыр.
Францияның бұл ерлі-зайыптыны алдағы күндері суррогат арқылы тапқан балаларының заңды әке-шешесі деп мойындай қоюы күмәнді. Ле Рок пен оның келіншегі шенген аймағындағы барлық елдерге суррогаттан тапқан қыздарының азаматтығын жасап беруге өтініш қылып соңғы амалға барды. Украинадан төрт айдан бері шыға алмай отырған Ле Роктың отбасы күтуден мезі болған.

- Бұл бір балалалы болудың кереметі, әке атанудың қызығы мен рақатын быт-шыт қылатын ұзаққа созылған іс болды, - дейді Патрис Ле Рок.
XS
SM
MD
LG