Accessibility links

ФБР ресейлік инвесторларға күмәнмен қарайды


Ресей премьері Дмитрий Медведев (сол жақта) "Сколково" қорының басшысы Виктор Вексельбергтің презентациясын тыңдап тұр. Сочи, 7 тамыз 2013 жыл
Ресей премьері Дмитрий Медведев (сол жақта) "Сколково" қорының басшысы Виктор Вексельбергтің презентациясын тыңдап тұр. Сочи, 7 тамыз 2013 жыл

ФБР америкалық стартап компаниялар мен жетекші университетке Кремльдің ғылыми әріптес болуға ұмтылған инвестициялық қорлары технологиялық жетістіктерді ұрлауы мүмкін деп ескертті.

«Қарым-қатынасты жақсарту» саясаты кезінде АҚШ пен Ресей жоғары технологиялық секторды екі жақты сауда-ғылыми байланысын дамытуға негіз етіп алды. 2010 жылы сол кездегі президент Дмитрий Медведев Силикон алқабына барып, осы мәселені дамытуға күш салатындарын айтты.

«ТЫҢШЫ» ИНВЕСТОРЛАР

Бірақ соңғы жылдары АҚШ-тың технологиялық секторына құйылған ресейлік қаржы федералдық биліктің күмәнін тудырды. Олар ресейлік венчурлік фирмалар операцияларды қаржыландыру арқылы тыңшылық әрекетін жүзеге асырмақ деп стартап компанияларды сақтандырады.

ФБР-дің Бостон бөлімшесі Ресей қаржыландыратын АҚШ технологиялық фирмалары мен ресейлік Сколкова қорының серіктері Массачусетс технологиялық институтына (МТИ) осындай кеңес берген.

Сколковоны орыстар 2010 жылы Силикон алқабының ресейлік баламасы ретінде құрған еді. ФБР-дің арнайы агентінің көмекшісі Люсия Зиобро Сколково мен ауыр жүк машинасын жасайтын "КамАЗ" зауытын ерекше атап өтті. Соңғысы ресейлік әскерилерге арнап броньді техника да шығарады.
Мәскеудегі Сколково инновация орталығы
Мәскеудегі Сколково инновация орталығы


«Сколково институтына келсек, бизнестің осы саласындағы шетелдік мердігерлер америкалық технологияларды ресейлік қорғаныс фирмасына жеткізеді, содан ары үкіметке жетеді» деді Зиобро.

Ресейдегі үкіметтік инвесторлар ФБР-дің ескертуін негізсіз деп атап, агенттік венчурлік қорлардың технологияны ұрлауына қатысты дәлелдер келтірген жоқ деді. Зиобро бұның бәрі алдын алу шарасы екенін айтады.

«Біз сырттан келетін жалпы қауіп туралы айтып жатырмыз, Ол Ресей, Қытай немесе басқа кез-келген мемлекетке қатысты болуы мүмкін» деді ол.

ЕСКЕРТУ

«ФБР-дің Бостон кеңсесі АҚШ-тағы ресейлік технологиялық инвестицияға былтырғы "Ақ кітапты" (White paper – анықтамалық құжат, ресми құжат) оқыған соң мән бере бастады» дейді Зиобро.

Бұдан кейін ұйым Бостон аймағындағы Ресеймен байланыс жасайтын технологиялық компаниялар мен колледж және университеттерге ресейлік еншілес фирмалардың тыңшылық мақсатты көздеуі мүмкін екенін ескерткен.

Өткен айда «Boston Business Journal» басылымында жариялаған мақаласында Зиобро америкалық компаниялар ресейлік инвесторлармен қарым-қатынас жасағанда сақ болсын, әсіресе, Сколкова қорына сақтықпен қарасын деп ескертті.
Алғашқы 128K Macintosh компьютері Массачусетстегі Vintage Mac Museum мұражайында тұр.
Алғашқы 128K Macintosh компьютері Массачусетстегі Vintage Mac Museum мұражайында тұр.


«Бұл қорды Ресей үкіметі еліміздегі әскери және коммерциялық технологияны дамытуға қатысты құпия зерттеулерімізді алуға пайдалануы мүмкін» дейді Зиобро.

Сколководан бөлек, Зиоро басқа ресейлік құрылымды атамайды. Бірақ Массачусетс штатындағы Ресей үкіметі қаржыландыратын екі инвестициялық құрал технологиялық және биотехнологиялық салада дамып жатыр. 2011 жылы мемлекет қаржыландыратын "Роснано" (нанотехнологияны дамытуға арналған 10 миллиард доллар қаржысы бар қор) Бостон маңындағы наномедициналық фирмалар BIND Biosciences және Selecta Biosciences екеуіне 50 миллион қаржы құйды.

Сол жылы "Роснано" Joule Unlimited жанармай жаңартатын фирмасына 35 миллион доллар мөлшерінде инвестиция салды. BIND ФБР-дің ескертуіне түсініктеме беруден бас тартты, ал Selecta мен Joule сұрауға жауап бермеді.

"Роснаноның" вице-президенті Евгений Друзяканың Азаттыққа айтуынша, компания қазірге дейін америкалық компанияларға 1,2 миллиард доллар қаржы салған, оның ішінде биотехнологиялық, энергетикалық, жабын және аппараттық фирмалар бар.
"Роснано" америкалық компанияларға 1,2 миллиард доллар қаржы салған.


Друзяка ФБР-дің мәлімдемесіне түсініктеме бермеді. Бірақ компанияның АҚШ-тағы атқарушы директоры Дмитрий Аханов «The Boston Globe» басылымына Зиоброның мәлімдемесіне қатысты «бірінші сәуір әзілі» болса керек деді де қойды.

Бостонда Кремль қаржыландыратын Ресей венчурлік компаниясының (RVC) штаб-пәтері де бар. RVC бас директоры Аксель Тильманның айтуынша, фирма америкалық компанияларға 65 миллион қаржы бөлген. RVC Массачусетстегі MassChallenge стартап компаниясын да қаржыландырады.

Тильманн орыс венчурлік компаниясы туралы айтқан ФБР ескертуін түсінген жоқпын дейді.

«Біз екі жақты бизнестік қарым-қатынасты дамытуға тырысамыз. Мен ФБР мәлімдемесін растайтындай бір де бір дерекке кез болған емеспін» деді ол.

РЕСЕЙДІҢ СИЛИКОН АЛҚАБЫ

Сколково қоры ФБР кеңсесінен түскен дерекке түсініктеме беруден бас тартты. Қор өткен жылы МТИ-мен бірігіп, «Сколково ғылым және технология институтын» немесе қысқаша «Skoltech» институтын ашуға келіскен еді.

Медведевтің инновациялық жоба туралы мәлімдемесінен 4 жыл өткен соң 400 гектар аумақ әлі игеріліп жатыр. Жеті қабатты «Гиперкуб» ғимараты сол аумақтың орталығы саналады, себебі осы кезге дейін салынған құрылыстардың ішінде сол ғана жұмыс істеп тұр. Ол МТИ-мен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орын.

Осы кезге дейін Сколково қоры «инновациялық орталыққа» 37 негізгі индустрия ойыншыларын тарту үшін салықты барынша жеңілдетті.

МТИ өкілі Натаниэль Никерсон Азаттыққа Сколковамен әріптес болу «білім беру, зерттеу және инновацияны біріктірген жаңа институтционалдық парадигма құруға мүмкіндік береді» деді. Оның айтуынша, Массачусетс технологиялық институты «АҚШ-тың экспорттық-бақылау талаптарын сақтайды». «Біз ФБР және Сауда департаменті сияқты федералдық агенттіктермен жұмыс істейміз» деді ол.

Карл Шректің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG