Eurasia View басылымының қазанның 29-ы күні шыққан мақаласында АҚШ мемлекет басшылары Пентагонның Орталық Азия елдерімен (ОАЕ) сауда жасауына жәрдем беретін бағдардаламаны қолдап отырғаны жазылған.
Бірақ Орталық Азия елдерінің кейбір басшылары «Біз Ауғанстандағы соғыстан көп пайда таба алмай жатырмыз» деп шағымданады.
«ЕҢ СЕНІМДІ, ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛ»
Eurasia View-тің жазуынша, АҚШ конгресі мен қорғаныс департаменті Ауғанстандағы әскерді азық-түлікпен және де басқа керек-жарақпен қамтамасыз ететін бағдарламаға өзгерістер енгізген. Әскерге қажетті құрал-жабдық Кавказдан, ОАЕ-ден және Пәкістаннан сатып алынуы керек еді. Бірақ АҚШ үкіметі кейіннен қажетті тауарларды ОАЕ-ден ғана сатып алу жайында шешім шығарды.
Вашингтон Пентагонның Орталық Азия елдерімен ғана келісім шарт жасасып, қаржыны сол жаққа төлеп, Ауғанстанға солтүстіктен жүк жеткізу желісін («Солтүстік жолы» - ред.) дамыта түсуін дұрыс көреді. «Солтүстік жолы» (темір және әуе жолдары - ред.) арқылы Ауғанстандағы НАТО мен АҚШ әскеріне азық-түлік пен қару-жарақ жеткізіледі. АҚШ пен НАТО әскері 2014 жылы Ауғанстаннан шығарылғанда да бұл жол маңызды роль атқармақ.
Әскерді керек-жарақпен қамтамасыз етуге жауапты басшы Фрэнк Кендал 2012 жылдың қыркүйегінде «ОАЕ қызметін пайдаланып, әскерге керекті барлық жабдықтарды осы елдерден сатып алып отыру біздің экономикалық мүмкіндіктерімізді күшейтеді. Бұл жоба сол аймақтағы тұрақтылықты сақтауға да әсер етеді. «Ауғанстаннан әскерді әкету» операциясын жүзеге асыру үшін ОАЕ-мен жүргізіп жатқан келісімдердің де сәтті болуына игі әсерін тигізеді. ОАЕ-ден керекті азық-түлік пен басқа да жәрдемдер алып отыру қауіп қатерді азайтып, алыс, ауыр жолдардың қиындығын жеңілдетеді» деп жазған.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЛЕСІ – 51 ПАЙЫЗ»
Мақала авторы ОАЕ-нің АҚШ-пен жасасқан сауда-саттығына қатысты деректер келтірген. АҚШ-тың федералды үкімет кеңселерін қамтамасыз ету агенттігінің ақпараты бойынша, Ауғанстандағы АҚШ әскері 2010 жылдан бері ОАЕ мен Кавказдан жалпы құны 40 миллион доллардан асатын кеңсе жабдықтарын, құрылыс заттарын және басқа да қажетті тауарлар сатып алған.
Агенттіктің осы бағдарламаға жауапты маманы Джоэл Лунди «Шығын жоспарлағаннан асып кетті. АҚШ келесі жылы шамамен 50-60 миллион долларға тағы сауда жасауды жоспарлап отыр. Біз таң қалып отырмыз. АҚШ-тың Ауғанстанға тасып жатқан жанар-жағар майы мен басқа да керек-жарақтарын қоспағанда, 40 миллион доллар қаржы тек қана азық-түлікке төленген» дейді.
ОАЕ-ден тауар сатып алумен айналысатын компанияның басшысы Бобан Симоновскийдің берген мәліметі бойынша, 40 миллион долларға алынған тауардың 51 пайызы Қазақстаннан, 39 пайызы Грузиядан, тоғыз пайызы Өзбекстаннан әкелінген. Қырғызстан мен Тәжікстаннан да тауарлар алынған.
ОАЕ-ден сатып алынған тауарлар негізінен қағаз сүлгілер, дәретхана мен жуынып-шайынуға қажетті заттар. Ал ең көп алынған тауар - принтерге қажетті картридждер. Оған кеткен шығын - тоғыз миллион доллардай қаржы. Мақала авторы бұл тауардың ОАЕ-де өндірілмесе де оны Қазақстандағы дистрибютерлер арқылы сатып алынғанына таңданыс білдіреді.
«БҰЛАРДЫҢ БӘРІ «МАНАСТЫ» АРМАНДАЙДЫ»
Джоэл Лундидің айтуынша, АҚШ әскерінің ОАЕ-ден сатып алатын тауар саны көбейген. Себебі, осы аймақтан келетін тауар сапасына көңілдері толған америкалықтар сауданың көлемін ұлғайтуды сұраған. Оның үстіне қажетті құрал-жабдық пен азық-түлік алыстағы Америкамен салыстырғанда жақын жерден тез жетеді. Бірақ Лунди «ОАЕ-нің, әсіресе Қазақстан мен Өзбекстан басшылары америкалық әріптестерінің өте аз мөлшерде сауда-саттық жасайтынын айтып шағымданады» дейді. Америкамен арадағы сауда-саттыққа көңілі толмайтын, ең наразы ел - Өзбекстан. Алайда америкалықтар Өзбекстанда сауда жасауға кедергілердің көптігін айтады.
Лундидің айтуынша, Қазақстан басшылары Пентагонның тауарларды көбірек сатып алуын қалайды әрі Қазақстан үкіметі АҚШ-пен тез тіл табысады.
Қырғыз-Солтүстік Америка сауда кеңесінің атқарушы директоры Марк Дэвид Миллердің ойынша, ОАЕ АҚШ-пен сауда жасасқанда ақылға қонымсыз нәтижелерді күтеді. «Бұл - олар үшін әлемдік нарықтағы бизнеске кіретін тамаша мүмкіндік. Алайда ОАЕ басшылары басқаша ойлайды. Олар барлық сауда шарттары «Манас» әуежайы туралы келісім сияқты аста-төк табысқа кенелтсе дейді. Одан бөлек, нені және қанша сатып алуды америкалықтарға біз айтсақ дейді. ОАЕ басшылары сауда-саттық мәселесіне дұрыс қырынан келіп отырған жоқ. Олар бұл жобаны қаржылық ресурстарды қадағалап отыратын адамдарды жылдам байытып жіберетін жеңіл жол деп қана есептейді».

Олар барлық сауда шарттары «Манас» әуежайы келісімі сияқты табысқа кенелтсе дейді. Нені қанша сатып алуды біз айтсақ дейді. Орталық Азия басшылары сауда мәселесіне дұрыс қырынан келіп отырған жоқ.