АҚШ президенті Барак Обама мен оның қарсыласы Митт Ромни сайлаушылар алдында Ауғанстан тақырыбын айналып өтуге барынша тырысып жатыр. Азаттық тілшісі осы мәселенің себептеріне үңілді.
Сайлау науқаны кезінде «жұмыссыздық, салық, экономика, Иран мәселелері» жан-жақты айтылып жатыр. Алайда АҚШ 11 жылдан бері әскер ұстап отырған Ауғанстан мәселесі көп талқыланған жоқ.
Барак Обама да, Митт Ромни де Ауғанстанды ауық-ауық еске алып қойғанымен, жұрттың ойындағы сұрақтарға жауап беретін толымды пікір айтпады. Мәселен Ромни 40 минуттық сөзінде Ауғанстан жайлы жақ ашпады.
«574 МЛРД ДОЛЛАР ЖҰМСАЛҒАН АУҒАНСТАНДЫ АЙТПАУ - ҚАТЕЛІК»
Ромни жан-жақтан шабуылға ұшырап жатыр. Тіпті оны өзінің республикашыл әріптестері де сынап шықты. Стив Хейздің The Weekly Standard журналына жариялаған пікірімен көп адам келіседі.
- Бұл - қателік. Ауғанстанда 70 мың әскер қызмет етіп жатқанда олар жайында айтылуы керек. Халық соғыс сияқты өте маңызды мәселе жайында пікір айтатын партия жетекшісін тыңдағысы келеді, - дейді ол.
Оның айтуынша, «Ауғанстанда 2000-нан астам АҚШ азаматы қаза тапты. Жүздеген жауынгер жараланды. 574 миллиард доллар шығын шықты».
«99 ПАЙЫЗ ХАЛЫҚ «АУҒАНСТАН» ДЕП ЖАУАП БЕРЕДІ»
Ал Gallup Poll ұйымының жазуына қарағанда, «Америка азаматтарынан «Ең маңызды проблеманы атай аласыз ба?» сұрасаңыз, олардың 99 пайызы «Ауғанстан» деп жауап береді. Ал кандидаттар (Обама мен Ромни) сайлаушылар қызығатын басты проблемаларды өздерінің үгіт-насихат тобының пікірін тыңдап барып анықтайды. Сондықтан біз Ромнидің де, Обаманың да Ауғанстан туралы пікірін жиі естімейміз. Себебі кеңесшілер «Халыққа Ауғанстан негізгі проблема емес» деп сендіреді».
Екі жыл бұрын Обама мен НАТО-ның басқа да жетекшілері «2014 жылдың желтоқсан айында Ауғанстандағы соғыс қимылдары тоқтатылады» деп мәлімдеген. Осы шешім, сайлау алдындағы зерттеулер көрсеткендей, соғыстан мезі болған көптеген америкалықтардың көңілінен шықты.
АҚШ әскері мен ауғандар арасында соңғы кездері жиілеген атыстар «АҚШ әскерінің тезірек елге оралғаны жақсы болар еді» деген көңіл-күйді күшейте түсті. The New York Times газеті қазан айының 14-і күні «Тез жиналып, ертерек үйге қайтатын уақыт болды» деген мақала басты. Мақалада «Ауғанстаннан әскер шығаруды келесі жылға дейін жылдамдату керек. Өйтпесек АҚШ президенті Обама басқа мақсаттарға да қол жеткізе алмай қалуы мүмкін» деп жазылған. Автор мақаласын «Әскерде қызмет етіп жүрген бір пайыз америкалықтарды ажал аузында тағы екі жыл ұстау - қауіпті» деп қорытындылаған.
Gallup жүргізген сауалнама бойынша да АҚШ халқының жартысынан астамы дәл осылай ойлайтыны мәлім болды.
Брукингс институтының маманы Майкл О’Ханлон:
- Бұл - түсінікті жағдай. Бірақ көптеген америкалықтар «Ауғанстан өз ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатындай жағдайға жеткенше ол елден кетпеу
керек» деп те ойлайды, - дейді.
Майкл О’Ханлон сайлаушылардың Ауғанстан мәселесіне алаңдайтынын айта келіп:
- 11 жылға созылған өте қиын, күйзеліске толы әрі қан төгілген қырғыннан америкалықтар расында да мезі болды. Олар қазір «Біз өз мүддемізге сәйкес келетін проблемаларды шешіп жүрміз бе?» деп күмәндана бастады. Сайлаушылар «АҚШ әскерінің екі жылдың ішінде шығып кететін дайын жоспары бар ма?» деген сауалға да жауап іздейді, - дейді.
ОБАМА МЕН РОМНИГЕ ҮГІТ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ӘСЕРІ
Сайлау науқаны кезінде Ромни Обаманы АҚШ әскерінің Ауғанстаннан қайтатын күнін жариялап, әлемге аян етті, жау жаққа да жария қылды деп сынады. Бірақ ол таяуда Обаманың «2014 жылдың соңына дейін АҚШ әскері Ауғанстаннан аман-есен шығуы керек» деген пікірімен келісетінін мәлімдеді.
Gallup: «Екі кандидатты бір-біріне ұқсас етіп тұрған дүние - екеуі де соғыс жайында аз айтады» дейді.
Gallup-тың жазуына қарағанда, «кандидаттар сайлаушылар үшін маңызды деген проблемаларды ғана қозғайды, не болмаса қарсыласына қарсы аргументтерді ғана айтады. Осының кесірінен сайлау алдында Ауғанстан мәселесі жиі айтылмай жатыр. Себебі кандидаттар мен олардың кеңесшілері бұл мәселе екі жаққа да пайда бермейді деп санайды».
О’Ханлон «Ауғанстан саяси айтыс-тартыс үшін маңызды тақырып болғаны жақсы» деп санайды.
- АҚШ араласқан кез келген соғысқа қатысты қызу пікірталасты көргім келеді. Бірақ жағдай басқаша боп тұр. Дегенмен Ауғанстан туралы саяси айтыс-тартыстан АҚШ әскерін жылдамдатып алып кетуге итермелейтін қысым пайда болуы мүмкін. Мен қарсыластардың осы мәселені айналып өтіп жатқанына ризамын, - дейді ол.
СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ПІКІРІ
Осы жолғы сайлау науқаны кезінде Ауғанстаннан бөлек, Ирак пен Ауғанстанда қызмет еткен 2 миллион 400 мың соғыс ардагері жайында да ешқандай талқылау болған жоқ. Иракта қызмет еткен, АҚШ әскерінің бұрынғы капитаны Том Тарантино «Бұл – үлкен проблема» дейді.
- Ауғанстанға қатысты талқылау мүлде тоқтап тұр. Одан да жаманы - Ауғанстаннан оралып жатқан ардагерлердің қазіргі ахуалы жайлы да әңгіме жоқ, - дейді ол.
Ардагерлер ендігі тағайындалатын бас қолбасшы олардың проблемаларын қалай шешеді - соны білгісі келеді.
- Әрбір жауынгерді ертең-ақ үйіне қайтара салуға болады. Ол қиын шаруа емес. Бірақ, олар үйіне келген соң білім алу, жұмыс табу, денсаулығын күту сияқты қиындықтармен ұшырасады. Соғыс аяқтала қалған күннің өзінде де бұл проблемалар жалғаса береді. Осылар шешілмесе, олар мұнда жақсы жұмысқа да тұра алмайды, - дейді Тарантино.
Сайлау науқаны кезінде «жұмыссыздық, салық, экономика, Иран мәселелері» жан-жақты айтылып жатыр. Алайда АҚШ 11 жылдан бері әскер ұстап отырған Ауғанстан мәселесі көп талқыланған жоқ.
Барак Обама да, Митт Ромни де Ауғанстанды ауық-ауық еске алып қойғанымен, жұрттың ойындағы сұрақтарға жауап беретін толымды пікір айтпады. Мәселен Ромни 40 минуттық сөзінде Ауғанстан жайлы жақ ашпады.
«574 МЛРД ДОЛЛАР ЖҰМСАЛҒАН АУҒАНСТАНДЫ АЙТПАУ - ҚАТЕЛІК»
Ромни жан-жақтан шабуылға ұшырап жатыр. Тіпті оны өзінің республикашыл әріптестері де сынап шықты. Стив Хейздің The Weekly Standard журналына жариялаған пікірімен көп адам келіседі.
Ауғанстанда 2000-нан астам АҚШ азаматы қаза тапты. Жүздеген жауынгер жараланды. 574 миллиард доллар шығын шықты.
- Бұл - қателік. Ауғанстанда 70 мың әскер қызмет етіп жатқанда олар жайында айтылуы керек. Халық соғыс сияқты өте маңызды мәселе жайында пікір айтатын партия жетекшісін тыңдағысы келеді, - дейді ол.
Оның айтуынша, «Ауғанстанда 2000-нан астам АҚШ азаматы қаза тапты. Жүздеген жауынгер жараланды. 574 миллиард доллар шығын шықты».
«99 ПАЙЫЗ ХАЛЫҚ «АУҒАНСТАН» ДЕП ЖАУАП БЕРЕДІ»
Ал Gallup Poll ұйымының жазуына қарағанда, «Америка азаматтарынан «Ең маңызды проблеманы атай аласыз ба?» сұрасаңыз, олардың 99 пайызы «Ауғанстан» деп жауап береді. Ал кандидаттар (Обама мен Ромни) сайлаушылар қызығатын басты проблемаларды өздерінің үгіт-насихат тобының пікірін тыңдап барып анықтайды. Сондықтан біз Ромнидің де, Обаманың да Ауғанстан туралы пікірін жиі естімейміз. Себебі кеңесшілер «Халыққа Ауғанстан негізгі проблема емес» деп сендіреді».
Екі жыл бұрын Обама мен НАТО-ның басқа да жетекшілері «2014 жылдың желтоқсан айында Ауғанстандағы соғыс қимылдары тоқтатылады» деп мәлімдеген. Осы шешім, сайлау алдындағы зерттеулер көрсеткендей, соғыстан мезі болған көптеген америкалықтардың көңілінен шықты.
АҚШ әскері мен ауғандар арасында соңғы кездері жиілеген атыстар «АҚШ әскерінің тезірек елге оралғаны жақсы болар еді» деген көңіл-күйді күшейте түсті. The New York Times газеті қазан айының 14-і күні «Тез жиналып, ертерек үйге қайтатын уақыт болды» деген мақала басты. Мақалада «Ауғанстаннан әскер шығаруды келесі жылға дейін жылдамдату керек. Өйтпесек АҚШ президенті Обама басқа мақсаттарға да қол жеткізе алмай қалуы мүмкін» деп жазылған. Автор мақаласын «Әскерде қызмет етіп жүрген бір пайыз америкалықтарды ажал аузында тағы екі жыл ұстау - қауіпті» деп қорытындылаған.
Gallup жүргізген сауалнама бойынша да АҚШ халқының жартысынан астамы дәл осылай ойлайтыны мәлім болды.
Брукингс институтының маманы Майкл О’Ханлон:
- Бұл - түсінікті жағдай. Бірақ көптеген америкалықтар «Ауғанстан өз ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатындай жағдайға жеткенше ол елден кетпеу
керек» деп те ойлайды, - дейді.
11 жылға созылған өте қиын, күйзеліске толы әрі қан төгілген қырғыннан америкалықтар расында да мезі болды. Олар қазір «Біз өз мүддемізге сәйкес келетін проблемаларды шешіп жүрміз бе?» деп күмәндана бастады.
Майкл О’Ханлон сайлаушылардың Ауғанстан мәселесіне алаңдайтынын айта келіп:
- 11 жылға созылған өте қиын, күйзеліске толы әрі қан төгілген қырғыннан америкалықтар расында да мезі болды. Олар қазір «Біз өз мүддемізге сәйкес келетін проблемаларды шешіп жүрміз бе?» деп күмәндана бастады. Сайлаушылар «АҚШ әскерінің екі жылдың ішінде шығып кететін дайын жоспары бар ма?» деген сауалға да жауап іздейді, - дейді.
ОБАМА МЕН РОМНИГЕ ҮГІТ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ӘСЕРІ
Сайлау науқаны кезінде Ромни Обаманы АҚШ әскерінің Ауғанстаннан қайтатын күнін жариялап, әлемге аян етті, жау жаққа да жария қылды деп сынады. Бірақ ол таяуда Обаманың «2014 жылдың соңына дейін АҚШ әскері Ауғанстаннан аман-есен шығуы керек» деген пікірімен келісетінін мәлімдеді.
Gallup: «Екі кандидатты бір-біріне ұқсас етіп тұрған дүние - екеуі де соғыс жайында аз айтады» дейді.
Gallup-тың жазуына қарағанда, «кандидаттар сайлаушылар үшін маңызды деген проблемаларды ғана қозғайды, не болмаса қарсыласына қарсы аргументтерді ғана айтады. Осының кесірінен сайлау алдында Ауғанстан мәселесі жиі айтылмай жатыр. Себебі кандидаттар мен олардың кеңесшілері бұл мәселе екі жаққа да пайда бермейді деп санайды».
О’Ханлон «Ауғанстан саяси айтыс-тартыс үшін маңызды тақырып болғаны жақсы» деп санайды.
- АҚШ араласқан кез келген соғысқа қатысты қызу пікірталасты көргім келеді. Бірақ жағдай басқаша боп тұр. Дегенмен Ауғанстан туралы саяси айтыс-тартыстан АҚШ әскерін жылдамдатып алып кетуге итермелейтін қысым пайда болуы мүмкін. Мен қарсыластардың осы мәселені айналып өтіп жатқанына ризамын, - дейді ол.
СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ПІКІРІ
Осы жолғы сайлау науқаны кезінде Ауғанстаннан бөлек, Ирак пен Ауғанстанда қызмет еткен 2 миллион 400 мың соғыс ардагері жайында да ешқандай талқылау болған жоқ. Иракта қызмет еткен, АҚШ әскерінің бұрынғы капитаны Том Тарантино «Бұл – үлкен проблема» дейді.
Әрбір жауынгерді ертең-ақ үйіне қайтара салуға болады. Ол қиын шаруа емес. Бірақ, олар үйіне келген соң білім алу, жұмыс табу, денсаулығын күту сияқты қиындықтармен ұшырасады.