Accessibility links

2011 жылы жарты миллионға жуық адам босып кетті


Сербияға барған пәкістандық босқын. Суботица, 2012 жылдың қаңтары.
Сербияға барған пәкістандық босқын. Суботица, 2012 жылдың қаңтары.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің баяндамасына қарағанда, былтыр Батыс елдерінен саяси баспана сұраған адамдардың саны 20 пайызға өскен. 2011 жылы Қазақстанның 17 азаматы Польшадан саяси баспана сұраған.


Аты-жөнін атамауды өтінген бір азамат Азаттық радиосы тілшісіне берген сұқбатында Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстаннан қашып кеткенін айтады. Қазір Қазақстанмен көршілес бір мемлекетте жүрген ол Еуропаға аттанып, саяси баспана сұрамақ.

– Маған Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыптар тағылып отыр. Алматыдағы ұлттық қауіпсіздік департаментіндегілер маған қысым жасады. Босқындар жөніндегі агенттіктің бұрынғы Совет елдеріндегі өкілдіктеріне онша сене бермеймін, сондықтан Еуропа жаққа қашуға мәжбүрмін, – дейді ол.

ПОЛЬШАДАН БАСПАНА СҰРАҒАН 17 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігі наурыздың 27-сі күні шетелден баспана сұраушылар туралы баяндамасын жариялады. Ол құжатта 2011 жылы 17 қазақстандықтың Польшадан саяси баспана сұрағаны тіркелгені айтылған.

«Өнеркәсібі дамыған елдердегі саяси баспана мәселесі мен оның бағыты» деп аталатын баяндамада Қазақстанға қатысты бұдан өзге тың мәлімет жазылмаған.

Агенттік сайтындағы 2010 жылғы статистикалық мәліметтерге қарағанда,
Чехиядағы қазақ босқындарының наразылық шарасы. Прага, 7 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Чехиядағы қазақ босқындарының наразылық шарасы. Прага, 7 ақпан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстаннан 3 мың 632 адам босқын ретінде тіркелген, 745 азаматтың босқын мәртебесі туралы құжат мәселесі әлі шешілмеген.

«Саяси баспана немесе босқын мәртебесін сұраушылар» деп халықаралық қорғауға ие болудан үмітті, бірақ босқын мәртебесі туралы құжаттар мәселесі әлі шешілмеген адамдарды атайды.

Босқындар мәртебесіне қатысты 1951 жылғы конвенцияға қосылған әр мемлекет босқындарды қорғау міндеттемесі аясында өз территориясына келіп баспана сұраған адамдар шын мәнінде босқын ба, босқын емес пе – соны анықтауға жауапты.

«АРАБ КӨКТЕМІНЕН» КЕЙІН БОСҚЫНДАР КӨБЕЙГЕН

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің баяндамасына қарағанда, 2011 жылы өнеркәсібі дамыған 44 мемлекеттен 441 мың 300 адам саяси баспана сұрап құжат тапсырған. Ал 2010 жылы олардың саны 368 мың болған. «Бұл – 2003 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш» дейді БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігі.

Өткен жылы Ливия, Сирия және Кот-д'Ивуардағы қақтығыстардан аман қалу үшін шетелге қашқан адамдар аса көп болған.

«Батыс Африка мен Араб әлеміндегі толқуларға байланысты Кот-д'Ивуар, Ливия, Сирия және тағы басқа елдерден босып кеткендердің саны былтыр рекордық
Сириялық босқындар. Түркия, 15 наурыз 2012 жыл.
Сириялық босқындар. Түркия, 15 наурыз 2012 жыл.
деңгейге жетіп, 2010 жылмен салыстырғанда босқын мәртебесін сұрағандардың саны 16 мың 700 адамға артық болған» дейді Женевада орналасқан халықаралық агенттік.

Босқын мәртебесін сұраған адамдардың басым бөлігі Еуропаның оңтүстігінде тіркелген. «Солтүстік Африка немесе Сахара шөліне жақын аймақтардан қашқан адамдар негізінен Италия мен Мальтаға босып жатыр» дейді баяндама авторлары.

БҰҰ агенттігінің мәліметі бойынша, былтыр Ирактан Түркияға босқан адамдар да көп.

Баяндамада шетелден саяси баспана сұраған ауған, қытай азаматтарының саны күрт өскені де хабарланған. Өткен жылы босқын мәртебесін сұраған 35 мың 700-ден астам ауған азаматының басым бөлігі өз еліндегі кедейшілік пен қудалаудан аман қалу үшін Еуропаға (негізінен, Германия мен Түркияға) қашқан.

2011 жылы Қытайдан босып кетіп, шетелден баспана сұраған азаматтардың саны 24 мың 400 болған. Босқын мәртебесін сұраған қытайлардың 15 мың 450-і АҚШ-қа кетуді жөн көрген.
XS
SM
MD
LG