Accessibility links

«Ұшақ дауында» НАТО Түркияны жақтады


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Брюссель, 26 маусым 2012 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Брюссель, 26 маусым 2012 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Сирияның түрік ұшағын атып түсіруіне байланысты туған кикілжіңде әскери альянстың Түркияны жақтайтынын мәлімдеді.

Түркияның ұсынысымен Брюссельде өткен, 28 елдің өкілі қатысқан НАТО кеңесінде сөйлеген Расмуссен «альянстың қауіпсіздік мәселесі біртұтас» екенін, ұшақты атқан оқиғаны «айыптайтынын» айтты.

– Бұл – Сирия билігінің халықаралық нормаларды, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, адамның өмірін елемейтінінің тағы бір дәлелі, – деді НАТО бас хатшысы.

«БЕСІНШІ БАПТЫ ТАЛҚЫЛАМАДЫҚ»

Анкара бұл кеңесті НАТО жарғысының 4-бабына («территориялық тұтастығына, саяси тәуелсіздігіне немесе қауіпсіздігіне қауіп төнсе, альянс құрамында кез-келген ел жиын шақыра алады») сүйене отырып шақырды.

Бұған дейін Түркия ұшақ оқиғасын ұйым жарғысының 5-бабына орай талқылауды, оны бүкіл альянсқа жасалған шабуыл деп қабылдауды сұрап, сондықтан түрік шекарасын Сириядан төнетін қауіптен қорғау үшін одақтастарынан көмек күтетінін айтқан.

Түркия ұшағының оққа ұшуы осы бап бойынша қаралып, НАТО-ға шабуыл
Сирия атып түсірген түрік ұшағы құлаған маң (Түркияның айтуынша). Анкара, 22 маусым 2012 жыл.
Сирия атып түсірген түрік ұшағы құлаған маң (Түркияның айтуынша). Анкара, 22 маусым 2012 жыл.
ретінде қабылданса, альянс бірден әскери қимылдар бастауы керек еді.

Бірақ НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің айтуынша, альянс кеңесі жарғының 5-бабын талқыламаған.

– Біз 4-бапқа сай Түркияның өтініші бойынша кеңестік. Жағдайды сараптай келе, одақтастар Түркияны толық қолдайтындарын айтты, – дейді Расмуссен.

Ол НАТО кеңесіне Түркия ұсынған өтініштің егжей-тегжейін айтпады.

«ШЫДАЙ АЛМАЙМЫЗ»

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған 26 маусым күні ел парламентінде сөйлеген сөзінде «түрік әскері Сирия тарапынан болатын кез-келген оқиғаға жауап беретінін» айтты.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 26 маусым 2012 жыл.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 26 маусым 2012 жыл.
– Бұл оқиғадан кейін Сирия билігінің шекарамызға қауіп төндіруіне шыдай алмаймыз, – дейді түрік премьері.

Ердоғанның айтуынша, Сирия тікұшақтары соңғы кездері Түркияның әуе кеңістігін бес рет бұзған – бірақ Анкара ештеңе демеген.

Өзі басқарып отырған ел «бұдан былай Сириямен шекарадағы барлық іске қарымта жауап беретінін» айтқан Ердоған «Дамаск Түркияның шыдамын сынаймын деп қателеспеуі керегін» ескертті.

– Түркия қарулы күштері қазіргі жағдайға байланысты әрекет етеді. Түркия Сирия шекарасы тарапынан беттеген, қауіп төндіретін кез-келген әскери элементті әскери қауіп ретінде бағалап, соғыс обьектісі деп қарастырады, – дейді Режеп Тайып Ердоған.

УӘЖ

Дамаскінің айтуынша, өткен аптаның жұмасында атылған түрік ұшағы Сирияның әуе кеңістігін бұзған – сондықтан оны атуға хақы болған.

– Сирияның әуе шабуылынан қорғаныс қызметі радиусы 1,2 шақырым
Сирия армиясы өкілі түрік ұшағы құлады деген маңды картадан көрсетіп тұр. Сирия, 23 маусым 2012 жыл. (Телеарна бейнежазбасынан жасалған скриншот)
Сирия армиясы өкілі түрік ұшағы құлады деген маңды картадан көрсетіп тұр. Сирия, 23 маусым 2012 жыл. (Телеарна бейнежазбасынан жасалған скриншот)
қашықтықтағы зениттік қаруды қолданған. Жойғыш ұшақ зенит оғына ұшыраған. Біз радар қосқан жоқпыз, – дейді Сирия сыртқы істер министрлігінің өкілі Джихад Макдиси.

Түркияның айтуынша, қарусыз RF-4E барлау ұшағы Сирияның әуе кеңістігіне байқаусызда кіріп кеткені рас – бірақ ұшақ халықаралық әуе дәлізіне қайта оралған кезде нысанаға алынған.

– Сирия халықаралық әуе кеңістігінде жүрген ұшағымызды әдейі атқанына ешқандай дау жоқ. Қолымызда бар деректерге қарағанда, ұшаққа инфрақызыл бағыттауышы бар зымыран тиген, – дейді түрік вице-премьері Бүлент Арынч.

Оның айтуынша, «бұлайша еш ескертусіз ату – нағыз агрессия».

Түрік вице-премьері Бүлент Арынчтың сөзіне қарағанда, Анкара бұған дейін гуманитарлық мақсатта жасап келген ісі – Сирияға жеткізіліп тұрған электр қуатын тоқтата ма, жоқ па – соны анықтайды.

Өткен аптаның жұмасында Жерорта теңізіндегі Сирияға тиесілі аумаққа құлаған түрік жойғыш ұшағы әлі табылған жоқ. Екі ұшқыштың тірідей табыларына да күмән туа бастады.

Кеше Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон Түркияны сабырға шақырды.
XS
SM
MD
LG