Осы аптада Назарбаев университетінде оқу басталды. Президент алабөтен өз атын беруге келіскен оқуы орнында құрылыс жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Ал өткен аптадан бастап Ұлттық медицина холдингі осы университтің қарамағына өтті.
Қазақстанның брендіне айналады делінген университетке кіре бергенде көзге түскені – сол жақ бұрышта тізіліп тұрған қораптар. Жақынырақ барғанда белгілі болғаны – онда су диспенсерлері салыныпты. Әлі орын-орнына қойып үлгермеген болуы керек. Құрылыс қоспаларының иісі кетіп үлгермеген алып ғимараттың атриумында мәре-сәре болып жатқан студенттер. Олардың білім деңгейін анықтап, топ-топқа бөлу үшін шетелдік оқытушылар тест өткізіп жатыр.
ЕЛУ БЕС ҰСТАЗДЫҢ ЕКЕУІ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
Назарбаев университетінде білім беретін 55 ұстаздың екеуі ғана қазақстандық. Бірі – экономист, бірі – физик. Екеуі де «Болашақ» бағдарламасымен шетелде докторлық диссертация қорғап келген. Қалған елу үші АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия, Үндістан, Пәкістаннан келген мамандар.
Университетке оқытушыларды қабылдаған – Лондон университет колледжі (University College London – әлемдік рейтингте 4 орында). Нақ осы британдық оқу орны – Назарбаев университетінің ресми серігі. Келісім бойынша, университеттегі білім сапасына солар жауапты.
Назарбаев университетінде оқу жылының қыркүйектің 27-сінде басталатыны да осыған байланысты. Оқу бағдарламасы бір болғандықтан, семестрлер, емтихандар бір күнде басталып, бір күнде аяқталуы тиіс. Лондон мен Астанадағы емтихан сұрақтары да бірдей болмақ. Тіпті оқу құны да бірдей – 12-13 мың фунт стерлинг.
Тек биыл мектеп бітірушілердің арасынан үздік оқушыларды іріктеу үшін ақылы бөлім ашылған жоқ. Алғашқы 485 студент мемлекеттік грантпен оқиды.
– Олар бір жыл университетке дайындық бағдарламасы бойынша білім алады. Осы бір жылда студенттерге академиялық ағылшын тіліне, яғни ағылшынша лекцияларды жазу, сұрақ қою, пікірталас өткізу, ғылыми жұмыстар жазуды үйретеді. Болашақ мамандығына қарамастан, барлық студенттер математиканы тереңдетіп оқиды, – дейді университеттің вице-президенті Қадиша Даирова.
Биыл оқуға қабылданған 485 студенттің 300-ден астамы Инженерлік мектепті таңдапты. Бұдан басқа, университетте Табиғи ғылым мен технология мектебі, Гуманитарлық және социологиялық ғылым мектебі, Медицина мектебі ашылмақ.
ҰЛТТЫҚ ХОЛДИНГ УНИВЕРСИТЕТКЕ БАҒЫНАДЫ
Төрт мектептің ішінен Медицина мектебіне тоқтала кеткен жөн болар. Себебі Астанадағы ана мен бала ғылыми орталығы, республикалық балалар реабилитациялық орталығы, диагностикалық орталық, нейрохирургия ғылыми орталығы, жедел жәрдем орталығы сияқты үздік клиникаларды қамтитын Ұлттық медицина холдингі өткен аптадан бастап Назарбаев университетінің қарамағына өтті.
– Батыс елдерінің ең озық емханалары – университеттік клиникалар. Джон Хопкинс университеті, Дюк, Гарвард университеттерінің тәжірибесін қараңыз. Біз де сол үлгіні енгіземіз, – дейді университет президентінің медицина жөніндегі орынбасары Алмаз Шарман.
АҚШ-та біраз жыл қызмет еткен Алмаз Шарманның айтуынша, Назарбаев университетінің Медицина мектебі жылына 60-қа жуық студентті ғана қабылдайды. Оларды іріктеу әдісі де ерекше. Алдымен, Инженерлік мектепте, Табиғи ғылым мектебінде бакалавриатты бітіріп шыққан студенттерден арнайы емтихан алады. Осы сыннан өткендер ғана, Медицина мектебіне қабылданады.
Биыл алғашқы студенттердің «фаундейшнге» түскенін ескерсек, Алмаз Шарман бастаған мамандардың Медицина мектебін дайындауға төрт жыл уақыты бар.
– Инфрақұрылым жағынан қиындық жоқ. Қаржы мәселесі де мемлекеттің қолдауымен оңай шешіліп жатыр. Жанға бататыны – биомедицина саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі. Бізде өзін ғалыммын деп есептейтін азаматтар жетеді, бірақ батыстың стандарттарымен елеулі ғылыми еңбек жазып, жаңалық ашқан адам жоқтың қасы. Сондықтан шетелден ғалымдарды шақыруға тура келеді, – дейді Алмаз Шарман.
Медицина мектебі де АҚШ университеттерінің бірін ресми серік ретінде бекітпекші. Қазір Питсбург пен Дюк университеттерімен келіссөз жүргізіліп жатыр.
«БӘРІ КӨҢІЛІМНЕН ШЫҒАДЫ»
Университет басшылығы бас ауыртып отырған мәселелермен әзірге студенттердің шаруасы жоқ. Бірер сұрақ қойып қастарына барсаң, тақылдап тұр. Айтатындары бірдей – «үздік білім алу үшін келдім, бәрі көңілімнен шығады».
Студенттердің жатақханасын көруге барғанда алдымнан құрылысшылар шықты. Жұмыс әлі бітпеген сияқты. «Журналист келді» дегенді естіген жатақхана қызметкерлері «бөлмелерге әлі перде іліп үлгерген жоқпыз» деп ақтала бастады.
Жатахана бөлмелері төрт адамға арналған. Жатақханада ешкім ас әзірлемейді. Студенттер күніне төрт рет асханадан тегін тамақтанады. Оқуға барлық жағдай жасалған.
Тек су жаңа университет жүздеген жылдық тарихы бар Оксфорд, Кембридж, Гарвард университеттерінің деңгейіне жеткенше, қанша уақыт өтетіні белгісіз.

Назарбаев университеті жатақханасындағы "Аяқ киіміңізді шешіңіз" деген өтініш. Астана, 28 қыркүйек
2010 жыл.

Назарбаев университеті президентінің медицина
жөніндегі орынбасары Алмаз Шарманов. Астана, 28
қыркүйек 2010 жыл.