Египет президентінің міндетін атқарушы Адли Мансур уақытша үкіметтің құрамын жариялады. Бұрынғы қаржы министрі, экономист, либерал саясаткер саналатын Хазем әл-Беблави уақытша үкіметтің премьер-министрі болып тағайындалды. МАГАТЭ-нің бұрынғы басшысы Мұхаммед әл-Барадеи сыртқы істер бойынша вице-премьер болды.
Исламшыл "Әл-Нұр" партиясы әл-Беблавидің кандидатурасын қолдайтынын, бірақ әл-Барадеидің вице-премьер болып тағайындалуына қатысты әлі де ойланатындарын айтты.
Адли Мансур жаңа конституция түзіп, сайлау өткізуге шақырды. Бірақ биліктен шеттетілген президент Мұхаммед Мурсиді қолдайтын "Мұсылман бауырлар" партиясы бұл ұсынысты қабылдамай отыр.
Египетте халық көтеріліске шығып, саяси жағдай ушыққан соң, 3 шілде күні әскерилер президент Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттетіп, конституцияның күшін жойған. 30 маусым күні басталған қарсылық акциялары кезінде жалпы саны 39 адам опат болды. Әскерилер "Мурсиді биліктен шеттеткендегі мақсат - саяси жағдайды тұрақтандыру" деп мәлімдеді.
Алайда әскери төңкерістен кейінгі Мурси жақтастары мен қарсыластары арасындағы қақтығыстардан 40 шақты адам өлді.
"Мұсылман бауырлар" ұйымы мен оның одақтастары Мурси билікке қайта келмейінше наразылық шерулерін жалғастыра беретіндерін мәлімдеген.