Accessibility links

Египетте "исламшылдар" жұртты шеруге шақырды


Президенттіктен шеттетілген Мұхаммед Мурсидің жақтастары наразылық танытып тұр .Каир, 3 шілде 2013 жыл.
Президенттіктен шеттетілген Мұхаммед Мурсидің жақтастары наразылық танытып тұр .Каир, 3 шілде 2013 жыл.
Египеттің "Мұсылман бауырлар" қозғалысы биліктен шеттетілген президент Мұхаммед Мурсидің жақтастарын шеруге шығуға үндеді. Қозғалыс жұма намазынан соң бейбіт шеруге шығуға, әскери төңкеріс пен тұтқындауға қарсылық білдіруге шақырып отыр.

Египет әскер басшылары 3 шілде күні ел президенті Мұхаммед Мурсиді "халықтың талабын орындамағаны үшін" қызметінен алып, жаңа сайлау өтетінін мәлімдеген. 4 шілдеде "Мұсылман бауырлар" қозғалысының жетекшілері, оның ішінде ұйымның рухани көсемі Мұхаммед Бадидің де тұтқындалғаны туралы хабар тараған.

Бейсенбіде Египет конституциялық сотының төрағасы Адли Мансур президент міндетін уақытша атқаруға кірісті. Ол "Мұсылман бауырлар" - Египет халқының бір ғана бөлігі" екенін айтып, "мемлекет құру ісіне олардың да көмектесуіне ешкімнің кедергі болып отырмағанын" мәлімдеді.

Египет қарулы күштерінің басшылары "азаматтардың бейбіт шеруге шығу құқықтарын шектемейтінін, бірақ ол акциялар мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс екенін" ескертті.

30 маусымнан бастап Египет тұрғындары Мұхаммед Мурсиге қарсы бірнеше күн бойы шеруге шыққан. 2 шілде күні Каирде болған қақтығыс кезінде 23 адам қайтыс болған. Бірнеше күнге созылған қарсылық акциялары кезінде жалпы саны 39 адам қаза тапқан. Осы оқиғалардан кейін әскерилер президентке наразы жұртпен келісімге келу туралы талап қойды. Президент Мурси ол шартты орындамағаннан соң әскер басшылары оны биліктен тайдырды.
XS
SM
MD
LG