Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейдің әскери-ғарыш қорғаныс әскерлерінің ресми өкілі полковник Дмитрий Зениннің айтуынша, "Протон-М" қорғаныс мақсатындағы "Радуга-1М" ғарыш аппаратын алып ұшқан.
2013 жылы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді. Бұл апаттан кейін "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ғарышқа екі рет - 30 қыркүйекте және 26 қазанда ұшырылған.