Accessibility links

«Протон-М» қарсылық акциялары аясында ұшты


Қазақстандық азаматтық белсенді Ринат Кибраев «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылуына қарсылық білдіріп тұр. Мәскеу, 30 қыркүйек 2013 жыл.
Қазақстандық азаматтық белсенді Ринат Кибраев «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылуына қарсылық білдіріп тұр. Мәскеу, 30 қыркүйек 2013 жыл.

Ресейлік зымыран тасығыштың 2 шілдеде апатқа ұшырауы қазақстандық белсенділердің қарсылық акцияларын жиілетті. Бірақ бұл шаралар «Протон-М»-нің 30 қыркүйекте ұшуына бөгет болған жоқ.

Бір топ қоғамдық белсенді «Протон-М» зымыран тасығышы ұшқан қыркүйектің 30-ы күні таңертең Алматыдағы БҰҰ өкілдігіне барып, наразылық хатын тапсырды.

– БҰҰ Сирияның химиялық қару қолдану мәселесін қарап жатыр, ал Ресейдің Қазақстанда ондаған жылдар бойы химиялық қару қолданып келе жатқанына неге назар аудармайды. Хатта БҰҰ не себепті Қазақстанда 60 жылдан бері химиялық сынақтардан қаза тапқан адамдарды санамайтынын сұрадық – дейді осы акцияны ұйымдастырушы белсендінің бірі Мұхтар Тайжан.

Бүгін түстен кейін Астана қаласында да бір топ қоғамдық белсенді «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылғанына байланысты Қазақстан парламентіне наразылық хат тапсырмақ болды. Бірақ оларды жолда полиция ұстап әкетті.

ВИДЕО: "Протонға" қарсы Астанадағы наразылық
(30 қыркүйек 2013 жыл)
"Протонға" қарсы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
Жүктеп алу

Осы күні қазақстандық азаматтық белсенділер Мәскеуде Ресей мемлекеттік думасының алдында да «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылуына қарсылық білдірген флеш-моб өткізді.

ҚАРСЫЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫ

Белсенділердің ресейлік зымырандар ұшыруға қарсылығы биылғы шілденің 2-сінен кейін – «Протон-М» Байқоңыр ғарыш айлағынан ұша бере жарылып кеткен соң жанданған. Ол апат кезінде Байқоңыр ғарыш айлағының маңы зымыран тасығыштың бірнеше жүз тонна улы отыны – гептилмен ластанғаны хабарланған еді.

Байқоңырдан ресейлік зымырандар ұшыруға қарсы алғашқы наразылық акциясы – «Протон-М» құлаған күні, шілденің 2-сінде бір топ белсенділердің
Белсенділер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға қарсылық білдіріп тұр. Орал, 29 қыркүйек 2013 жыл.
Белсенділер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға қарсылық білдіріп тұр. Орал, 29 қыркүйек 2013 жыл.
ұйымдастыруымен Ресейдің Алматыдағы бас консулдығының алдында өтті.

Шілденің 3-і күні Батыс Қазақстандағы Орал қаласында «Абырой» қоғамдық ұйымы Ресей консулдығы алдында наразылық акциясын өткізді.

Шілденің 4-і күні Орал қаласында Ресей консулдығының алдында «Протон-М» зымыранының жарылуына наразылық акциясын өткізген суретші Асхат Ахмедьяровты полиция ұстап әкетіп, оған «ұсақ бұзақылық жасады» деген әкімшілік айып тақты.

Қарсылық акциялары осыдан кейін жүйелі түрде жалғасып, «Антигептил» және «Халықтық альянс» қарсылық ұйымдарының құрылуына әсер етті.

Шілденің 5-інде Астанада Ресей елшілігі алдында Байқоңырда болған апатқа байланысты наразылық акциясы өтті. Акцияға жиналған жиырма шақты адам елшілікке «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруды тоқтатуды, зымыран апатының салдарын зерттейтін қоғамдық комиссия құруды талап еткен хат тапсырды.

Арада бір апта өткенде, шілденің 12-сінде Алматыда оппозиция өкілдерінің
Протон құлаған жер. Қызылорда облысы, Байқоңыр, 31 шілде 2013 жыл.
Протон құлаған жер. Қызылорда облысы, Байқоңыр, 31 шілде 2013 жыл.
«Демократиялық күштер жиыны» резолюция қабылдап, Байқоңырда «Протон» зымыранын ұшуды доғару талабын да көтерді.

Қарсылық акциялары тамыз және қыркүйек айларында Төретам кентінде, Астана және Орал қалаларында да өтті.

Қарсылық акцияларында «апат шығыны өтелмейінше Байқоңырдан зымыран ұшырмау», «Байқоңырды жалға беру туралы Ресеймен жасалған келісімді қайта қарау», сонымен қатар «Ресей жалға алған Капустин Яр, Сарышаған, Ембі, Балқаш-1, Сарыөзек және басқа да әскери полигондарды жабу» туралы талаптар айтылды.

«РОСКОСМОСТЫҢ» ӨКТЕМДІГІ

Қазақстанда зымыран ұшыруға қарсы қарсылық шаралары өтіп жатқан кезде, қыркүйектің 24-і күні «Роскосмос» Қазақстандағы ресми орындарының жауабын күтпей, Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышын қыркүйектің 30-ы күні ұшыратынын мәлімдеді.

Байқоңыр ғарыш айлағы маңын тазарту жұмыстарына бақылау жасап отырған мекеме – Қазақстан қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басшысы Нұрлан
"Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшыраған кезі. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.
"Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшыраған кезі. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.
Қаппаров бұдан бұрын зымыранның жоспарланған кезекті ұшу шарасын кейінге қалдыруды сұраған еді. «Қазғарыш» агентігінің мәлімдеуінше, «Роскосмос» зымыран ұшыру үшін Қазақстан министрлігінің «Байқоңыр ғарыш айлағы маңын зарарсыздандырып біттік» деген мәлімдемесін күтуі керек болған.

Бірақ «Роскосмос» өкілі «Байқоңырдағы ластанған аймақты зарарсыздандыру аяқталған. Қазақстандық әріптестеріміз бұл туралы біледі. Бірақ ұшыруға рұқсат беруге асықпай отыр. Әлдебір жұмысты аяқсыз қалдырған жеріміз жоқ, осындай жолмен бізге қысым көрсеткілері келеді» деп мәлімдеді «Известия» басылымына.

«Роскосмос» мәлімдеме жасаған күннің ертеңінде, қыркүйектің 25-інде «Қазғарыш» ұлттық агенттігінің төрағасы орынбасары Еркін Шаймағамбетов «Қазақстан Ресейге «Протон-М» зымыран тасығышын қайта ұшыра бастауға рұқсат етуі мүмкін» деп хабарлады.

Қыркүйектің 30-ы күні ұшып шыққан «Протон-М» зымыран тасығышы Люксембург тапсырыс беріп, Франция әзірлеген Astra 2E байланыс спутнигін ғарышқа әкетті. Шілденің 2-сі күні апатқа ұшыраған «Протон-М» ресейлік үш «Глонасс-М» аппаратын тиеген еді.

Ресей Қазақстанға тиесілі Байқоңырды 1994 жылдан бастап жалдап, жылына 115 миллион доллар төлеп, 2050 жылға дейін толық пайдалануға рұқсат алған. Соңғы кездері екі ел Байқоңырға байланысты бірнеше рет келіспей қалып, қосымша келіссөздер өткізген. 2013 жылы қаңтар айында Қазақстан үкіметі «2013 жылы Ресейдің пайда табу мақсатында ұшыратын «Протон-М» зымырандарын азайтамыз» деп мәлімдеген. Ресей ғарышқа 17 зымыран ұшыруды жоспарласа, Қазақстан солардың 12-сіне ғана рұқсат беретінін айтқан.

ВИДЕО: Апаттан кейінгі алғашқы "Протон-М" ұшырылды
(30 қыркүйек 2013 жыл)
Апаттан кейінгі алғашқы "Протон-М" ұшырылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:59 0:00
XS
SM
MD
LG