Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Украинадағы жағдайды тыныштандыру туралы кез келген жаңа келіссөздерге осы елдің шығысы мен оңтүстігіндегі ресейшіл күштер де қатысуы тиіс" деп мәлімдеді.
Лавров келіссөздерді жалғастыруға қарсы емес екенін айтты. Бірақ ол "егер келіссөздерге Украинадағы ресейшілдер шақырылмаса, ойдағыдай нәтиже шықпайтынын" ескертті.
Украина сыртқы істер министрі Андрей Дещица Ресейдің Женевада өтетін келіссөздерге сепаратистерді шақыру ұсынысын қабылдамай тастады. "Украина президенті сайлауы (25 мамыр) қарсаңында Ресей елдің ішкі ісіне араласауын тоқтатуы тиіс, бұл талап - жаңа келіссөздерді бастаудың шарты" деді ол.
Ал Лавров "Киев жағдайды тұрақтандыру үшін Украинаның шығысынан әскерін шығаруы тиіс" деп мәлімдеді. Ол "бейбіт халыққа әскер қарсы келіп тұрған жағдайда сайлау өткізу әдеттен тыс" деп сипаттады.
Лавров бұл мәлімдемесін Венада Еуропа кеңесі министрлері комитеті жиынынан кейін жасады.