Польша Қырым татарлары жетекшісі Мұстафа Жемилевті демократия мен адам құқықтарын қорғаудағы еңбегі үшін Лех Валенса атындағы Solidarność («Ниеттестік») сыйлығымен марапаттады. Жемилевке сыйлықтың ақшалай жүлдесі де берілді.
3 маусым күні Варшавада өткен сыйлықты тапсыру салтанатына АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенко қатысты.
Салтанатты шарада Порошенко Жемилевті "Ұлы украин батыры" деп атады.
СССР тұсында Қырым татарлары қуғын көрген кезде диссидент болған Мұстафа Жемилев соңғы кезде Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанына ашық қарсы шыққан.
Қырым тұрғындарының 12 пайызын құрайтын татарлар (300 мыңға жуық) наурыз айында аймақ мәртебесін анықтау туралы өткен даулы референдумға бойкот жариялаған еді.