Жексенбі, мамырдың 18-і күні Қырым татарларын жаппай депортациялау оқиғасына 70 жыл толады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қырым татарларына неміс және румын оккупанттарымен астыртын байланыс орнатты деген айып тағылды. Жер аударылған Қырым татарларының 40 пайызы қаза тапты. 1950 жылы депортацияға ұшыраған басқа халық өкілдеріне тарихи отанына қайту құқығы берілді. Ал Қырым татарларына ресми түрде 1974 жылы, іс жүзінде 1989 жылы ғана атамекенге қайтуға рұқсат етілді.
Жыл сайын мамырдың 18-і күні Қырым татарлары депортация құрбандарын еске алу шарасын өткізеді.
Азаттық: - Қырым татарларын жаппай депортациялау оқиғасына 70 жыл толуына орай Қырымда өтетін шарада ерекше оқиғалар бола ма?
Мұстафа Жемилев: - Депортацияны Қырым татарлары ешқашан ұмытпайды. Бұл күнді әлемнің татарлар тұратын барлық елдерінде елеусіз қалдырмайды. Қырымдағы басқыншы билік шараға тыйым салмады. Керісінше, өздері де қатысамыз деді. Олар Қырым татарларының қайғысына ортақ екендерін білдіргісі келетін сияқты. Бірақ Меджлис Қырым татарларын қолдамайтындардың еске алу шарасына қатысуына тыйым салды. Осылайша, аздаған кикілжің райы байқалады.
Азаттық: - Қырым татарлары Ресейдің Қырымды қосып алғанына қалай қарайды? Меджлистің қазіргі билікпен жұмыс істеу мүмкіндігі бар ма?
Жемилев: - Ресей билігі Қырым тұрғындарының бәрінен Ресей азаматтығын алуды талап етіп отыр. Қырым татарлары Ресей азаматтығын қабылдағысы келмейді. Ал ресейлік төлқұжаттан бас тартқандар қазір шетелдік саналады.
Азаттық: - Қырымның қазіргі билігі Меджлистің қызметін тоқтатады деген қауіп қаншалықты шындыққа жанасады?
Жемилев: - Совет билігі біздің ұлттық қозғалысымызды мойындамай, оны Совет Одағына қарсы, экстремистік ұйым деп таныған еді. Қазір де сондай жағдай қайталанып отыр. Бірақ Меджлис жұмысын бұл жағдайларға қарамастан жалғастыра береді. Олар тыйым салса да, қаншалықты қиын болса да, қызметімізді тоқтатпаймыз.
Қырым телеарнасы сауалнама жүргізіп, адамдардан «Меджлиске тыйым салса, ұлттық қозғалыс тоқырай ма?» деп сұрапты. Респонденттердің 12 пайызы ғана солай болуы мүмкін деп ойлайды.
Азаттық: - Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер тәуелсіз республика боламыз деп, билік мойындамаса да референдум өткізді. Қырым татарлары да жеке автономиясын құруды көздемей ме?
Жемилев: - Басында біз өзіміздің аумақтық автономиямызды қалпына келтірмек болдық. Оны Қырымда ғана емес, татарлар тұратын аумақтың бәрін қамтып, басымызды қоссақ дедік. Украина мен Ресей үкіметі біздің талабымызға құлақ аспады, олар қазір Қырымда негізінен этникалық орыстар тұрады дейді. Әрине, Сталиннің депортациясы мен геноцидінен кейін Қырымда татарлардың тек 14 пайызы қалды. Бірақ ол біздің өз жерімізді иеленуімізге кедергі болмауы керек. Өкінішке орай, ондай мәселе көтерілген жоқ, қазіргі оккупация кезінде автономия мәселесі шешіле қояды деп ойламаймын.
Азаттық: - Сіздің Қырымда үйіңіз бар, отбасыңыз тұрады. Қырымға баруыңызға тыйым салған билік өкілдері отбасыңызбен табысуыңызға мүмкіндік бермей отыр. Осы жағдайды түсіндіріп кетсеңіз.
Жемилев: - Әйелімді соңғы жолы бейтарап аймақта (Украина мен Ресей басып алған Қырымның шекарасында) көрдім. Ол онда бізді, отандастарды қарсы алуға келді, одан кейін көріскеміз жоқ. Совет Одағы кезінде де отбасыммен ұзақ уақыт көрісе алмаған жағдайлар болған еді. Енді тарих соншалықты дәлдікпен қайталанып жатыр.
(Наталья Голицынаның сұхбатын аударған – Динара Әлімжан)
Жыл сайын мамырдың 18-і күні Қырым татарлары депортация құрбандарын еске алу шарасын өткізеді.
Азаттық: - Қырым татарларын жаппай депортациялау оқиғасына 70 жыл толуына орай Қырымда өтетін шарада ерекше оқиғалар бола ма?
Мұстафа Жемилев: - Депортацияны Қырым татарлары ешқашан ұмытпайды. Бұл күнді әлемнің татарлар тұратын барлық елдерінде елеусіз қалдырмайды. Қырымдағы басқыншы билік шараға тыйым салмады. Керісінше, өздері де қатысамыз деді. Олар Қырым татарларының қайғысына ортақ екендерін білдіргісі келетін сияқты. Бірақ Меджлис Қырым татарларын қолдамайтындардың еске алу шарасына қатысуына тыйым салды. Осылайша, аздаған кикілжің райы байқалады.
Азаттық: - Қырым татарлары Ресейдің Қырымды қосып алғанына қалай қарайды? Меджлистің қазіргі билікпен жұмыс істеу мүмкіндігі бар ма?
Жемилев: - Ресей билігі Қырым тұрғындарының бәрінен Ресей азаматтығын алуды талап етіп отыр. Қырым татарлары Ресей азаматтығын қабылдағысы келмейді. Ал ресейлік төлқұжаттан бас тартқандар қазір шетелдік саналады.
Азаттық: - Қырымның қазіргі билігі Меджлистің қызметін тоқтатады деген қауіп қаншалықты шындыққа жанасады?
Жемилев: - Совет билігі біздің ұлттық қозғалысымызды мойындамай, оны Совет Одағына қарсы, экстремистік ұйым деп таныған еді. Қазір де сондай жағдай қайталанып отыр. Бірақ Меджлис жұмысын бұл жағдайларға қарамастан жалғастыра береді. Олар тыйым салса да, қаншалықты қиын болса да, қызметімізді тоқтатпаймыз.
Қырым телеарнасы сауалнама жүргізіп, адамдардан «Меджлиске тыйым салса, ұлттық қозғалыс тоқырай ма?» деп сұрапты. Респонденттердің 12 пайызы ғана солай болуы мүмкін деп ойлайды.
Азаттық: - Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер тәуелсіз республика боламыз деп, билік мойындамаса да референдум өткізді. Қырым татарлары да жеке автономиясын құруды көздемей ме?
Совет билігі ұлттық қозғалысымызды мойындамай, оны Совет Одағына қарсы, экстремистік ұйым деп таныған еді. Қазір де сол қайталанып отыр.