ПТР тестімен расталған дерек. Қазақстанда бір күнде 126 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Пандемия кезіндегі дәрігерлер.

29 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталған 126 науқас тіркелді. Вирус жұқтырған 74 адамда ауру белгілері болған, 52 адамда симптомдар байқалмаған.

Тәулік көрсеткіші бойынша, көш басында Шығыс Қазақстан (24 науқас) және Қарағанды (17) облыстары, Алматы қаласы (16) және Солтүстік Қазақстан облысы (12). Алматы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ешқандай науқас тіркелмеген.

Covid инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны – 105 684.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. 1-28 тамыз аралығында пневмонияның бұл түрі 25 115 адамнан анықталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Бұл - ұят емес, шынайылық". Қырғызстан Covid пен пневмония дерегін қосты. Қазақстанға не кедергі? Қазақстан симптомы жоқты COVID-19 статистикасына қоспай отыр. Пандемия салдарын жұмсарту емес пе?Елде бір күнде 6407 науқас тіркелді, бірақ билік оның 1226-сын ғана Covid есебіне қосты