Мұсылман қауымы үшін жексенбіде Меккеге қажылық сапар басталды деп хабарлады саудиялық "Ихбария" телеарнасы.
Қажылық сапар екі жыл қатарынан коронавирус індетіне байланысты шектеулі түрде жүріп жатыр. Биыл бұл іс-шараға тек жергілікті тұрғындар мен Сауд Арабиясында тұратын шетелдік азаматтар ғана қатыса алады.
Биыл 60 мың адам ғана парызын орындай алады. Пандемияға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 миллионға жуық мұсылман баратын. Саудия билігі маусым айында зияратқа 18-65 жас арасындағы COVID-19-ға қарсы екпені толық алған азаматтарға ғана рұқсат берілетінін жариялаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Тәжік әйел қажыға баруға жиған ақшасын вируспен күреске жұмсадыОлимпиада, Еуро-2020, қажылық. Covid кесірінен өтпеген шараларЭр-Рияд вирусқа байланысты 7 елге виза беруді доғарды. Арасында Қазақстан да барҚажылыққа діни басқарманың рұқсатынсыз кеткен өзбек азаматтарын арнайы қызмет тергедіҚырғызстанда әйелдерге өз бетімен қажылыққа баруға рұқсат берілді