Тәжікстан денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елде коронавирустың "дельта" штамы тіркелгенін растады. Бірақ министрліктегілер жалпыұлттық карантин жариялаудың қажеті жоқ деп есептейді.
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Гафур Мухсинзода Тәжікстанда коронавирустың "дельта" штаммы бар деп мәлімдеді. Ол бұл штаммның көрші елдерде барына сүйенген. Оның айтуынша, сынақ нәтижелері Лондондағы зертханаға жіберілген.
Гафур Мухсинзода 26 шілдеде Душанбеде өткен баспасөз конференциясында коронавирус жұқтырған науқастардың әрбір бесіншісі қатты ауырады деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, билік жағдайды аса күрделі емес деп есептейді, сол себепті қосымша карантин енгізілмейді.
Биыл наурызда Үндістанда коронавирустың "Дельта штамм" деп аталған жаңа түрі анықталған. Ол әлемнің кем дегенде 111 еліне тарады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы елде 14 592 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 117 адам қайтыс болған. Дегенмен сарапшылардың дені ресми мәліметке күмән келтіреді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Тәжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды деген ақпарат тарадыТәжікстан Covid екпесін салдыруды міндеттеуге көштіОрталық Азияда Covid өршіп тұр, Ташкентке кіруге шектеу қойылдыТәжікстан билігі індеттің кетпегенін мойындадыТәжікстанның жеке зертханаларында тәулігіне ондаған адамнан ковид анықталып жатыр, билік теріске шығарады