14 қыркүйекте 2 930 адамның коронавирус тесті оң шықты. Денсаулық сақтау министрлігінің 15 қыркүйек күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.
Алматыда - 612, Қарағанды облысында – 340, Нұр-Сұлтанда – 326, Алматы облысында 240 адамнан коронавирус анықталған.
Індет басталғалы бері 848 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 491-і қайтыс болған.
14 қыркүйекте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталды, кейінгі екі аптада ауру өсімі 35 пайызға азайды деп мәлімдеген. Министрдің айтуынша, соған байланысты 25 тамыздан бері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында 57 стационар жабылған.
Дүйсенбі, 13 қыркүйекте Қазақстанда коронавируспен байланысты 77 адам өлімі тіркелді: 64 адам – коронавирустан, 13 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.
Қазақстан 2020 жылдың 1 тамызынан бастап ПТР тесті теріс шыққан, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын "ковидтектес пневмония" есебін жүргізіп келеді. Осы күнге дейін пневмонияның бұл түріне 73,1 мың адам шалдыққан. Оның ішінде 4700 адам аурудан айыға алмай қайтыс болған. 13 қыркүйекте 302 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды.
Қазір шамамен 75 мың адам коронавирустан емделіп жатыр, 14 мыңы стационарда жатыр.
19 миллион халқы бар Қазақстанда үкімет 10 миллион азаматқа коронавирус вакцинасын салуды көздеп отыр. Бүгінге кейін дейін екпені 6 млн-ға жуық адам толық алған. Бұдан бөлек, 1,1 млн адам вакцинаның екінші дозасын күтіп отыр.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде 225 млн адам коронавирусқа шалдыққан, 4,6 миллионы қайтыс болған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Ақтөбеде Covid жұқпағаны жайлы анықтаманы сатты деп айыпталған дәрігерге үкім оқылдыМоңғолия вакциналау бойынша көп елден озып кетті. Оған екі нәрсе көмектестіМинистр Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанын айттыАлматы облысында 2,5 мың оқушы карантинге жіберілдіҚазақстанда коронавирустың беті қайтты. Тәулігіне 3 мыңнан астам адам жұқтырып жатыр