Accessibility links

Қазақстанда коронавирустың беті қайтты. Тәулігіне 3 мыңнан астам адам жұқтырып жатыр


Коронавирус орталығы.
Коронавирус орталығы.

12 қыркүйекте Қазақстанда 3088 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл шілдеде індет ушығардың алдында тіркелген көрсеткіштермен шамалас. Қазір коронавирустың беті қайтқан.

Өткен тәулікте Алматыда 719 науқас анықталды. Бұл республика бойынша бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Қарағанды облысында – 379, Нұр-Сұлтанда – 325, Алматы облысында – 218, Павлодар облысында 204 адамның коронавирус тесті оң шыққан.

Қазір 8 облыс пен үш қала "қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Алматы облыстары.

Бес аймақ: Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары аймақта". Түркістан облысы ғана "жасыл аймақта" тұр.

2020 жылдың наурыз айынан бері 842 мың адамның коронавирус тесті оң шыққан, 10 354 кісі қайтыс болған. Бұған коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ өзге аурудан қайтыс болды деген 2633 адам кірмей қалған.

Қазақстан 2020 жылдың 1 тамызынан бастап ПТР тесті теріс шыққан, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын "ковидтектес пневмония" есебін жүргізіп келеді. Осы күнге дейін пневмонияның бұл түріне 72 796 адам тіркелген. Оның ішінде 4677 адам аурудан айыға алмай қайтыс болған.

Қазір 78 мың адам коронавирустан емделіп жатыр, 16 мыңы стационарда жатыр.

19 миллион халқы бар Қазақстанда үкімет 10 миллион азаматқа коронавирус вакцинасын салуды көздеп отыр. Бүгінге кейін дейін екпені 5,9 млн адам толық алған. Бұдан бөлек, 1,1 млн адам вакцинаның екінші дозасын күтіп отыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде 222 млн адам коронавирусқа шалдыққан, 4,6 миллионы қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG