The Sun: Ресей тыңшылары AstraZeneca вакцинасы туралы мәліметтерді ұрлаған

Британ үкіметі кибершабуыл және зияткерлік меншікті ұрлау жөніндегі кез-келген ақпаратты қалт жібермейді. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрінің өкілі The Sun басылымындағы мәліметтер бойынша жауап беріп жатып айтты.

Ол арнайы қызметтің ісіне қатысты сұрақтарға жауап бермейтінін айтып, Ресейге ешқандай айыптау тақпады.

Бір күн бұрын The Sun басылымы ресейлік тыңшылар AstraZeneca компаниясының коронавирусқа қарсы вакцина өндіру формуласын ұрлап кеткенін, ол кейін "Cпутник V" вакцинасын өндіру үшін пайдаланғанын хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, бұл туралы арнайы қызмет жақында британ үкіметіне мәлімет берген.

Британдық және ресейлік вакцина екеуі де аденовирустық екпе болып есептеледі, әзірленуі де ұқсас. Бірақ AstraZeneca-ның "Cпутник V" вакцинасынан айырмашылығы - шимпанзе аденовирусы негізінде әзірленген. "Спутник V" Ресейде 2020 жылдың тамызында, AstraZeneca Британияда желтоқсан айында тіркеуге алынған.

Былтыр батыс елінің арнайы қызметтері вакцина туралы мәліметтер алу үшін ресейлік хакерлер кибершабуылдар жасағанын мәлімдеген.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жоғарыдағы мәліметтерге қатысты жауап беріп жатып, "The Sun ғылыми емес басылым" деген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Израильде Covid екпесінің үшінші дозасын салдыруға деген қысым күшейдіАҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын егу науқаны басталдыМоңғолия вакциналау бойынша көп елден озып кетті. Оған екі нәрсе көмектестіИзраиль 12 жастан асқан тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат бердіӘлемде коронавирус вакцинасының бес миллиардқа жуық дозасы салынды