12 қазанда Нұр-Сұлтанда тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының он шақты мүшесі Ұлттық банкке барып, несие амнистиясын талап етті. Олар екінші деңгейлі банктерді "жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие беріп, халықты қарызға батырды" деп айыптады.
- Бұл банктер кімдікі? Тек қана олигархтардың банктері. Халыққа қызмет істесін. Неге триллиондаған ақшалар банктерге бөлініп жатыр? Неге оны халыққа бермейді? Бұлар тек өздерін ғана ойлайды. Ал бұл біздің еліміз, жеріміз. Біз ешкімді ұрлап, тонап жатқан жоқпыз. Олар біздерді ұрлап-тонап жатыр. Керісінше банктер халыққа қарыз. Халық қарыз емес. Әрбірден кейін біз өзіміздің берген қарызымызды талап етуге келдік. Бүкіл халықтың қарызы кешірілсін! Өзге мемлекеттерден 1-2 пайыздық мөлшермелемен алады, ал бізге 37-40 пайызбен береді. Бұл сұмдық қой, - деді партия өкілі Майра Ғабдуллина.
Жиналғандар халықтың жағдайы нашарлағаны соншалықты кей адамдар "тамақты да несиеге алып отыр, бұл елдегі жағдайдың нашарлығын көрсетеді" деді. Олар бұрынғы президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отставкасын талап етті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жетекшісі Мадина Әбілқасымова, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев келсін деген талап айтты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Мәди Сарбөпин "қойылған сұрақтар қаржы нарығын дамыту агенттігіне арналады, оның басшысы Алматыда отырады" деді. Бірақ жиналған топ тарамады. Азаттық тілшісіне банк қызметкерлерінің бірі Досаевтың іште екенін айтты. Бірақ оқиға орнына ол келмеді.
Жиналғандардың кейбірі "қазақты кедей қылған Назарбаев пен оның отбасы" деп айқайлады. Олардың қолында "Назарбаев пен Тоқаевтың қазаққа керегі жоқ" деген плакат болды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүрді.
"Демпартия" өкілдері несие амнистиясын бұған дейін де талап еткен. "Кейбір адамның 4-5 несиесі бар. Адамдар оны амалсыздан алды. Кейбірі оқу ақысын, кейбірі пәтерақысын төлеу үшін алған. Ал төлей алмағандардың мүлкін, картасын банк бұғаттап жатыр" деп мәлімдеп, халық қарызын кешіруді талап еткен еді. 2019 жылы президент жарлығымен 500 мыңнан астам адамның 300 мың теңгеге дейін несиесі кешірілген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Өзгермейтін" Назарбаев, "әлсіз" Тоқаев, "тұрақсыз" Дариға. Қазақстандағы билік транзиті туралы сарапшы пікіріНесие алатын да, алған соң төлемейтін де көбейді. Бұған тек пандемия кінәлі ме?Жанболат Мамай: "Биліктің 13,5 млрд долларды қайда жұмсағаны жұмбақ"