Мирзияев ант қабылдап, президенттіктің екінші мерзіміне кірісті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев ант қабылдап, президенттіктің екінші мерзіміне кірісті. 6 қарашада Ташкентте өткен салтанатты рәсім кезінде ол Конституция мен Құранды ұстап тұрып, ант берді.

Мирзияев 24 қазанда өткен президент сайлауының жеңімпазы танылған. Батыс бақылаушылары сайлаудың бәсекесіз өткенін айтты.

Ресми мәлімет бойынша, 64 жастағы Мирзияевқа сайлаушылардың 80,1 пайызы дауыс берген. Онымен бірге сайлауға қоғамда аса танымал емес, билікшіл төрт кандидат қатысқан. Билік үш оппозициялық партияға тіркелуге және кандидаттарының сайлауға қатысуына рұқсат бермеді.

Шавкат Мирзияев 2016 жылы авторитар басшы Ислам Каримов қазасынан кейін президент болған. Жаңа басшыға көп үміт артылды. Мирзияевтің өзі де көп уәде берді, мәселен елде ірі саяси және экономикалық реформа жүргізетінін жариялады, бірақ сыншылар оны уәделерінің басым бөлігін орындамады деп сынайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Шавкат Мирзияев қайта сайланды. Өзбек жұртын енді не күтіп тұр?Шавкат Мирзияев берген уәделерін қаншалық орындады? Мирзияев һәм Назарбаев-Тоқаев тандемі. Өзбекстан Қазақстан салған сүрлеуге түсті ме?"Авторитардың ізімен". Мирзияевті "ұлт көшбасшысы" деп атауды ұсындыОрталық Азия басшылары қарсыластарын сайлаудан қалай шеттетті?